19.07.2022
  1757


Автор: Баян Тіленшина

ҚАЙБАР КӨКЕМЕ АС БЕРГЕНДЕ

Тарихқа бір сәт қараңыз;
Өткен күннің бәрі аңыз.
Топырақтан жаралып,
Топыраққа барамыз.
Жел бесік пен жер бесік,
Өмір-ау деген арамыз.
Сырт-сырт соғып сағаты,
Сырғиды Уақыт табаны,
Өмір өзен толқыны,
Ұрғылайды жағаны.
Бесікке тиген арқамыз,
Табыттың шаңын қағады.
Мінезі жібек жайдары,
Тіленші бидің айдары,
Жол таппай кісі тұрғанда,
Сөздерді табар қайдағы.
Еске алып, елі ас берген,
Ардақтаған Қайбары.
Бүгінде 70 кезекте,
Тойланды деп есепте.
Бөлек өткен бес жылда,
Ойлады деп есепте.
Істерің жатыр жаңғырып,
Кірмейсің жоқтық есепке.
Үкілеп өскен ұл едің,
Бергендей Аллам тілегін.
Ұл-қызың, туыс, Мәгидаң,
Өзіңмен қосқан жүрегін.
Сондықтан, көке, өзіңді,
Тірі деп мәңгі білемін.
Жұмақтан болсын орының,
Өмірден қайтсын толымың.
Қорғаушы рухы өзің бол,
Ұл-қызың жүрген жолының.
Қабыл болсын ниеті,
Жайылған халық қолының.





Пікір жазу