20.07.2022
  261


Автор: Эудженио МOНТАЛE

ЖЫЛДЫҚ МЕЙРАМ

Сен туғалы кеңіп кетті өрісім,
Түлкім менің,
дұға қылам сен үшін.
Азабымды ұмыттырдың,
айуаным,
Алажолақ әдіптеген терісін!
Кеше ғана отқа оранды байтағым,
Шатырларды соққылады сойқан үн.
Тынысымның сәулесінде мен сенің
Өсімдіктей өскеніңді байқадым.
Бөгеттерді бұзып өтіп,
сыйынам,
Бар жан үшін таттым Тәңір сыйынан.
Адамда енді шаруасы жоқ Құдайдың,
Һәм қанда да бұтақтарда ұйыған.





Пікір жазу