20.07.2022
  91


Автор: Баян Тіленшина

Иба

Өзіме сені қимадым,
Өмірге сенсіз симадым.
Тіршілік теңдес Тілегім,
Тәуекелге қиғаным.
Төзіміме сиғаным –
Табиғаты-ау ибамның.
Қақ жарылып жүрегім,
Ұлым мен Саған сыйладым.
Күндерде бірге жүрмедім,
Көңілімде өмір сүргенмін,
Отызға жетпей «жан кешкен»,
Жүрегім жап-жас, сүр менің.
Таза емес жермен жүрмедім,
Өзіме өзім түрмемін,
Өлшемім - Өзің, тұз, дәм, нан,
...Сонда да тілді күрмедім.
Ғашықтың тәтті азабы,
Сен болып өлең жазады.
Күншілдер пыш-пыш бал ашып,
Қоқыстан іздер тазаны.
Жастық шақтың баз әні,
Жанымның пейіш, тозағы.
Жанарымдағы қарашық,
Мәңгіліктің назары.





Пікір жазу