19.07.2022
  681


Автор: Баян Тіленшина

ШЕРАЛЫ АҒАМА

Ізіңмен жүрген адам адаспайды,
Әділет ысырмай ма оғаш жайды.
Жатталып жүректерде жүрмегеннің –
Он таққа отырса да бағы аспайды.
Азамат болсын сіздей бөрікті адам,
Дауылға қарсы тұрар қорықпаған.
Қиынды қиыстырар құдірет бар,
Шын мерген бос қайтпайды жорықтардан.
60-та келі қапты асқаралы,
60 жас қайта бастар жас баланы.
Жәмилә жеңешеммен басқарарсыз,
Үлке-ен бір жанұялық астананы.
Әлмира, Асқар, Артур, Айгүлдерің,
Өмірдің мейрам еткен жәй күндерін.
Балаң да, бауырың да, жаның да үйде,
Өткен күн бақсыз демес-әй кімде кім!





Пікір жазу