Бақытжан Алдиярға
Нүктесін телефонның баса берме,
Апаңмын, ұлы әдептен аса берме
Айтамын айтар болсам айдан анық,
Мен емес өзгеретін таса жерде..
Сенгіштік – кемшілігім өзім білер,
Қорқақ пен мүсәпірге қоса көрме.
Қыз мінез, бірақ, қынды қылыштаймын,
Баж- бұж деп сөз саптасып ұрыспаймын,
Бетіне қарамаймын дүниенің,
Тобықтан төмендерге жұғыспаймын.
Намысқа басын тіккен өрлігім бар,
Қызғалдақ қыз ғұмырын пір ұстаймын.
Семірер қаз орғанға тойғанға емес,
Жанымды жаралайды аяр елес,
Мен мүмкін мүшелікке жарамаспын,
Кім сонда Оңтүстікте Айға шенес??
Мархабат, Нәмет аға, Тұрысовтың,
Кепілі нөл болған ба?!
Берші кеңес.
Түсініп, тура сөзге тұра аламын,
Жігіттен кемдігі бір пір анамын,
Адалдық «кемшілігім» білгің келсе,
Себебім құлаған мен жылағанның.
Ғұмар мен Қарабидің ұрпағымын,
Сондықтан, бекіремен бір ағамын.
Бір бейбақ мүсәпірсіп көндірсе де,
Бір көлік құнын алып сендірсе де,
20 жыл алдағанның күйе ізіне,
Ақ ұннан пісіремін күйе күлше,
Одаққа қандай жолмен кім тіркелді?
Ел білсін, күліп алсын кімге күлсе.
Қазақтың бақыты мен жанымысың?
Қаламсап өзегінде қанымысың?
Атыңа сай ақын боп қалыптасшы,
Ұлыстың руханиятқа танымы ұшін.
Оңтүстік –түркі елінің жан –жүрегі,
Қуансын алаш сенің барың үшін.
Белгісін мас адам мен қашағанның,
Таңбалап өзі қойған жасағанның,
Сұрайсың «мен кіммін» деп не себепті,
Көргем жоқ, нендей пікір қоса аламын!?
Одақтың мөрі бар деп өтінген ем,
Таба алар жерімді айтшы, бас адамым.
Негізін бұл Одақтың Ғұмар салған,
Алаштың ардақтысы, ақын, тарлан,
Қасқырға қой бақтырған кезең туып,
Ұрпағы сол Ғұмардың жерде қалған!
... « 4 кітап қосып жаз» деп өтініп ем,
Бір жауап не десең де айтшы, қалқам!