20.07.2022
  104


Автор: Эудженио МOНТАЛE

Қамыс...

Қамыс
– жібек желпуішін алқызыл,
Көктеміне қош
-қош айтып бұлғап тұр.
Қара өзенді

тулап жатқан таңғы жыр
Инеліктер әскері кеп тыңдап тұр.
Тұмылдырық киген төбет ұғымсыз,
Өте алмай тұр сыңсыған кіл тікеннен.
Бөтен дүние;
Тас та,
гүл де тұр үнсіз,
Тымырсық күн

құлағы тас бітелген.
Тау да аласа,
Қысыр бұлттар босқа әуре,
Жүрдек уақыт түтіп отыр төзімін.
 Тоғысады алыстағы қос сәуле
Қиығында оның жұмбақ көзінің.





Пікір жазу