19.07.2022
2679

Тельман Қонаев жезде 70-те
Қияқ қара мұрты бар,
Қарлығаштай жылтылдар,
Аты Тельман болғанмен,
Қазақ деген ұлты бар.
70 жасқа келсе де,
Спортсмен тұрқы бар.
Очкиі бар көзінде,
Мөр басылар сөзінде,
Ән салудан хабарсыз,
Бірақ, биші сезімде,
Еңбекпен егіз жаралған,
Тұрқы толған төзімге.
Әр істі терең байыптайды,
Жалқауларды айыптайды,
Жанына жақын жүргенді,
Тәртібіне лайықтайды.
Не айтса да сене бер,
Бір өтірік айтпайды.
Жігіттік жастан өттіңіз,
Мерейлі шаққа жеттіңіз,
Бибігүл, Сәуле, Мұрат деп,
Талай терді төктіңіз,
Рахат көріп ұл- қыздан,
Алыңыз енді кө-ө-п тыныс.