20.07.2022
  341


Автор: Эудженио МOНТАЛE

НӨСЕРДЕН СОҢ

Қолтаңбалар – ізі сынды тауықтардың шымға басқан,
Бір таңбаның иесін іздеп, ойым менің мүлде адасқан.
Бал ашсаң да,
ашпасаң да еш пайда жоқ қарсы ағыстан,
Бәлкім, мұнда із қалдырған үйрек шығар шаршап ұшқан.
Бұл ойыннан ұтыламын,
ешбір сан жоқ ұпайымда,
Бұл жазуды шеше алмайды, мен түгілі қытайың да.
Астан-кестен қылмайды ма, топан-дария ақса, – көлді! –
Барлығын да өшіреді жел сәл ғана соқса болды.
Табиғатты мылқау деме, –
сансыз сыр бар базарында,
Үміттену ғана қалды:
болсақ-ау деп, –
назарында.





Пікір жазу