19.07.2022
  452


Автор: Баян Тіленшина

Еске алу

Азаптың жан күйдірген ауырын-ай,
Шақпақтың 40 күндік дауылындай.
Жүр едің кеше ғана арамызда,
Кеттің-ау о дүниеге, бауырым-ай.
Жеттің бе әке-шешең, ата-енеңе,
Мәдинаң «ақ мамам» деп көтере ме?
Қайсар мен Қайбар, Серік бауырларың,
Жұмақтың жұлдыз гүлін әпере ме?
Тіршілік өтіп жатыр ағымдағы,
Өткен күн бір бұрылмай сағымданды.
О, әпке, сезесің бе, сезбейсің бе,
Бір гүлім солып қалды бағымдағы.
Жыл өтті арамыздан бөлінгелі,
Естелік екі араны желімдеді.
Күтіп жүр Зәуреш, Ардақ, Шұғылаң мен,
Жанияң, Сағыныш пен еліңдегі.
Жеттің бе қайын жұрт пен төркініңе,
Серік пен Қайсар, Қайбар желпіді ме?
Ата-енең, әке-шешең, бауыр, әжең,
Қауышып, иман нұрға елтідің бе?





Пікір жазу