19.07.2022
  1293


Автор: Түс жору

Құсу

Құсу: егер түсінде жеңіл құсқандығын көрсе—ол кісі тәубе етуін, туралықты табуын білдіреді. Егер қан құсқандығын көрсе—күнә іс істеуден тоқталуын, харам жолмен дүние-мүлік тапқандығына өкінуін, аманатты иесіне беруін білдіреді. Қақырық құсқандығын көру—күнә істеуден тоқталатындығын білдіреді. Жеген тамағын құсу—өзінің жақсы көретін бір затын біреуге сыйлау керектігін меңзейді. Түсінде қандай да бір затты құсу—жақсылықтың белгісі. Өте көп қан құсқандығын көру—мол табысты, жанұясындағы бір баланың дүниеге келуін, сапарда болса, үйіне қайтатындығын білдіреді. Ауру кісі түсінде жылан құсқандығын көрсе—өлімнің өкшелеп келіп қалғандығын білдіреді. Дені сау адамның бұл түсті көруі—дұшпанына үстем болатындығын білдіреді.





Пікір жазу