19.07.2022
2864
Ақсақал Қалмырзаев ағамның жылдық асына арнау
Келбеті заман –дәуірдің,
Шоқтығы ылғи тәуірдің,
Асына келдік, ағайын,
Ақсақал деген тау-ұлдың.
Жыл өтті жылжып өзіңсіз,
Сені іздеп, көке, ауырдым.
Тектіден туар тектілік,
Ептіден туар ептілік,
Зәуре анаңды таниды,
Өзіңді білер көпшілік.
Қазына қартқа жеттің –ау,
Бесікте ата боп жүріп.
Дәуірдің қосып арасын,
Даңқты ұққан дарасың,
Төебиді тірілтіп,
Тілдестірген ағасың,
Абайдың жанын түсініп,
Таныттың Әбіш баласын.
«Тірілттің» жүздеп өмірді,
Өсірдің рухпен көңілді,
Сен берген санаттылықтан,
Азғындық сезім жеңілді.
Тәрбие үйі –театр,
Тұғыр деп білді сенімді.
Өнердің жарық жұлдызы,
Өлмейтіндердің жыл құсы,
еске алып тұрмыз жиылып,
сағынтып кәусар күлкісі.
Қабыл болсын ниетің,
Әсия, Алтай –ұл- қызы. 15.06.2014 ж.