20.07.2022
152
ЛИРИКАЛЫ ИНТЕРМЕЦЦО
Мамырдың ғажап таңында,
Бөленген шақта гүлге әлем,
Бүр жарып сезім жанымда,
Ғашық боп сәтте тынған ем.
Шулайды құстар маңымда,
Мамырдың таңы
– ғажап таң.
Аяулы жанның жанында
Құтылдым шаршау, азаптан.