20.07.2022
  117


Автор: Григол ОРБЕЛИАНИ

ҒАШЫҚТЫҚ ЖАЙЛЫ ШУМАҚТАР

1
Махаббат па?
Тәрік қылу барлығын!
Ол ұмытар, тіпті, Хақтың жарлығын!
Еш сағыныш, ешбір тілек, еш қайғы
Бүркей алмас санаңдағы жар жүзін!
 2
Сенгін маған:
құштарлықсыз тұл тірлікке қамалма, –
Мағынасыз түс көргендей ғұмыр кештің сен онда!
Шаттықтың да, бақыттың да, махаббаттың бал дәмін
Сезіне алмай өтерің хақ, мынау мұңды ғаламда.
3
Ей, махаббат, құлағың түр, ақырғы ірет жалындым:
Өнімімін буырқанған, аласұрған жалынның.
Құштар тілек теңізіне басты байлап, тас жұтқам,
Мәңгі маспын... сауықтыра көрме мені мастықтан!
4
О, тағы бір тыңдап сенен ескі өлең,
Тағы да бір жолықсам ғой кеште мен! –
Кешер едім шаттық өртін өшпеген –
Жер – әмірі,
Көк Тәңірі кешпеген!


(1832)





Пікір жазу