19.07.2022
259
БАҚТЫБАЙ МЕН БАЛДЫЗЫНЫҢ айтысы
Балдызы:
Ақындығың болмаса
Неңіз артық өзгеден?
Қортық деп сізді қорлайды
Сыртыңыздан кез-келген.
Осы сөзге не дейсіз,
Жауап күттік жездеден?
Бақтыбай:
Қортық болып тусам да,
Кішкентай болып өзгеден,
Артықпын деп мақтанбан,
Өз сүйегім, өз денем.
Сол денемнен шығады
Бұрқырап өлең, сөз деген.
Құдай содан сақтасын,
Сөз мағынасын сезбеген.
Өстіп қалжың айтар ма,
Жақсы балдыз жездемен,
Жеткізейін мақсатқа,
Арманыңды айт көздеген.
Ойыны кеп тұр саусақтың,
Төсіңдегі екі безбенен.