19.07.2022
110
БАҚТЫБАЙ МЕН МƏЙКЕ айтысы
Үйленген соң Мəйке:
Бір кетпейсің, Бақасы,
Бір кетсең айлап кетесің.
Жесір тастап қатынды,
Қидырып қойған некесін.
Айлап, жылдап салақтап,
Аламын деп мадақтап,
Сондағы бар табысың,
Торпақ алып жетесің.
Домбыраңды өңгеріп,
Өзіңдікін жөн көріп,
Қыздырған, тегі, жерің жоқ
Қатын-балаң шекесін.
Бақтыбай:
Сөйлейсің ғой, өзіңше,
Атақты ақын Мəйкесің,
Мадақтайсың көбінше
Халықтың алшы, тəйкесін.
Сөзімнің ұқ мұнан да,
Бүгесі мен шігесін.
Болыс-бидің менен де
Сөзіне құлақ тігесің.
Өлең қуған Бақаңды
Қажай беріп қайтесің?
Біреу кəрі, біреу жас,
Біреулер аш, біреу мас,
Ерлі-зайып адамнын
Заңы осылай, Мəйкешім.