АДАМ БОП ҚАЛ БАҚИҒА ОРАЛҒАНДА
Ой толғап, шаршы топта сөз алатын,
Қоғамды алға бастар азаматым,
Тірліктен майда –шүйде биік тұрар,
Тілейтін тазалықты қазанатым!
Жүрегі анасы мен жан- жарының,
Тірегі шөже үнді балдарының,
Сақтаған қасиетін шаңырақтың,
Сақшысы күліп атар таңдарымның.
Асқар тау азаматым, Сен аман бол!
Соңынан еріп жүрер ел аман бол!
Жүрейік мерекелеп тойларыңды,
Мамаңа көкорайлы кең заман сол.
Дұшпансыз, жығары жоқ жан болмайды,
Мақсатсыз тіршілікте мән болмайды,
Өмір деген – тартысы танымдардың,
Әділдікті жеңетін заң болмайды.
Мықтылық – кері ойды мойындатсаң,
Анаңа қарағанда ойын тапсаң,
Тамшылап білінбестен ағар уақыт,
Гүлденсін әр тамшымен ойың, бақшаң.
Өзіңе Өмірімді ұластырдым,
Өлеңмен жан сырымды құрастырдым,
Розаға сыңар етіп, мамырладым,
Жетелеп өмір көшін қыр астырдым.
Өмірге сен туылған күнің үшін,
Бабаңа ұқсап қалған түрің үшін,
Қымбатым, ең қымбаттым фәнидегі,
Ризамын сендей арман- гүлім үшін!
АДАМ БОЛЫП КЕЛГЕНБІЗ ТІРШІЛІККЕ,
АДАМ БОП ҚАЛ БАҚИҒА ОРАЛҒАНДА