20.07.2022
  66


Автор: Григол ОРБЕЛИАНИ

МИРЗАДЖАНҒА ҚАЗАНАМА

Бақыт па саған керегі?
Кетеді ол алдап соңғы сәт,
Тылсымға қамсыз тұншыққын, ғашық боп, ән сап мен құсап.
Махаббат пенен бал шарап жұқтырмас тұрмыс батпағын,
Бетпе-бет келіп тағдырмен, тар жолда күйреп жатпағын.
Шаттыққа бөлен салып ән, жанға да тәнге сол тыныш,
Сауықтың құрсаң шаһарын, кіре алмас оған қорқыныш.
Бұлбұлша сайрап, тымқұрса, ғаламның сырын анықта, –
Тек сонда ғана мен құсап жатарың анық табытқа!
2 октябрь 1832
Петербург.





Пікір жазу