ҚЫЗ ҰЗАТҚАНДА
Ағарып атса екен деп құба таңың,
Өзімді жақсы үмітпен жұбатамын.
Кәмелет жасқа толып, о дариға-ай,
Қыз шіркін табады екен шын отанын.
Бауырымнан түлеп ұшқан балапаным,
Өзіңді қимай-қимай ұзатымын.
Кешедей ақ бесікті тербеткенім,
Дәл кеше қаз-қаз тұрып, еңбектедің.
Барасың бауырымнан ұзатылып,
Қызым-ау, осы ма екен бойжеткенің,
Таптың ба сыңарыңды, сырсандығым.
Кигізіп үш жұртыңа той шекпенін?!
Тағдырың оңғарсыншы қадамыңды,
Естиін ләйім ылғи мадағыңды.
Бақыт-құс көтерілер қос қанатпен,
Бұзбасын ешкім осы одағыңды.
Ұлымды екеу еткен осы тойға,
Ақ сүтін берген анаң тоба қылды.
Деп бүгін жырдан шашу шашайық та,
Бәріміз бірге енейік ғажайыпқа.
Бірілгін екі жастың берсін тағдыр,
Тілекті бір арнаға қосайық та.
Той тойлап, той жасаңыз өзіңіз де,
Шампан мен ақ арақты ашайық та!
Сезімің аққу құстай дара болсын,
Достарың шым негізді қала болсын.
Тіршілік тамырланар ұрпағымен,
Үйіңе елін сүйер бала толсын.
Махаббат – киелі ұғым Қыдыры бар,
Жас отау, жүрер жолың сара болсын.