20.07.2022
  122


Автор: Баян Тіленшина

Сенім қайда...

Сенім қайда? Мақсатың сенің қайда?
Ақылдасың қайда жүр осындайда?
Өкпе тұстан өсек кеп өңмеңдесе,
Парасатың парқыңа қосылмай ма!
Қажет саған адал дос осындайда,
Осындайда сыр мен жыр қосылмай ма?
Құйын сезім ап қашса ақылыңды,
Сабырыңды қоясың сосын қайда?
Сырт бергенмен сенімге бір құс-елес,
Елес қуып кетуің мүмкін емес!
Салихалы ой егіз тектілікпен,
Бақыттылық тек қана күлкіде емес!
Сенім қайда? Танымың тозғаны ма?
Тағылым-тау құм сусып, боздады ма!
Көріп тұрып сенбеймін, періштеден
нақ сайтанның мықты боп озғанына!





Пікір жазу