19.07.2022
  2372


Автор: Баян Тіленшина

ҚАЙБАР АҒАМА

60 жас теңізі ме кемеңгердің,
Теңізде ақ кемені сенен көрдім.
Саналы сөз бен әзіл қатар өрбіп,
Парасат көшіндей-ау жүрген жерің.
Шаршасам арқа тіреп сүйенерім,
Шатыстың жібін шешіп жүйелерім.
Ақкөңіл жалбыраған пейлің үшін,
Көтеріп төбесіне сүйеді елің.
Жаныңа серік болған Магиданың,
Нәп-нәзік тұнып тұрған табиғаты.
Абысын-ажын, туыс арасында,
Секілді жиынтығы қағиданың.
60-тың асқарына шыққан аға,
Айдары биіктелген жұрттан аға.
Асығы алшасынан тұрғаннан соң,
Сақасын бәс тіккеннің ұтқан аға.
Тұғырда Дана, Сұңғат, Армандарың,
Тағдырдың емдегендей салған дағын.
Бесікке тиген арқа табыт көрер,
Ағажан, қалар дейсің жалғанда кім?
Қалады жақсы-жаман естеліктер,
Өткенге ой жіберіп, ескеріп көр.
Қашпаймыз тағдыр жазған пешенеден,
Әйтпесе, енді 60 жыл кеш келіп көр.
Болғанда ауызбірлік бақ келеді,
Әулетке ынтымақтан қақ шегені.
Шын сүйіп, аңсайтындар көп болғай да,
Тірліктен осы-ау, аға, нақ керегі.
Ләйім да ортаймасын мәрттілігің,
Көп болғай тіршілікте сәтті күнің.
Жанна мен Мәлік, Диас, Диананың,
Өмірде сезініп өт тәттілігін.





Пікір жазу