20.07.2022
360
Оркестр үгіп тасты ана....
Оркестр үгіп тасты ана,
Барабан артып жанға зіл,
Қалыңдығымды басқаға
Ұзатып жатыр дәл қазір.
Контрабас та жұлқынса,
Нән дабыл үні – ызы-шың.
Періштелер –
әуен сәл тынса,
Жылайды солқ-солқ біз үшін.