19.07.2022
  341


Автор: Түс жору

Құрдастар: түсінде құрбы-құрдастарын көру—жақсылықтың белгісі. Сауда-саттықта табысы мол болады. Жақсы құрбысын көрсе—ұзақ өмірді, ал жаман болса—ұрыс-төбелестен аулақ жүру керектігіне жорылады. Түсінде құрбылармен айқайлап жүргенін көру—жасырын іс істегені үшін өкінетінін білдіреді. Науқастанып жүрген құрбысын көрсе—науқасынан құтылудың, ал досының тойында жүрсе—сүйгеніне үйленетініне жорылады. Досының жаназасында жүрсе— қандай да бір келеңсіз жағдай тудырмау үшін мұқият болу керектігін білдіреді.





Пікір жазу