19.07.2022
  1666


Автор: Баян Тіленшина

Алматқа 50 жас

50 дей ме?
50 –ге кеп қалдың ба?
Екі өңгеріп 25 көкпарын да?
Жүруші едің көрінер –көрінбес боп,
Бабаң жаққа апарар көк шалғында!
Алмас, Алмат аттарын қойған да мен,
Арман кездің арқырап Айдан төмен,
Серік, Қайбар, Қайсардың мойнында өссем,
Лауазымым кем болсын қайдан төмен!
50 деген – үш 15 аздап асқан,
Жетеді ме от жүрек маздамастан!
Саған жеткен 50 –дің жемісіне,
Күз қызығып, жәннәтті жаз таласқан.
Үйге еніп Венера – таң шолпаны,
Жұлдызай мен Айсәулежан қонғаны!
Қандай ғажап қанатты ат мінетін,
Бір Азамат үйіңде бар болғаны!
Марат құдаң бастаған Бақытжан бар,
Кімнің болсын көңілін табатын нар!
Екі қызың кеңейтті өрісіңді,
Енді келсін Сиқымды табатындар.
Қайсар әкең, Шәрипа анаң – кие,
Рухы тірі, рухтарды мәңгі сүйе!
Құтты болсын 50 жас,
мың жасай бер,
Бұл тілекті көтерген ат пен түйе.
Қыз қыдырың – Гүлзира, Ақбөпешің,
Қыдыр – қызды көтерер бақ төбесің!
Ата болған түріңнен айналайын,
Қара бала, жүрегі ақ көкешім!





Пікір жазу