20.07.2022
108
БЕТХОВЕН
Шерлі сарын.
Сахна.
Жан мұздайды.
Күш керек.
Болған бұрын.
Мәңгі бола бермек бұл, –
Қартаяды бармақтарын тістелеп,
Ересектер жасын төгіп кермек кіл.
Ол музыка сәні болмас тойлардың,
Ол ғаламды күркіретер...
Бас қатып
Сондай өлең жазсам ғой деп ойлаймын,
Керек емес басқа түк.