19.07.2022
  1109


Автор: Түс жору

Қамшы—қиыншылықтардың кетуін, дұшпандардың жеңілуін білдіреді. Қамшы—бала-шағаның да белгісі. Түсінде аспаннан қамшы түскенін көру—Алла тағаланың қаһар, қарғысын білдіреді. Түсінде атын қамшысымен сабағанын көру—жақсылық үшін Алла Тағалаға дұға қылуын білдіреді. Түсінде бір адамды қамшымен ұру—ол кісіге уағыз, насихат айтуды білдіреді. Түсінде бір адамды қамшымен ұрғанда, ол кісіден қан шашырағанын көру—жаманшылық пен қиыншылықтың белгісі. Түсінде дұшпанын қамшымен ұрғанын көру—абырой, атақ-данқтың белгісі. Түсінде жер тепкілеп жатқанын көру—жолаушылықты білдіреді. Егер біреу түсінде марқұм болған кісіні ұрып жатқанын көрсе—ол кісінің бір күнә іс істегенін немесе істейтіндігін білдіреді. Ал егер, керісінше, марқұм кісі сізді ұратын болса—жоғалтып алған нәрсесінің табылатынын білдіреді.





Пікір жазу