file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  20.07.2022
  177


Автор: Артюр Рембо

Мәңгілік

Оған сый мынау бұйырған!
Қандай сый?
Ие:
– Сәт осы

Мәңгілік!

Онда қ
иылған
Теңіз бен Күннің некесі!
Әруағым, саған шағынғам,
Күзетке тұрып байқа да,
Сөнген түнек пен
шағылған
Шапақтың сөзін қайтала.
Ықыласын барлық адамның,
Құштарын бүкіл ынтаның
Ысырып тастап
Ғаламның
Шығанына сен шырқадың.
Өйткені
, Ұлық Парыздың
Алауы бізді шарпып тұр.
Киесіне елтіп аңыздың, Тыйылған сөзден бар түпкір.
Жоқ
, тіпті
, үміт елесі,
Дұғалардан да түк қалмас.
Білім мен Сақтық сені осы
Азаптан бір сәт құтқармас.
Оған сый мынау бұйырған!
Қандай сый?
Ие:
– Сәт осы

Мәңгілік!

Онда қ
иылған
Теңіз бен Күннің некесі!
(Май 1872)





Пікір жазу