19.07.2022
2944
ҚАЙСАР АҒАМА 55 жас
Пайғамбар жасын жағалап,
Жылдарды оймен тағалап.
55- келіпсіз,
Уақыттың дәмін бағалап.
Жеті перзент, немерең,
Жалғасың емей, неменең?
Көңілінде елдің жасайды,
Жақсылық істер жебеген.
Жеңешемнің қасында,
Оранып жылу, жасылға,
Рахатын көріп ұл-қыздың,
Бақытың тұрсын басыңда.
Ризалық күтсең Серіктен,
Өшпесін аты Берікпен,
Кеткені қыршын, ұрпақсыз,
Өзегімді еріткен
Болғанда тегің асылдан,
Кетпесін бағың басыңнан,
Екі еседей өмір сүр,
Дәл бүгінгі жасыңнан.