20.07.2022
  366


Автор: Генрих Гейне

Сенен жауап күтіп...

Сенен жауап күтіп жүрмін, періштем,
Әлде, бәлкім, жатырсың ба ұйқыда?
Жазғы орманмен бейуақта мұң бөліскен
Бәңгі ақынның қарасайшы сиқына.
Түр-тұлғаңды, аяғыңды, бетіңді,
Сиқыр сәуле төгіп тұрған көз керім –
Жасау үшін бұл ғажайып қоқымды,
Әуре болма, жетпейді, ақын, сөздерің!
Сөзбен сомдап аждаһалар сәулетін,
Құбыжықты от шашатын ақырып, –
Жантүршігер кембағалдар әулетін
Біз, ақындар, жасап бердік қатырып.
Сенің, бірақ таңғажайып күлкіңді,
Сол сұрқия күлкіңде ғой әңгіме! –
Сұмырай қар, аспани түр-тұрқыңды
Еш бір ақын сомдай алмас – мәңгіге!





Пікір жазу