20.07.2022
  107


Автор: Григол ОРБЕЛИАНИ

Қарлығаш құсап назарың...

Қарлығаш құсап назарың
Кезеді көктің аясын.
Назданып нәзік ажарың,
Гүл сынды қауыз жаясың.
Хош иіс бұрым, қайран сәт,
Шарап, қар, сосын бал-құшақ!
Тұр тұлғаң бақыт жайлы ән сап,
Аулаңдағы өскен тал құсап.
Шолам да нәзік бедерін,
Тым ащы жасты жұтамын.
Бәңгідей,
ұқпай себебін
Кешемін шаттық жұпарын.
18 октябрь 1832
Петербург.





Пікір жазу