20.07.2022
  240


Автор: Эудженио МOНТАЛE

ПЬЕСА

Пьеса жайлы таластың отын тобыр көсеуде:
Бір актілі,
үш бөлім,
бөлімі, әлде бесеу ме?
Бақытты боп біте ме?
Әлде соңы қайғылы?
Лақап ат сыртында автор тұр ма әйгілі?
Лақап ат болса бұл,
ал, тіпті, автор жоқ шығар? –
Шығарманы бірнеше адам жазған боп шығар.
Рұқсатпен кіргендер, –
олар мүлде көп, тегі,
Билеттілер және бар,
парламенттің бектері. –
Көтере алмай жүрмей ме осыншама салмақты? –
Құлап түссе қайтеміз амфитеатр – шаңбақты?
Көрермендер көретін шын түс пе, әлде жаңғырық? –
Уақытша кіре ме?
Көре ме, әлде мәңгілік?
Шын өмірдің бұл жерде қойыла ма сауалы? –
Табыла ма бәріне,
жоқ па мүлде жауабы?
Біреу айтты:
театрға актер керек емес, – деп,
Көрерменнің қажеті бар ма? – деп те кеңеспек.
Біреу айтты,
бұрын да бір-жар көріп байқаған:
Демеушілер болмаса,
қойылмас ед қайтадан.
Қайта қою мынаны сахнаға обал-ақ,
Деп қуанып қояды,
әлдекімді табалап.
 Перде түскен,
ал автор білімсіз деп өсектер,
Директорын театрдың кертартпа деп есептер.
Касса алдында зор кезек күтер,
білмей қажуды:
«Барлық билет сатылып кетті» деген жазуды.





Пікір жазу