20.07.2022
  141


Автор:  Джон КИТС

ГРЕК ҚҰМЫРАСЫНА ОДА

 


I
О қатал тыныштықтың қалыңдығы,
Сәбиі– ізсіз уақыт ұйығының,
Жоғалып бағзы күннің дабылды үні,


Айтылмыш сөзде қалған биік ұғым!
Өлген күн нені айтады, сөнген майдан?
Сөзге арқау–құдайлар ма өлі бейне?
Жоқ, әлде Темпей, Арқад шабындығы?
Ес-түссіз бұл құштарлық келген қайдан?
Қуа ма пәк қорқыныш сабырды ұлы?
Тылсымнан сыбызғы үні еңірей ме?
II Ескі әннің нәзік үні тұр естіліп,
Естілмей қалғандары, тіпті, нәзік;
Сыбызғы, азат әуен үлестіріп,
Жанымды жаулап алшы! Бітті қажып.
Бұл әнді үзе көрме, төгілер жас,
Астында жапырақтар күмбезінің
Беу, жастық, сәтке, сірә, қоштасар ма?!
Ғашық
-құл! Әттеген
-ай, діл
-көзі мұң,
Ешқашан тілегіңнің шөлі қанбас,
Ерніне жете алмайсың ешқашанда!


III
Жұнтталған жапырақпен мәңгі жасыл,


Көшпейді салтанаты көктеменің!
Бақытты күйші төгер әнді де асыл,
Әуені тозбас сырға бөккен оның.
Бақытқа кенелді әбден сағынған жан!
Еш күш жоқ оны жолдан ұстар бүгін,
Жырлайды жаз дірілі уыста ана!
Аласа
– алдында бар құштарлығың,
 Артына не қалдырар қабынған қан? –
Мыйдағы – өрт, жүректегі қуыс қана.
IV
Бұл абыз кім болды екен, айбаты – жат,
Қастерлі үрейімен жаулап алған?
Тобырды асықтырған қай меһраб,
Барады гүлдер көшіп аулалардан?
Тып-тыныш тастап шықты ел тұл қаланы
Ұрмаққа Жаратқанға құлдық таңнан, –
Тас түк те айта алмайды – керең қайғы.
Бос көше тыныштықта мүлгіп қалған,
Жөңкіліп көшіп жатыр жылдар әлі,
Ешкім де, бірақ қайтып оралмайды.
V
Ұлы мұң! Ұлық әлем! Ұлық қайғы!
Бас ұрған мәрмәр біткен мәңгілікке!
Сап-салқын қастерлі жыр құрықтайды!
Біз мәңгі жегіп қойып жанды жүкке,
Кетеміз, біздің қайғы, азабымыз
Сіңеді кейінгіге, сірә, қайтып,
Топталып келеді алға қиырдағы,
Қалтқысыз кет оларға мынаны айтып:
«Шын ғажап – шындық, сонда – ғажабыңыз,
Тірлікте осы ғана – бұйырғаны».
Май 1819 (2012 жылдың 4 шілдесінде аударылды)





Пікір жазу