20.07.2022
  168


Автор: Генрих Гейне

Бесігісің бейнеттердің мен шеккен....

Бесігісің бейнеттердің мен шеккен,
Бейқам кешкен күндерімнің моласы.
Тентіренді тағдырыммен енші еткен,
Бақ тілеймін, мұңды ақынның қаласы!
Бақ тілеймін, сол бір орын киелі,
Есік алды, жұмбақ қыз–
Қасиетті үй еді,
Алғаш маған ұшырасқан қымбат жүз.
Бізге, бірақ кезікпеген жөн еді,
Тылсым ұғым ханшасы!
Аяушылық шақыра ма, себебі,
Тұнжыраған бозғыл жүздің баршасы?
Махаббатқа сыйыныппын мен бекер,
Арманымнан ажырасар келді сәт.
Тыныш қана өмір сүрсем нем кетер,
Еркіндікте сен құсап?!
Бірақ мені айдап жүрдің әрдайым,
Зәрлі сөзің жан
-жарамды дәл қасып.
Дерт деп білдім жоғалтудың қандайын,
Кете жаздап ақылымнан алжасып.
Әлсіз, дертті қалпымда енді, ет өліп,
Сандырақтап, асатаяқ аламын.
Пана табам
– кеудемді әрең көтеріп
Арасынан мүлдем бөтен моланың.





Пікір жазу