20.07.2022
268

Мүсәпір арман
Бір жерлерде Ескі Қала
Күтіп тұр
ма, бәлкім, мені?
Шарап ішіп шалқыр ма еді!
–
Онда қарсы ап кешті дара,
Соғар ма ажал салқын демі.
Ақша бітсе жаныма аздап,
Қайғы қашып кіл кісәпір,
Оңға, солға жырды сапыр
–
Жөнелер ме ем тағы маздап?
О жоқ!
Арман
– тым мүсәпір.
Көп жоғалттым
– бердім әлді,
Қайта ие боп атағыма,
Аттансам да сапарыма,
Кіре алмаспын енді мәңгі
–
Жасыл Жыртқыш Жатағына.