20.07.2022
  93


Автор: Эудженио МOНТАЛE

КЕКІЛ

Қозғама оны, тұрсын солай маңдайың,
Кекілің бар еңбегіңде туғалы,
Жол үстінде мендік аспан туралы
Жүректерге тынбай айтсын әрдайым.
Түсті маған білезігің сәулесі,
Пәк махаббат алар ма екен мені еске? –
Түсім толып кетті безгек-елеске,
Бизар қылып бүлік әлем әуресі.
Сәуле тегін түспегені жүрекке,
Дүниені дүрліктірген құл кілең,
Тірі өліктер әлемінде мүлгіген –
Жүрген жерің оранса егер жібекке.
Сенің онда бекер емес сапарың,
Төктің, кезбе Артемида*, балдай үн.
Және сенің тым мазасыз маңдайың
Түнекті емес,
таңдады таң шапағын.





Пікір жазу