19.07.2022
  3054


Автор: Түс жору

Құран оқу: түсінде Құран оқығандығын көру—абыройатаққа жететіндігін білдіреді. Күнәһар кісі болса, Алла тағала оның күнәларын кешіретіндігінің белгісі. Ал, егер кедей болса, байитындығының белгісі. Ал егер Құран кәрімді қате оқығандығын көрсе—тура жолдан адасатындығын, сөзінде тұрмайтындығын білдіреді. Оқыған Құранды жұртшылық тыңдап отырғанын көру—бір қызметке орналасатындығының белгісі. Түсінде амал дәптерінің оқығандығын көру— мол табысқа жететіндігін білдіреді. Құран кәрімнің бір бетін немесе қандайда бір кітапты оқу—біреуге мирасқор болатындығын білдіреді. Кітапты теріс оқып отырғандығын көру—көп қарызға бататындығын білдіреді.





Пікір жазу