20.07.2022
167
Мен бүгін ән...
Мен бүгін ән
-қанат құсты ұқтым,
Еркешім, самғайық ертесін
–
Гангты, аспанын түстіктің,
Шарлайық арманның өлкесін.
Алқоңыр түске енген түрлері,
Бақтар бар ол жақта сиқырлы.
Айлы түн
–
Тұңғұйық гүлдері
Аңсайды апасын сүйкімді.
Шегіргүл тұрады жымыңдап,
Гүл қолын жұлдызға серпеді.
Жұпарлы шөптері сыбырлап
Гүлдерге шертеді ертегі.
Еліктер жақындап сақтықпен,
Тыңдайды самалдың күбірін.
Толқындар шығарып ақтық дем,
Алады арнада тынымын.
Пальмалар астында күт, күнім,
Қазір-ақ қасыңнан табылам.
Махаббат, тыныштық тұтқынын
Өңінде Түс торлар шадыман.