19.07.2022
6149
ЖАНАТ ӘПКЕМЕ 50 ЖАС
Бір үйдің жасыл байрағы,
Айтылар сөздің байламы.
Көтеріп көкке құрметтер,
Қайнардың түгел жайдағы.
Тотыдайын таранса,
Қыз-Жібектей жайнады.
Әзілден-әзіл жарасса,
Сөздерді табар қайдағы.
Көңілден-көңіл нәр алса,
Сандуғаштай сайрайды.
50-ге келіп қыз Жанат,
Күліп тұр күндей жайдары.
Әмірі сол бұл уақыттың,
Тауыпты Жанат Бақытын.
Өркендеп Медеу, Перизат,
Өсірді өмір шабытын.
Бесікке салып Сабырды,
Іздеген жоғы табылды.
Ән туып күміс көмейде,
«Арманым өзің» демей ме?
Білеу боп туған біреуді
Әруақтар қолдап, жебей ме?
Содан соң тапқан Бейбітің,
Күн менен Айың емей не?
Жылдардан жылдар озады,
Дүние-тас бәрі - тозады.
Жансерік, болған жездекем
Баянды болып бақтарың,
Ұл-қызың, туыс, ел-жұрттың,
Мақтаны болсын аттарың.
Жамандық көрме жалғанда,
Қалғанша түсіп жақтарың.