19.07.2022
  244


Автор: Баян Тіленшина

Мамытбек Қалдыбайұлы ағаға арнау

Толқытып теңіз маржанын,
Тілектес таптың қанша мың!
Аяз бен аптап өзгертпес,
Мінезін естеп аршаның,
Жаныңа демеу болды ма,
Күмістей асыл жан- жарың!?
Жан аға, неден торықтың,
Бір басың өнді болып мың!
Қопарып тарих тауларын,
Қаламмен жауһар қорыттың!
Пенделер аңсар жұмаққа,
Тіріңде мың- сан жолықтың!
Бәйдібек бабаң арманын,
Шежіре етіп толғадың,
Бабалар рухын көтеріп,
Биікке бірге самғадың!
Екпін алып сіздерден,
Сол жолды мен де таңдадым.
Әр жұлдыз салған әр ізді,
«Құс жолы» шоғы тәрізді,
Рухани өрнек жаңғыртып,
Жалғармыз санат –дәлізді.
Сүйеніп жанар ағаш та,
Жалындау бірге парыз- ды.
Тасымай бақтан төгіліп,
Күйбеңге қалмай көміліп,
Кәусарлық дәнін еккенсіз,
Нұр соқаға жегіліп,
Рух берді әкем, Бауыржан,
Көрмеген әсті жеңіліп.
Шынайы қандай тілегің –
Бауыржан ұлың –жүрегің,
Азамат жалғап жолыңды,
Нүрилаң бірге жүретін!
Бекасыл –әулие нағашың,
Аян боп болжам білесің.
Пендені естен тандырып,
Атыңды айтар ән тұнық,
Ұрпағыңмен нұрлансын,
Өмір жолың жаңғырып,
Қазақтың тау, көл, даласы,
Ұмытпасын мәңгілік!





Пікір жазу