ҚАРАТОРҒАЙ
Кеше кешкілік көрші жылқышының үйінде қонақта болып, көңілі жақын әрі құдайы көршілік орны бар Мырзаханның ықыласын жерге тастамаған Әлиәкпар аттың басын «жіберіп, жіберіп» алды-ау, содан түн жарым ауғанда ащы араққа кеңірдегінен келгенше тойып, оның аяғы отырған жерінде үй иесінің қалпағына лақылдатып құсып, Мейізкүл жеңгенің «Аға қысылмай-ақ қойыңыз, мұндай-мұндай жағдай бізге таңсық емес». Мырзахан бірде «тіпті айтпай-ақ қояйын десем де болмай тұр, Сіз құсап облыстан келген сыйлы қонақтың сөзін жерге тастауға болмайды», – деп артына қарамай алдына келген «ақаңды» сіміре-сіміре берген. Қойшы, сонан соң дастарқанға сіз құсап лақылдатып құссын төбеңді көрмегір. Ой несін айтайын сонда ұяттан өлдім-ау, мен сор- лы. Ол ол ма, аттың басын былай жіберемін, олай жіберемін, сонда да ырқыма көнбей дедек қаққан «құлан қара» алдына кездескен жырадан ор қоянша ытырылып ырғып өтті. Мен сонда білдім жақсы ат жолда да, жауда да қалдырмайтынын. Әй, қайдасың Мейіз, менің «Құланқарам» қандай жағдай болса да жолға тастағанын көрдің бе?
Тұра тұршы, әй дау десе ең болмаса мына құсығыңды тазартып кетейін, – деді Қараторғай. Әлиакпар өрекпіп оның жауабын естімей енді Мырзаханның атын атап шақыра бастады.
Әй, жылқылы бай, сен қайдасың? Облыстан депутат інім келді деп ақ түйенің қарнын жарып тастадың. Әншейінде бірі шыны ащы су беру- ге сараң едің, келгелі он шақты шөлмектің басын жалмадық. Бұл жағың да молодец. Соның пайдасы көршіңді дастарқаныңа құстырып депутат ініңе масқараладың.
Енді аузыңа келгеніңді айтып, былжырай берме, – деді дастар- ханды тазартып жатқан тұрымтайдай қара келіншек еріне ажырай- ып. Адам ішсе әліне, шамасына қараса қайтеді. Қонағым, көршім деп құйған арақты түбіне дейін сіміріп сала бермей. Мына депутат жігіттен аяғыңды тартпадың. Әкеңді ертеден танитын, сыйлас болған кісі екен. Енді мына былығыңды не деп бағалайды. Қап, тірідей қара жерге тықтың-ау Әлиәкпар. Енді бүкіл облысқа атың жайылатын болды...
Тұрымтайдай қара келіншектің аузы бейне бір ашып қойып ар жағынан біреу сөз түйдегін боратып төгіп тұрған сияқты. Аузы-аузы- на жұқпайды. «Алқаш, ақымақ, ұятсыз», – дегендей қарғыс сөз кетіп жатыр. Бұл ерлі-зайыптылардың әбден еті үйренген кәдуілгі қарым- қатынасы сияқты. Ұят-ау, аят-ау деп Әлиәкпар да арағын қояр сыңайда емес. Еріне ішіндегі наразылығын айта-айта әбден тілмар болып кет- кен бе, тұрымтайдай қара келіншек депутат отыр-ау, қонаққа шақырған Мырзахан мен Мейізден ұят-ау деп тартынуды білмей сөйлеген сайын бұрын естімеген анайы сөздерді қоздатып, отырғандарды есінен танды- ра түсті.
Ал, Мырзахан, Әлиәкпар, – деді депутат ақ көйлегіне тамған ша- рапты орамалымен ысқылай сүртіп отырып. Мына Әлиәкпар айтқандай аттың басын жіберіп, жіберіп алдық білем. Мырзаханның арағы да, Мейіздің де тағам түрлері көп екен. Қанағат. Ризамын. Әлиәкпардың әкесі марқұм қонақшылдығымен, дастарқан жаю молдығымен облысқа белгілі болған жомарт адам еді. Ол кісінің қолынан дәм татпаған адам сирек. Совхоз директорларынан бастап аудан, облыс басшыла- рына дейін бұл кісінің аты аталса риза болып қалатын. Қойлыбайдың сондай малшы болғандығы мына Әлиәкпарға да жаман болмады. Кеше жекешелендіру басталғанда совхоздан бір отар қой мен бір үйір жылқыны тегін алып, облыстағы алғашқы фермер атануы да әкесі Қойлыбай марқұмның атақ абыройының арқасы. Анау Қараторғай қалқамның қатарынан екінші рет облыстық кеңеске депутат сайлануы да сол. Қойлыкеңнің арқасы. Әйтпесе осындай құрметпен байлыққа ие болар адам таппай жүрміз бе. Бақандай малшылар жетерлік. Бірақ құрмет пен байлықты кез келген адам қолына ұстап тұра алмайды. Ұстап тұру үшін бала жасынан шаруаға үйренген Қойлыбай сияқты ақылды, тәрбиелі қариядан өмір сүру үлгісін үйрену керек, ел азаматта- рымен басшыларымен тонның ішкі бауындай араласа білетін дастарха- нынан нан үзілмейтін ісінің берекесі бар, оның үстіне жанында жүрген келіншегі мына Қараторғайдай ажарлы, сөзі мен ісі үйлескен, аузын ашса жүрегі көрінетін «бипатыма» кісі болу керек сияқты. Біле білсем, осы Қойлыкеңнің абыройын сақтап, дәулетін асырып, ит пен құсқа та- ратпай ұйыстырып шара шаңырақтың берекесін кіргізіп отырған осы, көзіңнен айналайын маржандай мөлдіреген, тамағыңнан айналайын үлбіреген мына Қараторғайдың арқасы десем қателеспеймін. Солай ма, Әлиәкпар? Мен турасын айттым ба? Ертеректе ауданды жиырма жыл билеген Жүнісбаев көкеміз осы Әлиәкпардың әкесіне «Қойлыке, сіздің байлығыңыз сіз біздікті жоғалтпай, дастарханыңыздан кісі таңдамай дәм-тұз татқызатын дархан пейілің де, ал құтыңыз мынау құлдырап жүгіріп жүрген келініңіз Қараторғай да ма деп қалдым, – деген екен.
Иә, иә, дәл солай деп айтқан ауданның бірінші хатшысы, дәл осы Қойлыкеңнің алпысқа келгендегі тойында шалқия отырып. Оның сондағы сөзі ауданнан облысқа тарады. Әне, сонда аталы сөздің кейіпкері менің ғана келіншегіме айтылғаны да мақтаныш. Біздің Қараторғай соған лайықты да, – есін жинап, әңгімеге ілу де болсада бір қатысуға жарап қалған Әлиәкпар алдындағы дастарханның мәзірін жаңартып жатқан Мейіздің жанындағы Қараторғайға қарап иығын көтерер мақтанышын сездіріп. Мұны мына депутат інім естімеген шығар.
Естімесе де хатшының берген бағасына Қараторғайды мақтауын жеткізу арқылы құптағанын білдірген жоқ па, жаңа.
Жылқышы Мырзахан өзі де тұрымтайдай пысық Қараторғайды мақтаған депутаттың сөзіне қосылып отырғанын сездіріп. – Қараторғай жеңгеміз қалада болса кез келген дөкейлердің үйіне отырғызып қоятын
«Қарамаржаны» болар еді. Әттең күтімі жоқ қой, әттең...
– Ау, – деді депутат күтімі нашар деп депутатымыздың бағасын төмендетіп жібердіңіздер ғой. Абайлайық. Оның артында дауыс берген жүздеген сайлаушылары бар. Мұны солардың бірі естісе Қараторғайды кемсіткендей ағат сөйлеген адам заң алдында жауап беретінін ұмыт- палық. Дегенде бір нәрсені естен шығармайық, ағайындар. Ол және ең басты ұлық мәселе Қараторғайдың осындай дәрежеге жетуіне күш беріп, тілегіне тілек қосып отырған Әлиәкпар болмағанда кім дейміз?
Ол Қойлыкеңнің ұлы, қарашаңырақты құлатпай ұстап келе жатқан бақандай азамат. Қараторғайдың да осылай сайрап отыруы, сайлаушы- лардың даусын алуы сол бақандай азаматтың келіншегін мәпелеп ұстай білудің арқасы. Қане, – деді депутат осы дәлеліме қарсылық ететін қайсысың барсың?
Отырғандар үндемей қалып еді. Әлиәкпар: – қарсылық етіп артына қарасын. Шындығын айтып біздерді қуанышқа бөлегеніңіз үшін риза- мыз. Қане, сол үшін қолымыздағы зәм-зәм судан алып жіберейік деп кесесіне мөймілдете құйылған ащы суды аузына құйып жіберді.
Қараторғай депутат екеуі сыртқа шығып кеткеннен біразға дейін келмеді. Оның жоқтығын пайдаланып Әлиәкпар дастархан билігін қо- лына алды «әй Мырзахан арағың сарқылмаса енді бір мәрте құй», – деп қайта-қайта мазасын ала берді. Олар үй сыртын айналып әудем жердегі жолым үйге жақындай бергенде жылқышы қос ішінен күңгір-күңгір сөйлескен әйел мен еркектің даусын құлағы шалды.
Өзіңді көптен ұнатып жүр едім. Бетіңнен бір иіскеп үлбіреген тамағыңнан бір сүйейін. Тартынбашы «Қарамаржаным». «Қойыңыз депутат қайным, үй артында кісі бар» – деген тағы бірде реті келер. Депутаттық жұмыспен әлі талай жерде кездесеміз ғой. Сонда тілегіңізді орындаймын сәтін салса.
– Үй артында кісі түгілі шайтан да жоқ. Айдаладағы жалғыз үйде не болар дейсің. Депутаттық жұмыспен кездесейік деп, есек дәмемен қашанғы жүреміз. Осындай оңашада бір-біріміздің қолымыздан қақ- пайық. Мұныңыз не, депутат інім бетімнен емес басқа дүниемді иіскеп жатырсың ғой... Құдай, бұл не сұмдық. Қойыңыз. Дырдай депутаттың ісі де осындай болар ма екен?
Әйелдің ақырын-ақырын күлгені жұпар исің аңқып тұрған азамат екенсің, сені мен де теріс көрмеймін әттең бөтен жер. Ұят. Біреу бол- маса біреу біліп қойса депутат деп әлпештеп жүргендеріміз біреудің семьясын бұзған арамзалар деп жүрер. Қоялық осымен, тоқта қайным. Қалған құмарыңды басатын күн туар, біздерде құдайдың құлымыз ғой, қызығушылық жасап аздап тәртіп бұзып кетсек жаратқан ием кешірер.
– Жақсы, уәде, уәде. Бірақ өткендегі сессияның аяғындағыдай бірінші хатшының тапсырмасы бар еді, – деп сылтауратып кетіп жүрме. Жақсы, жақсы қайным. Сөз, сөз. Ал алдымен сіз шығыңыз қостан, бөтен кісі көрінбесе жеткірініп белгі берерсіз. Сосын мен шығармын. Қане бетіңді әкелші бір сүйейін, туу ернің оттай жанып тұр ғой... Тілімді күйдіріп жіберді деген әйелдің сиқырлы күлкісі естілді. Депутат қостан шыққан бойда біреумен бетпе-бет кездесті. Жылқышы сияқты, үй ар- тында кісі бар деп Қараторғай бекер айтпаған екен. Қап, мына пәленің кездесіп қалғаны-ай.
– Ә, сіз екенсіз ғой, ауа қандай керемет таза. Сарысудың ең қымбат қазынасы да осы жұпар аңқыған таза ауасы ғой, – деді депутат жыл- қышының жанында темекісін тұтатып жатып.
– Сарысудың қымбаты мен арзанын айыра білсеңіз сізде бөтен болмадыңыз. Қосқа кіргенше таза ауада жүрмедіңіз бе. Мұндай сәттілік ілуде бір болады, – деді жылқышы одан сыр тартып. Ол манағы ер- кекпен әйелдің кім екенін де біліп қойған. Олар мына жанында тұрған депутат екіншісі Әлиәкпардың Қараторғайы еді. Олардың әңгімелерін естігенде жылқышының іші өртеніп кете жаздады. Ой, зәлімдер ай, бұл екеуі депутаттық шаруамен жүрміз деп, біраздан бері құпия қызықшылық құрып жүрген болды ғой. Мырзахан көрші Әлиәкпардың Қараторғайына көңілі кетіп оңаша кездескенде онысын білдіріп, сыр тартып қойып әйелдің кет әрі емесін көз жанарынан байқап үлгірген. Оңаша кездессе құшағына қысып үлбіреген тамағынан бір сүйсе қалған тілегі орындалатынына сенген, мұндай-мұндай қарым-қатынасқа әккі болған ол. Енді міне, ойламаған жерде депутат пен екеуінің оңаша ұшырасқан жерінің үстіне шығып, уәде байланысқандарын да дәл құлағымен естіді. Ішін қызғаныш уыты өртеген жылқышы «Әлиәкпарға әлгі екеу ара кездесуді білдіріп, депутаттардың басына жай түсірсем бе екен, әлде, Қараторғайға ғана ескертіп өз тілегі орындалмаса ел-жұртқа жайып аудандағы бірінші хатшыға айтатынын сездіргенім жөн бе? Әрі бері ақылға салып біраз ойланды. Сосын екінші ақылын өзіне пайда- лы деп санады. Мырзаханмен жолым қосқа барған көмекші жылқышы іштегілердің әңгімесін естіген жоқ еді. Ал аға жылқышы үлкен үйдің қасына жақындағанда, – Берікжан, – деді оған жылы ұшырай өзіне жақын тарта сөйлеп, жолым үйден ана қатының депутат қонақпен бірге шықты деп жынды Әлиәкпарға білгеніңді жеткізіп жүрме. Бірге шыққанын көрсең де, бірге жатқанын көрген жоқсың. Мүмкін екі де- путат жұмыс барысын кеңескен шығар, болмаса марқұм Қойлыбайдың атына Аяқкөлдің атын алып берсек деп біздің ұсынысымызды талдаған шығар. Дәлелің болмаса біреудің жүрген тұрғанын сөз етіп өзің ақымақ болып қаласың. Біреудің отбасын бұзасың. Тиыш, тек жүрейік. Осыны ескерерсің, – деді.
Аға, ондай гәпті жігіт адам әңгіме етсе ол еркек пе? – деді Берік лып етіп. – Қостан кім бірге шықпай жатыр? Өткенде Байқоңырдан кел- ген құдаша мен сізде біраз отырып шықтыңыз. Қарауылтөбе ауылының директоры осында келсе қасына Қараторғайды ертіп ылғи қостан шай ішеді.
– Жә, Берік, жақсы бәрін көріп, біліп жүру жылқышының пысықтығы. Ол жаман емес. Солай болғанда да анау Әлиәкпардың қандай адам екенін білесің. Боқтан өзгеге тиісіп екінің бірінен таяқ жейді. Әйелін қызғанып, ойран ботқасын шығармасын, байқа Қараторғай ту- ралы тіпті сөз етпе, – деген ескертпем ғой деді Мырзахан көмекшісіне.
– Жақсы, Қараторғайдай екі көзінен шырақ жанып тұрған әдемі келіншекті кім жақсы көрмейді? Анау облыстан келген депутаттың оны қалай суреттегенін естідіңіз ғой. Сұлуды жек көретін тірі жан болмас. Ол үшін де сұлудың да оны жақсы көрген адамның да кінәсі жоқ болар, – деді су мұрын көмекші Берік.
Оның оныншы сыныпты бітіріп ферма бастығының айтуымен Мырзаханға көмекші болып келгеніне екінші жыл болатын.
Өз қатары үлкейіп, алды бірер балалы болса да қызға қыры жоқ па, әлде бұйрық солай ма әліге дейін басы бос тізесін құшақтап жүрген ферма бастығының балдызын не сөйлер сөзін, не істер ісін білмейтін алаңғасарлау су мұрын дейтін Мырзахан оның «сұлу әйелді кім жақсы көрмейді, ол үшін айыпты ма» – деген сөзі ол туралы ойынан қайтуға итермеледі. Иә, сұлу әйел көздің құрты. Мүмкін Қараторғай жеңгеңді сен де ұнатарсың, – деді ол, Беріктің ішінде не барын білмек ниетпен.
– Аға, ондай сөз не керек. Мен жақсы көрсем жеңгемнің пысықтығын адамға жаны ашып тұратын мейірімділігі үшін сыйлаймын. Ал, жақсы көру басы бос қыз бен жігіттің арасындағы сүйіспеншілік емес пе? Қараторғай ері бар әйел, әрі байы оның біреумен күле сөйлегенін көрсе жарылғалы тұрған қызғаншақ адам. Ондай адамның әйеліне көз салу тек жүрек жұтқандардың ісі шығар, – деп Берік өзінің дым білмейтін су мұрын еместігін білдірді. Әйел мен ері арасындағы қарым-қатынастан да, тіпті махаббат мәселесінен де біраз бір кісідей хабары бар екендігін сездірді. Иә, өзі сүйкімді, сөзі жылы, жанары шоқтай жайнап тұрған пысық келіншекті екінің бірі ұнатып қалуы ғажап емес. Ұнатып қалу сүйгендіктің бірі қыры десе де жақсы, көркем, ажары атқан таңдай, тілі балдай әйелді еркектің жақсы көргені үшін оны айыптай алмассың. Және де сондай перизаттың теңі болған Әлиәкпардай алқаштың ықсуатын көріп ішіңізде бір сұлуға тең емес адамды Алла тағала жары етуге рұқсат етті дегенге сенбейсің. Соны көріп, біле жүріп оның әйелінің ерін жақсы көруіне де сенімің мықты болмайды. Ендеше әйелдің құдай қосқан қосағына көңілі толмауы оның қосағының көзіне шөп салмай- тынына да сенбейсің. Соны аңғарып көріп жүріп өзіңде әйелді одан әрі жақсы көру сезімі ұлғая түсетінін аңғарасың. Мырзахан болмысында бірге жүрген жолдастарының бір сүйем артықшылығы болса, ең әрі кеткенде үйіндегі асырап алған иті, астындағы аты жақсы тұқымнан болса, бағып жүрген малынан оның малы бір қозыны артық туса Мыр- захан үшін ол намыс еді. Жұрттың ісі жақсы, жолы болғыш. Менікі неге ондай емес деген күндестік ішін оттай жалап, дүниеге сыймай кететін кезі көп болатын. Әсіресе осындай өзгенің артықшылығын күндей, өзінен өзгені адам екен деп менсінбеу мектепте оқып жүргенде бойы- на жұқты. Сыныптастарының бірі жақсы оқыса, біреуі дарынымен өлең жазып, екіншісі ән айтса, тіпті біреуі қыз ұнатып, сүю сезімін басы- нан кешкенін естісе өзін олардан кем, бейшара санап қорланып қалатын болды. Осы Мейізге үйленгенде де анау пәленше, түгеншелер ұнатып жүрген қыздан кем емес пе деп әбден күмәнданып, күмәніне өзінің көзі жетпей әбден есі кеткен. Мұны байқаған әке-шешесі ақырында «өстіп миы ашып жүріп көшедегі жүргіншіге кезігіп, баланы қолдан шығарып алмайық» – деп қорқып, алыстан сыйласатын таныстарының бірінің қызына құда түсіп үйлендірген. Сол құдай қосқан қосағы Мейізден үш бала сүйді. Момын, айтар сөзін, жүрер жолын білетін әйелінің ағайын-туыс арасында да беделі бар. Сөйтіп жүргенде баяғы мектепте жүргендегі миына кіріп алған біреудің жақсылығын, абырой-беделін қуанышын көре алмаушылық күндестік, қызғаныш деген бәлені өткен жылы Телікөлде күзетте отырғанда жанына көрші болып көшіп Әлиәкпар келгелі ойда жоқта қайта бас көтерді. Қаншама өзін өзгеден жоғары ұстауға ұмтылғаны мен Құдай бермегенді ешкім бермейді ғой. Жолдастарының бәрі дарынды, жолы болғыш менде неге олай емес, әлде құдайдың сүйікті құлы емеспін бе? Сонда жазығым не? деген сауалды «ақылды» санатындағы үлкендерге де, жақын жолдастарына да айтып көрді. Олар да бұны жұбатарлық ештеңе деген жоқ. Сонда мұның миына қонған көре алмаушылық кеселдің жанына «менен артық деп жүрген адамды мұқатып, жолын кесіп арсыздық әрекетке бару ке- рек деген, екінші бір арамза кесел миына келіп қонды». Әлиәкпардың әкесі Қойлыбай бұл төңірекке атағы шыққан жақсы, тәуір адамдардың бірі болды. Дастарханды үлкен-кішімен, қызметі төмен немесе зор- мен де сыйласудың ретін табу арқылы өле-өлгенше «Қойлыке» ата- нып ел-жұртқа қадірлі болды. Дүние саларынан бұрын Қойлыбай Са- рысудан бау-бақша егіпті. Құдық суынан хауыз жасап, балық өсіріп отыр, бір жағынан зоопарк жасап түрлі аң-құсқа мекен-жай салыпты. Малшының медиен даладан «мысыр шаһарын» орнатыпты деп оның дерегін білуге Қазақстанның тұс-тұсынан журналистер келіп, газет- журналдарға шығарып, киноға түсіріп Қойлыкеңнің даңқын көтеріп жіберді. Мұның хабарын естіген бойда Мырзахан:: «Япырмай, Алла- ай менің әкем оқыған, тоқығаны бар болса да мұндай құрметке жете алмай жер құшты. Оның бар-жоғы қазір ешкімге де қажет емес. Ал мына Қойлыбай шал оқымаса да малшы болып жүргенде күллі облыс халқына сыйлы, ақылды, сәлемі түзу адам үлгісінде аты шықты. Ол анау өткен ғасырдың аяғындағы жағдай. Енді міне өлмелі шағында қу далаға құдық қазып бау-бақша, гүл өсіруімен, хауыз орнатып балық өсіруге, облыс орталығында жоқ жабайы аң, құс тұқымын жинап «хайуанат- тар паркін» ашумен күллі Қазақстанға даңқын шығарды. Алла бір бер- генге бере береді екен-ау. Атақ, абырой, бақ, дәулет неге Қойлыбайдың айналасынан шықпай қалды? Жаратқан иемнің мұнысы қалай? – де- ген Мырзахан «Қойлыбайдың бауына» әдейілеп жалғыз барған. Сон- да Қызылқайыңның орталығындағы гүлзар бақта жүргендей әсер қалдырып, бұлар мұндай жұмақты қалай орнатқан, әлде Қойлыбайдың қолында бұл білмейтін сиқырлы шайтаны бар ма? – деп әрі-сәрі болды. Ол хауыздағы таза суда жүзіп жүрген әртүрлі балықтардың шабағын қызықтап тұрғанда ту сыртынан есенбісіз аға деген әйелдің нәзік, бірақ өткір ашық үнін естіді.
Бұрылып қарағанда қудаладан перінің қызын көргеніне сенер- сенбесін білмей аузы ашылып тұрып қалды. Орта бойлы, ажары не қоңырқайға да, не шіли қараға да жатпайтын бейне бір ақындардың өлеңінде кездесетін тобылғы торы, көз жанары кісінің ар жақ бер жағына өтіп ішіңдегі қылп еткен сезімді көріп тұрғандай өткір, көк ала орамалынан төгілген қара шашы ажарына сән қосып тұрғандай «мен Қойлыкеңнің келінімін, Қараторғай болады, ныспым», – деді ол бұған тура қарап. Сіз Әлиәкпармен мектепте бірге оқыған замандасы боларсыз. Атыңызды айта алмаймын, бірақ суретіңізді көргенмін. Телікөлде отырмысыз? Қалай көл жағасы? Мынау шөл басқан қу даладан артық болар? – деді Қараторғай бұған сөйлеуге кезек бермей. Ат көлігіңіз аман ба? Сыныптас замандасыңыз аң-құстың тамағын беріп жатқан еді, сізді үйге мен шақырамын. Қалай, шақыруымды қабылдайсыз ба?
Япырмай, сенейін бе, сенбейін бе? Баяғы мектепте темекі тартып, көрінгенмен төбелесіп жүретін есірік Әлиәкпарға Алла Тағалам осын- дай періштені сыңар еткен бе? Қандай бақытты едің осындай әйелді жар еткен сенесірік замандас. Ол енді бір сәтте Әлиәкпардың өзінен артықшылығын көзбен көріп тұрып әйелі Мейізді ұмытып кеткендей болды. «Алла Тағала мені, ең болмаса да жақсы әйелден шеттетткені ма? неткен қорлық бұл» деген қызғаныш жүрегін өртеп миын зеңгітіп жібергендей-ді.
Хайуанаттар мекенін таңертең көрмекші болған Қараторғай оны анадай ағаштың көлеңкесіне тігілген сырты ақ кенеппен тысталған қазақы киіз үйге қарай бастады. Үйге баратын жолға да тас төселген. Сондай жалғыз аяқ тастақ жол хауызға да, одан гүлбақша өсірілген жерге де барады. Жолдың екі шетіне төселген тастың бойы қызыл бо- яумен боялыпты. Жүруге ыңғайлы бір тегіс екі шетіндегі арықшадан су ағып жатыр. Оның жағалауына бұл бұрын соң еш жерден көрмеген қызыл торы әсем гүлдер егілген. Әр алуан жеміс ағаштары жеміс бере бастаған. Көкөністі, бақша өнімін олар екі жылдан бері сырттан сатып алмайды, өздері өсіреді. Әлиәкпар дастархан басында Қойлыбай әулеті деген телеарна көрсетілімін қойып беріп сыныптас замандасының ішін тағы да удай ашытты.
– Аузыңның салымы бар адам екенсің. Мұндай қу далада жүріп періштенің қызындай келіншек алды дегенге сенбей отырмын, – деді әзілдеп.
– Е, замандас, әйел Алланың бұйрығы. Құдай Тағала бұйрық бер- генсін екеуімізде қандай ерік болсын. Оның несібесіне мені, маған оны лайықты көрген Жаратқан ием, – деді Қараторғай жымиа күліп Мырзаханға. Мырзахан болса, әлі де есірік Әлиәкпардың несібесі өзінен артық екенін, ал менікі неге төмен деген қызғаныштан айыға алмай отырған болатын.
Қыстауға барғанша Әлиәкпар Сарысудан Аяқкөл маңындағы егістікке барып, күйекті өткізетін. Бұл жолы күйекті Телікөлдің аяғындағы Мырзаханның жанында өткізгенді қолайлы көрді. Оған Қараторғай қуана келісті. Әлиәкпар бірер жылдан бері Телікөлдің нар қамысын орып алып қыстауға жинап, оны Қызылқайыңдағы үй салушыларға сатудан пайда көріп жүрген-ді. Бұл жолы оның кәсібіне Мырзахан көмектеспекші болғасын ферма бастығынан малды күйекке дейін күздік аңызға бір жайып алғаның дұрыс болар еді дегеніне, ол оны-мұны сылтау етіп, сонда да тілімді алмадың деп қыңыр қарап жүрген ферма меңгерушісіне Қараторғайдың депутаттығын алға тар- тып, келіншегінің Қызылқайыңдағы емханада жатып ем қабылдамақ ниетін білдіріп, әзер бетін қайтарған. Мырзаханның жанына келгенді Қараторғай жек көрмеді. Әлиәкпар жүрек ауруын сылтауратып келіншегіне жуымай жүргенде Мырзаханның көңілі кетіп, аузынан суы құрып жүргенін білетін келіншек, жылқышымен оңаша кездесудің сәтін күтетін. «Іздегенге сұраған» дегендей көпшілікке келген Әлиәкпардың отбасын Мырзахан қой сойып қарсы алды. Олардың арам ойынан ха- барсыз Мейіз болса Қараторғайдың пысықтығын, әңгімешілдігін ұнатып еді. Күйеулері мектепте бірге оқығандығы олардың ешбір күмән-күдікке берілмей еркін араласып тез түсінісуіне себеп те болды. Ал Мырзаханның есебі есірік Әлиәкпарға Қараторғайдай сұлу әйелді бұйыртқан Алласына ренжіп, сыныптасының тобылғы торы әйелін пайдаланып қалу ниетінде еді. Өш алу ма, әлде қызғаныштан өш алу ниетіндегі Мырзаханның есебі Қараторғай сұлуды бауырына басудың сәті енді келді деп, сол күннің тезірек туылуын асыға күтті.
Ал Әлиәкпар Қойлыбайдың баласы облыстағы тұңғыш фермер, әйелі депутат деген қошеметке мәз болып, үйіне арақ ішетін біреу кел- се ақ түйенің қарны жарылғандай қуанып, арағын ішіп, әлаулайын шырқап өзімен-өзі жүре берді. Оған келген адамның бәріне ұнап, ал Қараторғай болса «біздің Әлеке-ау аэродромға самолетің қонбай жүр- ау, неден шошындың?» – деп қойып қонақтың біреуі көзін қысса бір жаңалық күткендей түнге дейін елеңдеп шығатын қалпын бұзбай келеді, әзірге. Мырзаханмен көрші болғалы тіпті құлпырып, күлекеш болып кетті. Екі үйдің осындай-осындай өз ара ым-жымы, үлкенді- кішілі ойы, әр нәрседен үміті бар адамдары бар екі үй сонымен күздеуде көрші болды.
* * *
Қойлыбайдың қу даланы «Мысыр шаһарына» айналдырған кере- метін көріп, іштегі өш алу, қызғанышы бұрыннан бетер асқына түскен Мырзахан енді Қараторғайға көңілі кеткенін сол көңілдің желігін басар оңтайлы сәт келе жатқанын ойлап, соған тезірек жеткенше асықты. Ал- дымен есірік сыныптасымның әйелін бауырыма басып, құштарымнан шығайын, сосын облыстағы бірінші фермер атанып қыруар малды тегін алған дәулетінен құр алақан етудің жолы табылар. Шаңырағы ортасына түскен есірікті Қойлыбай әкесінің әруағы қалай қорғап қалар екен, сонда. Мұны да көрерміз. Көп те болса ол мына ақылды, сұлу әйелінің арқасында тірлік істеп жүрген шығар. Әйелі менің бауырымда бір жа- тып тұрса ол өзінен-өзі барынан жұрдай болып шыға келеді. Әкесі марқұм «үйді-үй етіп ұстау, еркекті жұртқа сыйлы етіп таныту, бала- шағаның тату-тәтті ер жетуі, қысқасы жиған-терген байлық ең арғысы есік алдындағы абалаған итіңе дейін отбасыңдағы әйелің жақсы адам болса ғана өзіңдікі өзіңе бұйырады. Егер әйел дұрыс болмаса бәрі де быт-шыты шығып, далаға кетеді. Сондықтан Алладан «Құдай қосқан қосағыңды адал етіп жолықтыр» деп тіле балам – деп отыратын. Марқұм осыған қоса әйелің сұлу, мейірімді болса, басқаның қатынынан барлық жері сүйемде болса да артық жаралса ердің бақыты сол ғой – деген сөзді айтуды ұмытты. Енді міне момын, тіл алғыш, қазан аяққа икемді, шаруаға жайлы дегенімен қойнындағы ерінің көңілін қанағаттандыра алмай жүр. Салпы етек әйелмен болған мың күнің айдай көркем ажарлы әйелмен тұрған бір күніңе тати ма. Сол әкесі де бұған өз қалауындағы, елдің еркегінде жоқ перизатты бұған қимай кеткені ме, япырмау. О несі, дүние-байлық сұлу әйелдің күле қараған бір сәттік жанарының ұшқынына тати ма десей. Мал соңында жүріп соны да білмей өткені шалдың да ақылы таяз болды-ау әсілі», – деп өлген әкесінің әйел ту- ралы ұғымына ренжіді. Ол сонда өз анасы Гүлсімнің әкесіне тең адам болмағанына қапаланғаны ма десей.
Елу жылдай тату-тәтті бірге тұрып, өмірге өзіндей ұл әкелген ата- анасының тұрмысынан кінәрат тапқысы келген баланың адалдығы осы ма? Жігіттік жасқа келмей тұрып жүрегін біреудің жақсы өмірі, артықшылығы өзіне қызғаныш тудырған, дүниедегі атақ абырой, ман- сап, байлық тек менде ғана болса деп түсінетін күндестік ауруы Мыр- захан молада жатқан әке-шешесіне кінәрат іздеуге де барғызғанын қарашы. Алла мұндай адамды да жаратқан екен-ау. Япырмай, Мырза- ханды арамзат пиғылдан кім арашалап қалады енді?..
Әлиакпар сыныптасынан кетерінде қасқыр бөлтірігін сыйлауды сұрады.
Оның өтінішіне қарап жылқышы: – Өзің қалай, қасқыр асырауды дұрыс санап отырған жайың бар ғой. Әлде менде тағы осы мақұлық болса сенен кем еместігімді сезінбеймін деген ойың ба? Құр әуестікпен асырай салатын қазақтың көнбіс көк төбеті емес, ол қасекең. Бұны өсіруге шамаң келе ме? Босбелбеу, мінезсіз адам даланың жыртқышына ие бола алмайды. Арақ ішіп алып бір күні анау Қараторғайға жасайтын- дай басынан сипап, жотасына қол жүгіртемін деп мүрдем кетіп жүрме. Қасекеңді тек біз секілді денесі де, пейілі де таза, қолы қарулы, мінезі темірдей қатал еркек қана өзіне бағындыра алады. Сен қасқырдың күшігін емес біздің иттің тұқымын, анау қара күшікті ал, – деді Мырза- хан оған білген ақылын айтып. Осы арада жандарына келген Қараторғай сөзге араласты.
Сен Мырзеке біздің Әлиәкпарға қасқырдың күшігін қимай тұрсың ба? Қой, замандасың сұраған екен бере сал. Ал, қазақта жақын адам- дар бір-біріне ит сыйламайды. Ит сыйласа екі ара қатынасы итше ырылдасып өтеді деп ырымдайды. Осыны өзіңізде білетін боларсыз, – деді еркелей күлімдеп. Қараторғайдың ақылды сөзі мәселені әп-сәтте шешті. «Қап мына қатын бүлдірді-ау. Өткенде бірінші хатшыға беру- ге уәдем бар еді. Енді арлан тұқымы қасқыр түгілі үйіндегі әйеліне ие бола алмай жүрген алқашқа бұйыратын болды», – деп Мырзахан іші қанжылады. Онысын білдірмеуге тырысып, бір кезде өзінің аузыңның салымы бар екен. Мына әдемі қатының араға түспегенде бермейтін едім, әттең Қараторғай сұрамағанда. Ал ендеше қалауыңды бердім, – деді Әлиәкпардың ұсынған қолын көрмегенсіп, Қараторғайға өз қолын ұсынды. Сен үшін, Торғайым. Осының қайтарымын жақсылап ойлана- тын шығарсың, – деді ішкі сырын жұмбақтап. Оның не деп тұрғанын Әлиәкпар түсіне қоймағанмен мүттақым келіншек жақсы түсінді де, Мырзаханның қолындағы саусағын ақырын жыбырлатып «айтқаның болады» деген ымын сездірді.
Арада бір апта өткен соң Қараторғай Мырзаханның жалаңаш кеудесіне басын төсеп жатып, бетіне түскен қамыстың жапырағын үзіп алып, Мырзаханның денесін қытықтап, бір бұйымтайын құлағына салды.
– Үлкен баламның қайын жұртына барайын деп жатырмын. Соған машинаңа отырғызып апаруға қалайсың, мырзам? – деді. Аңсары кет- кен Қараторғайын пәлендей қиындықсыз бауырына басып, омырауын сүйдірген жігіт «алғашқы кездесудің мұншалықты жылдам өткеніне іші ашып тобылғы торы әйел денесінің о жер, бұ жерінен тағы сүйгіштей бастаған. Онысы оған тіпті ұнаған болуы керек.
– Келші төрем, анау әңгүдік замандасың не көрді дейсің, мен сенің ырқыңдамын. Бәрі сенікі, келші Мырзам, – деді ентігіп...
Екеудің ынтығы басылып болғанда Мырзахан Қараторғайға:
– Әлгі құда-жегжаттарың қайда еді? – деп сұрады. Байың бірге баратын шығар.
– Жоқ ә, – деді ол. Сенің сыйлаған қасқыр бөлтірігің оған жақсы ер- мек болды. Тіпті түнде де менің жаныма жатқаннан гөрі сол жыртқыш бөлтірігінің қасында түнейтін болды. Оллаки, сөйтіп жүр албасты. Со- нысы да енді бізге жақсы емес пе, төрем? Айтшы?
– Иә, иә, жақсы. Бәрі сәтімен болып келеді, – деді Мырзахан титімдей келіншектің құмары әлі тарқамағанына таңданып. Сосын
«қайтсын байғұс, анау есірік неменің қауқары жетпей жүрсе көрінгенге мекіренбеске лажы жоқ қой мұның» – деп Қараторғайды ішінен аяп кетті. Екі күннен кейін түнде көл жағасындағы нар қамыстың ішіне қамап тастаған Әлиәкпардың бір топ қойын Мырзахан көмекшісі Беріктің брезент машинасына апыл-ғұпыл тиеп, Қызылқайыңдағы базарға сатуды тапсырды.
– Жартысы сенікі, абайла бала, – деді Берікке сұқ саусағын шошай- тып. – Жымыңды білдірме, есірікке тегін берген малдың сұрауы жоқ. Қорықпа, бала. Ешкім ештеңе сезбейді. Анау есірік болса кешеден бері арақ ішіп, қатынының дамбалына құсып жатыр.
– Жатсын солай, атаңанағлет милау. Некелі байын қадірлейтін әйелі болса біздікі. Сосын Беріктің арқасынан қағып – Жолың болсын көмекшім! – деді.
Үстіне мал тиеген машинаның жарығы қамыс арасындағы бұралаң жолға түскенде Мырзахан Мейіз дайындаған асын ішіп отырды. Араға күн салып Мырзахан «жолым қосқа» барайық деген – Қараторғайдың шақыруын алды. Уәделі уақытта тобылғы торысының көңілін аулап жатқан Мырзахан сүйікті сұлуының қолына орамалға түйген түйіншек ұстатты.
– Саған тәтті тамағың үшін берген азғантай сыйлығым еді, – деді сыпайылап. Құда-жегжатыңа жаратарсың.
– Ау, төрем, мұның не. Махаббат сатылмайды емес пе.
– Айтарсың сенде, сатылмайтын не бар қазір. Бұны өзіңді ұнатқан көңілімді білдірген жоралғым деп қабылда. Келесі бірде мөлдіреген маржандай көзіңнің, сосын ең жақсы көретін қос анарыңның, тағы сол сияқты екеумізді табыстыратын дүниелеріңнің бәріне ақы беретін бола- мын. Сен анау есірік байыңды анда-санда болса да бір алдап, шашынан сипап қой. Жүрсін маубас, соған мәз болып. Араға он-он бес күн салып, Мырзахан көмекші жылқышысына «өткендегідей сапарға дайындал, – деп қашан, қай мезгілде қай жерге келетінін әбден тәптіштеп түсіндірді. Өзі Қараторғайды Қараөзектегі құда-жегжаттарына апарып, екі-үш күн құдалық абыройын сақтап, ептеп тобылғы торы көңілдесімен оңаша сейіл құрған. Сонда Қараторғай:
– Біз Мейіз келінге обал жасап жүргеніміз жоқ па? – деген Мырзаханның бәшпайын сүйіп жатып. Некелі адамның күнәсін да ойлаған жөн шығар. Өзі, етегі салпылдап еркек қарайтын түрі жоқ, сорлы ғой. Құтты біздің анау Әлиәкпарға лайықты әйел сияқты. Мыр- зеке, саған жүдә жар болуға тұрмайды. Бірақ некелі әйелің, бақандай үш ұлыңның анасы. Түсінемін қиын, десе де сенімен кездескелі қатты жарасып, үйренісіп кеттік, күнде кездессек те қой демес ем. Түсімде сағынып жылап та алған кезім бар, құдай ақы шыным. Мұндай асыл тұқымды еркегі бар Мейіз нағыз бақытты жан ғой, құдай бізге қазіргі бақытымызды ұзағынан бергей деп тілейік. Солай ма, төрем? Келші бері құлағыңнан тістейін. Алтын торғайым, жанат құсым менің, өзім де әйелдің мұндай тәтті боларын сенсең енді білгендеймін. Бұрынғылардың бәрі бекер екен. Нағыз балшекер сенің тіліңде екен. Торғайым емес, аққұсым менің, сені екі күн көрмесем тұралмайтын болдым менде. Алланың сендей асыл жанды қосақ ретінде бұйыртпаса да, көңілдес етуге мүмкіндік бергеніне ризамын. Мырзахан әйелдің қос анарының үрпісін қайта-қайта балаша сорып, ақыры екеуінің де шабы- ты қайта қозған. Одан арғысы айтып болмайтын, суреттеп бермейтін құпия қарым-қатынасқа ұласып кетті. Әлиәкпардың семіз қойларын Қызылқайыңның базарына тағы да пұлдап келген Берік, жылқышыға көңіліндегі қорқынышын айтты.
Базарда мал сатып тұрғанда жанына көрші шопанның дардай ба- ласы келеді. Келеді де: Әлиәкпардың өзі жоқ па? Сен осы әлгі ұзынтұра жылқышының көмекші баласы емеспісің? – дейді тақылдап. Берік оның сұрағыштап кетуінен секемденіп: – Әлекең ауырып жатыр. Қараторғайды Қызылқайыңдағы дәрігері шақырыпты, әрі шалымды көрсетіп қайтайын, – деп қалаға кетті. Малдың саудасын білетініме сеніп, жұмысты маған тапсырған еді, – дейді. «Сақтықта қорлық жоқ» деген Берік, базарда біреу-міреу «мал кімдікі?» десе мені айта сал. Ол үшін мына малдың ішіне Әлекеңнің отарындағы менің қойымнан үш-төрт бас қоса сал. Оны анау есірікке де білдірерсің. Жаман айтпай жақсы жоқ, ісімізге күмән туатын болса, мал аға жылқышыныкі – деп айтарсың, иә ма?
Мақұл аға мұнымыз сенімді жұмыс болды. Енді қорықпайтын бо- лам, – деді Берік, батылданып. Арқасынан ауыр жүк түскендей жеңілдеп қалғанына көңілі көтеріліп қалды. Аға келесіде мен де үш-төрт ма- лымды қоса апарып, сіздің ісіңізді қайталасам деймін – деді. Темекісін қайта-қайта сорғыштап. Бірде күйекке түсетін аналықтың басын есеп- ке алуға ферма бастығы мен зоотехник келгенде Әлиәкпардың отары- нан жиырма бас саулық кем болып, Қараторғайдың да, Әлиәкпардың да зәре-құты қашып қатты састы. Әйелі обылсоветтің депутаты, өзі болса қадірлі Қойлекеңнің баласы. Әлиәкпар ұрлықтың қайдан келгенін ойлай-ойлай, түрлі-түрлі болжамдар жасаумен шаршап, ақыр соңында ферма меңгерушісімен келісіп өз меншігіндегі саулықтан кемісін толтырып оны тірі жанға айтпауға уәдесін бекемдеп алды. Ферма бастығы сол күні түнімен бір малдың басын мүжіп, Әлиәкпарды араққа тойдырып сұлатып салды да, түнде байының көрпесінде жатқан Қараторғайдың қолынан ұстап сыртқа алып кетті. Онда жолым үйдегі қасқыр бөлтірігінің жанындағы жылқы терісінің үстінде жататын Мырзаханның орнына ферма бастығы екеуі жантайды.
Бұл да болса көптен ойда жүрген жұмыс еді, – деді ферма бастығы.
– Бұл да сәтімен болды. Басы сәтті болған істің аяғы тәтті болады деген...
Қараторғай жиырма бас ұрланған қойдың ақысын оп-оңай төлеп үлгергеніне қанағат етті. Мырзаханның әуселесінен кем емес екен, бұл кездесу қуанышы. Әрі онда тағы да керек болар деген есептегі Қараторғай, таңертең Әлиәкпарға бастыққа бір қой беріп жіберуге ақыл қосты. Жоғалған малды төлегеніне іші удай ашып жүрген Қараторғай Мырзаханның ақылын тыңдап барып көңілі жайланды.
– Анау алқаш замандасың жоғалған малды даланың кезаяқ біреулеріне араққа сатып жіберген, мен білсем. Емесе ұры алыстан кел- ген жоқ. Бала-шағама қаладан жер алып, үй салып беру ойымда жүр еді. Мына жағдай есебімді болдырмайын деп тұр. Енді не істеймін. Сен некелі байым болмасаң да көңілдесімсің, сүйенішім, алданышымсың. Сен, замандасыңнан шаршап жүргенімде маңдайымнан сүйіп, шашым- нан сипаған жұбанышымсың. Қандай ақыл бересің? – деді Қараторғай күйзелгенін білдірмей бетін оның омырауына басып.
– Қараторғайым, – деді Мырзахан оны күйзеліп отырғанына жан ашырлық білдіргенсіп. – Мұндай-мұндай жағдай әр малшының ба- сында да бар. Әлиәкпар жиырма бас саулықты араққа сатып жіберді дегеніңе мен сенбеймін. Жау алыстан келмейтіні тағы рас. Менің ойым- ша малды нар қамыстың арасында өріп жүрген қасқырлардың немесе арыстан азулы қабандардың жеп қоюы мүмкін ғой.
Олар да өріп жүр. Мал етіне өлердей жерік. Қысқасы жоғалған мал енді қайта келмейді. Оған қайғырып, басыңа қара бұлт төнбей-ақ қойсын. Әлиәкпарға көз тиген шығар. Әдемі әйел алды. Қариясы ме- диен даланы гүлзар баққа орады. Өзі үкіметтен бір отар қой, бір үйір жылқыны су тегінге алды. Шалының еңбегі ескерілген болар. Дегенде осының бәрін көре алмайтын, іші тар біреудің көзі тиген шығар. Біреуді- біреу күндеген заманның зауалы осы да. Әлиәкпардың шалқыған ыры- сын сақтауды Алладан сұрап, Құран оқыту керек. Әлиәкпар екеуіңнің халық көзіне түскен абыройларыңды, байлықтарыңды Алладан «қорғай гөр» деп тілек тілеу керек. Маңайыңдағы көршілерді шақырып ас беріп, молдаға Құран оқыту қажет. Әне сонда барып сендерді нысанаға алып жүрген арам ниетті зәлімнен құтылатын боларсыңдар. Қараторғай ферма бастығымен кеңескенде ол да Мырзахандыкі жөн, ескіден келе жатқан мұсылман жолы осы, – деді.
– Қалған шығынның орнын жабатын да кез келді, – деді Мырза- хан Қараторғайына. – Әзірге шыдай тұр. Алда қыс келеді. Әдепкі қар жауғанда осы айтқан уәдемді орындап беремін. Маған сенуіңе болады, – деді тағы көңілдесін нықтап.
Оған иланған әйел көңілдесін бұрынғыдан да бетер қысып-қысып қайта сүйіп, өзінің құштарлығын білдірудің түрлі айла-шарқын қымсынбай жасауға ықылас аударды.
Әлиәкпар жүрек талмасымен қара күзге дейін екі рет ауруха- нада жатты. Соңғы жатқанында Қараторғай да емделді. Мырзахан сыйлаған қасқыр бөлтірігі бұл кезде жасына жетіп, жылқышының екі қазақы төбетіндей, аяқтары серейіп, бойын созып тәп-тәуір қасқырдың өзі болып қалды. Қыстауға қоныс аударатын күн жақындаған сайын Әлиәкпарға сыйлаған бөлтіріктің күтіміне Мырзахан қарап, мезгіл- мезгіл Мейіз бен Қараторғайдан шикі ет сұрап алып, оны сүйек-саяқпен молықтырып беруді әдетке айналдырды. Қызылқайыңнан қашық емес базардан арзан ет сатып алып тұруына мүмкіндік туды. Ет жеп диланған сайын бөлтіріктің денесі толысып, мойын-омыртқасы қатая бастады. Желке жүні оқтын-оқтын дүрдиіп, екі көзі шатынап ұлитын кезі де болды. Алдағы қыста оның шағылысуға жасы келетіндігі белгілі еді. Өзі Мырзаханға әбден бауыр басып кетті. Оның бөлтірікке тамақты өзінің беруі, оқтын-оқтын басынан сипап, денесіне қол жүгіртіп отыруы, жылы сөйлеп, жылы қабақ танытуы екеуінің арасындағы жақындықты қалыптастырды. Ал Әлиәкпарға бөлтіріктің мұндай сезім жоқтығын, оны көргенде езуін ыржыйтып, сақылдатып тісін көрсетуі, оны жақтырмайтынын көрсететін-ді. Осыны ескерген Мыр- захан Әлиәкпардың келісімімен Қойлыбайдың хайуанаттар паркінен тағы бір ұяласын алдырды. Ол мұны ертеде Жанарыс деген жолда- сымен бірге Қарақалпақстандағы Шайхы түйекештің үйіне барғанда көрген, сосын малшылардан естіген. Бір тәсілді осында да сынап көрсе қалай болады екен деген оймен алдырған. Шайхы түйекештің есік ал- дында кісі бойына жете қабыл темір тордан қасқыр қаншығын көріп, бұл не үшін қамалды? – деп сұраған үй егесінен. Сонда аңшы қария:
– қасқыр ұстау үшін қасқырды пайдаланамын, – деген еді. Сонан соң аңшы қасқырды торымен қыстың әдепкі айларында елсіз жерге апарып қойып, өзі жасырынып жатады екен. Ай туа тордағы қаншық қасқыр табиғи қажеттілігі үшін ұлып, өзіне өзге арландарды шақырады екен. Сонда келген қасқырларды бірінен кейін бірін мылтықпен сұлатып са- латын көрінеді. Осы қаншықтың боздауымен келген он бес ақкөз арлан жер құшты. Онан біраз қаржы таптым, – деген түйеші қария. Егер Мыр- захан темір торға екі-үш ұялас бөлтірікті қамап, Телікөлдің жағасына апарып қойып, өзі бір-екі мергенмен қамыстың арасында жасырынып жатса, құдай біледі төңіректе жосып жүрген қыруар жалмауыз мұның оғына ілінеді. Үлкен қасқырдың терісіне үкімет мың теңгеден бәйге бермейді. Олай болса желтоқсанның аяғынан ақпанның ортасына дейін Сарысу даласымен Телікөл қамысының жықпылында жатқан ондаған қасқыр ұйығуды тілеп боздаған қаншықтың шақыруымен мұның оғына ілінеді, әлі көрерсің. Қаншықтың ұлып боздағанын естігенде туу Са- рысу өзенінің бойындағы жыңғыл тоғайынан да «жігітшілік ауруы- на» ынталылар осында шұбайды. Қаншық қасқырды қамайтын мықты темірден екі тор жасап, тездетіп жеткізіп беруге көмекшісі Берік пен Әлиәкпарды Қызылқайыңға жұмсады. Олар бір аптаның ішінде екі тор ұямен үш-төрт аңшыны ертіп келді. «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» деп Абай ақын айтпақшы тор жасатуға барғандар қарап жүрмей, тордың не үшін керегін, оған кім тапсырыс беріп отырғанын, Әлиәкпар жылқышы Мырзахан туралы ертегіден бетер айтып берді. Оны естіген аңқұмарлар бұлардың Телікөлдегі мекенін сұрап алып, керек кезінде ха- барласса баруға әзір екенін білдіреді.
– Жайларыңа жүрмей сырларыңды күллі қалаға жайып келгендерің бекер болды, – деді Мырзахан. – Енді біздің құпиямызды аңшылар ин- спекциясы да біліп отыр. Ертең олар өз құқығын, заңын көлденең тар- тып, табысқа ортақ болары анық. Құпиямызды бекер бықсытқансыңдар, Әлиәкпар, Берік болса әлі бала, ал саған не жоқ, дардай болып құпияны көрінген адамға хабарлап, немене сол үшін ақша төледі ма саған? – деді ренжіп.
Бұның ішінде сыр сақталмайтынын енді білдің бе? Жүз грамм арақ ішсе, ол түгіл әйелі мені де сатып кететін пәтуасыз ғой бұл, – деп Қараторғай шырылдап қоя берді.
Күні ертең осы естігеніміз шын ба, өтірік пе, барып білейік, – деп, осында келе бастайды. Келсін, мына торларды нар қамыстың ішіне тығып тастайық. Келушілер әр нәрсені сылтауратып сұрағыштай бергеніне сыр ашпаңдар. Аңшылық инспекциядан немесе полициядан болсын қорықпаңдар, бір ауыз сыр ашпаңдар. Келістік пе, осыған? Аға жылқышы айтса айтқандай бір ай бойы осы төңіректі белгісіз адамдар кезді де жүрді. Олар сезікті ештеңе таппаған соң, естігеніміз құр лақап әңгіме болды деп, келуін сиретіп ақырында ізді-қайым жоғалып тынды.
«Қызылқайыңның» базарына барып қасқыр ататын топ жинап жүр екен әлгі сенің Әлиәкпарың» – деген әңгіме ферма бастығының да құлағына тиіп, сол бойда «мынау ажалынан бұрын өлейін деп жүр екен,
жамандықты тілемесе есі дұрыс адам қасқырды үйіне шақырып, қырып салатын айла таптым деп жар сала ма? Қасқырды қырып саламын деп жүргенде қасқырлар қойымен қоса өзін жеп кетсе қайтеді. «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді», – деген. Бұған бір нәрсе көрінгелі жүр екен. Анау ақылды депутаты неге тоқтау айтпайды, Қап, енді елдің бәрін ұятқа қалдырмаса нетті.
* * *
«Аяқкөлге» Қойлыбайдың есімін алып беру туралы Мырзахан бастаған бір топ малшы аудан әкімі мен аудандық кеңеске ұсыныс хат жазған-ды. Содан бері бес-алты ай өтсе де аудандағылар ләм деп тіс жармады. Хатшының алдына Қараторғай кіргісі келді. Қалың қабақты, қою қасты, беті жалпақ мойыны жуан екі иығына екі мінгендей, батыр тұлғалы хатшы бір қараған кісіге сұсты, тәкәппар, қатал кісі болып көрінер еді. Өзі көрші Тереңсай ауданында он сегіз жыл бірінші хатшы болып істеген, облыстық, республикалық кеңеске әлденеше рет депутат болып сайланған, республикалық, одақтық партия съездеріне делегат болып қатысқан, бірнеше орден, медальдары да бар, өз ортасына сыйлы да, беделді адам еді. Оның көңіліне жағуға тырысқан әйел мен ер кісілер маңында қаптап жүретін. Бірақ бәрінің айтары ісіңді жылдам шеше сал- май әбден діңкелетіп барып орындайтыны қиын. Әйтпесе қазір облы- ста адам жанын түсінетін ескі көз басшылардан қалған жалғыз өзі. Ал Қараторғай қарындас, өзің атақты малшының келінісің, депутаттығың және бар, ерің болса атақты Қойлыбайдың баласы. Ендеше атаңа бақа- шаяны қаптап, суын шылау басып борсыған бір көлдің атын алып беруге шамаң келеді. Бірақ алдыңда басына кез-келген адам өрмелеп шыға алмайтын бір биік жарқабақ тұр. Ол бірінші хатшының қабағы. Сол қабаққа өрмелеп шыға алсаң, Сасықкөл ғана емес анау Сырдария өзенінің атын алып бересің. Өзі жасы келіп қалса да жас келіншектермен көкпар шабуға теріс емес.
– Білдей еркек бітіре алмаған шаруаны өзіңдей сұлулар орындап шығады, әйтеуір, не сиқыры барын қайдам. Тәуекел деп, жарқабақтан жасқанбасаң алдына бар, мүмкін жолың болар, – деген ауыл шаруашылық бастығы Қарқынбек. Күйеуі құрдастығын алға салып көрінген жерде есі кетіп тұратын еркіндігін ұнататын Қараторғай оған сырын айтқанда. Жүдә болмаса әйелсің ғой беті ашылған, көзіңді мөлдіретіп бір қара, көзіңе көзі түскенде жанарын тайдырып әкетпесе ісің аңғарылар.
– Мұның не тағы. Өзі өмір бойы аудан басқарып аққаптал болған адам алпысқа дейін әйел десе есі кетіп тұра ма? Әлде құр қызығудан өзгеге бармайтын еркек пе? Алпыс жылда екі ауданды билеген адам әйелдің не бір келістісін еркелетіп әбден қажыған шығар, бәлки. Мейлі әйелді құр болмаса көзімен атуға жараса арғы жағын көріп алармын. Сол жарқабағыңа барайын, – деген ойлана-ойлана келіп Қараторғай.
– Өзің біл, бір ұнатса, жанынан тастамай ертіп жүріп сырласатын да мінезі бар дейді жұрт. Жанына еремін деп жүріп Әлиәкпарыңнан ай- рылып қалып жүрме, дегенім ғой деп сылқ-сылқ күлген Қарқынбекті қалдырып, одан шығысымен аупарткомның ғимаратына тартқан Қараторғай. Кезінде Қойлекеңнің бір баласындай болып өскен хатшы- ның көмекшісі оны күттірмей кіргізді. Ішке енген келіншек төрдің қарсы бетінде биік төбенің үстіне үйілген қаратас секілді айбынды хатшыға қолын жүрегіне басып, басын иіп сәлемдесті. Мұндай құрметті көптен бері көрмеді ме, жоқ қазақы салтқа жетік әдемі қара келіншектің ізетіне, мәдениеттілігіне ықыласы ауып кетті ме? – хатшы.
– Рахмет, рахмет. Бері қарай жақындаңыз, – деді гүр етіп. Дау- сы бейне бір көлеңкеде демалып жатқан арыстандай айбарлы шықты. Міне, нағыз еркек деп осыны айтуға болады Қимыл-қозғалысы да, қас- қабағы да тіпті дауысы да еркектің жарамдысын әйгілейді. Қараторғай
«жарқабақтың» алдындағы орындыққа жетіп «біссмілдә» деп отыра бергенде ана арыстан хатшы ойда жоқ сауал қойды.
– Қалқам өзің қай мешіттен келіп едің? Жұмысың маған қатысты болса кідірме, айтыңыз, – деді. Бұған бүркіттің бүруінен қорқып бүрісіп отырған қояндай Қараторғай орнынан лып ете тұрып, оң қолын және жүрек тұсына басып белін бүге басын иді. Сосын, – мархаббат етіңіз әміршім.
– Мен мешіттен емес, сіз билеген ауданның малшысымын. Қойлыбай қартты білсеңіз сол кісінің келінімін, ныспым Қараторғай, – деді сызы- лып. Әйелдің мына мінезі, қимыл-қозғалысы, берген жауабы хатшыны онан әрі таң қалдырды. Бейне бір үстіне тал түсте сиқыршы келіп, оны ішке көмекшісі кіргізіп жібергендей айран-асыр қалып, Қараторғайдан көзін алмай отыр. Ол алдындағы қоңырауды қолындағы қалам сабымен шылдыр еткізіп түртіп қалды. Артынша ішке көмекшісі кірді. Ол: – ал, Дүйсенов мырза, мына кісіні сіз жібердіңіз бе? Бұл кісі сиқыршы ма, әлде мешіттің молдасы ма, кім екенін сұрадыңыз ба? – деді.
Дүйсенов мына келіншектің бір нәрсе бүлдіргенін андай қойды. Бірақ ол жауап берем дегенше ана келіншек орнынан лып ете қайта тұрып, күтпеген жерден әлгі сәлемін және қайталап шықты да, бірден – Сізді түскі шайға шақырамын хатшы мырза, депутаттық, малшылық қызметімді құрметтейді деп сенемін, – деді ойда жоқ жерден. Арыстан- дай айбатты хатшы мына сөзді естігенде аузы аңқиып қарап қалды. Ол екі ауданды билегенде алдына кірген әйелден бірде-бір мәрте осындай шақыруды естімеген еді. Қабағы, қасы қалың, «жарқабақтың» терең жырасынан шығып тұрған қоңыр көзі таңданысқа тола еді. Көмекшісі Дүйсенов жол тауып кетті. Сынаптай сырғып келді де, Қараторғайды қолынан ұстап орнынан тұрғызды да:
– Кешіріңіз, хатшы мырза, бұл кісі сізді біреумен шатастырып алыпты. Ренжімеңіз екі минуттан кейін қайта әкелейін, – деп хатшының келісімін сұрамастан есіктен шыға жөнелді. Енді хатшы келіншек пен көмекшісі шыққан есікке қарап отырып, онан әрі таңырқай түсті. Сосын Қарқынбекке телефон шалды.
– Сен айтшы маған, бүгін қай күн өзі, жұма емес пе? – деді.
– Өзара еркін әзілдесіп отыратын ашық жарқын Қарқынбек хатшы- ның сүйікті адамының бірі еді. Оның бүгін жұма емес пе дегеніне қи- қилап күліп алды да, сосын.
– Сәке, мен енді түсіндім. Алдыңызға бірінші кірген әйел заты бол- ды ғой. Және де ол сиқыршыдан бетер өзіңізді арбап алды, – деді. Бәрін көріп-біліп отырғандай.
– Рас, рас. Сол айтқаныңның жаны бар, сірә сиқыршы болмаса да діндәр адам ба, не есалаң біреу ме, келе сала шаруасын айтпай түскі шайға шақырды. Сонда кім деп ойлайды екен мені?
– Шұрқ етпеңіз, хатшы, шайға шақырса сізге есі кетіп жүрген әйел болды. Әйел ұнатса бағаңыздың әлі барын білдірмей ме. Тіпті әйелдің шақыруына менде барайын, қолдасаңыз, – деді шиқ-шиқ күліп. Депу- тат келіншекті көмекшісі хатшыға қайта кіргізген жоқ. Бірақ үш күннен кейін өзінің сүйікті адамы Қарқынбек, хатшыны әлгі малшы әйелдің үйіне баруға үгіттеді. Өткенде түскі шәйға шақырып келген сиқыршы әйел сізге көңілі кетіп қалған екен. Астына ат мінгіземін, өткенде ұят болды. Енді үйге ертіп келіңіз деп отырып алды. Мені аттан айырмасаңыз, келісіңіз. Барсақ халық қалаулысы, әрі біздің фермердің отбасы. Оған барған саясатқа еш томпағы жоқ, қайта хатшымыз ел ішіндегі абыройы бар отбасына барыпты, – деп мақтамаса, менің атым- ды теріс қойыңыз деп олай бір, бұлай бір айналдырып, жұмыс аяғында ауыл шаруашылығы бастығы Қарқынбекті қасына мінгізген хатшының ақсұр машинасы қала сыртындағы малшының үйіне бет алды.
– Аты Қараторғай болғанымен заты айдында жүзген аққумен пара пар. Сол аққу қазыңыздың қызығын көруді жаратқан ием сізге нәсіп ет- кен шығар, – деді Қарқынбек жол үсті.
– Қызылқайыңнан шыққан хатшының көлігі шоқал-шоқал сары шырпылы құмдардың арасын қуалаған жолмен суда жүзген балықтай сылаңдап біраз жүрген соң, алдарынан ақ кемедей айдындалып ақ үйдің бейнесі көрінді. Машина енді бір мезетте үйдің қарсы алдындағы алаңқайға келіп тоқтады. Сыртта әлде біреудің келді, келді деген үні сосын артынан «құдайға шүкір хатшым, патшам, келген екенсіз ғой қаратауым деген Қараторғайдың сыңғырлаған дауысы оның артынша патшамды кілемнің үстіне түсіріңдер. Уа, Әлиәкпар қайда құрып кеттің? Үй иесілік жолыңмен қонақтың алдынан шығып қарсы алмаймысың, – деген әйелдің еріне әмір берген дауысы шықты.
– Келдік, – деді Қарқынбек әйнектің сыртындағы олай-бұлай жүгір- ген адамдардың қимылына қарап отырған хатшыға.
Жердегі кілемшеге түскен хатшымен алдымен «қош келдіңіз» деп Әлиәкпар қос қолдай амандасты. Оның артында басын иіп оң қолын алақанымен жүрек тұсын басып, иіліп Қараторғай тұр еді.
– Басқан қадамыңызға ақ жол, шақыруымды жерге тастамай кел- геніңізге шын ниетіммен алғыс айта отырып, келген қадамыңыз құт болсын падишам, – деп ол қолындағы ақ гүлді орамал үстіндегі бір таба нанды хатшыға ұсынып. Әйелдің қымбат матадан тігілген ақ желбегейінің омырауын керген әңгелектей қос анары, жиырма жа- сар қыздың денесіндей сылаңдаған қыпша белі, тобылғы торы жүзін әйгілеп шоқтай жайнаған көз жанарлары бір қараған адамды есінен тандырғандай еді. Хатшы Қарқынбекке бұрылып – Анау құрдасыңның келіншегіне ескертіп қой. Жаңағыдай «патшам» деп мадақтамай- ақ қойсын. Бұл сөз бірақ адамға айтылатын сөз. Біреу болмаса біреу
«пәленшені аудандағы малшысына дейін хан, патша» деп қолпаштайды екен. Тіпті таққа да мінгізіп күтіп алады, бұл не деген жеке басқа та- быну, оның қатарында президентке мұндай құрмет жасалмайды, – деп жоғарыдағылардың құлағына сыбырлап жүрер. Сондаболар тойдың көкесі. Фермердің пысық қатынына қол салған қудың бірісің бе, қайдам. Оған аш қасқырша жұтынып тұрсың ғой, бала. Ағаң мен кездестіруді сылтауратып қызығын өзің көрмексің бе, қайдам. Әйтеуір ойыңда бір не құпия есеп барын, білмедім.
Хатшының оны Қараторғайдан қызғанып отырғандай, қызғаныш емес-ау мұның атын жамылып өз бағасын көтеріп абыройын асырмақ қулығы, сосын білген шаруасын істеп хатшысын есек дәмемен ал- дап кету жағы да бар ма, иттің. Тым жылмыңдап, асты-үстіне түсіп осында ертіп келді, әйтеуір. Мына жылмыңдаған сұлу әйел «хатшы- ны ертіп келсең, бодауыңа бір ат мінгіземін», – дегені қалай. Менің арқамда атқа мінсе, менің мінетінім не, Қараторғайдың өзі ме? Әй қайдам, шопанның үйіне барып, некелі әйелін айналдырыпты – деген сөзден, естіген елге масқара болмасақ өсітіп, не де болса келуін келіп алып, қалай қайтуды да ойламасақ бола ма? – деген сұраққа не деп жауап берерін білмеген хатшы. Тамақтан кейін Аяқкөлді өз көзімен көріп шыққаным теріс болмас деп оны, Қарқынбекке білдіргенде ол бірден
«табылған ақыл» деп құптады да іле Қараторғай мен Әлиәкпарға хат- шы көлге барып, самалдап қайтқысы келетінін жеткізді. «Іздегенге сұраған» демекші әкесінің есімін осы көлге алып беруді шешетін адам үйіне келіп, көлдің жайын өзі көруге ықылас білдіріп отырғаны құдайдың қолдауы емей немене.
– «Үндеме Әлиәкпар, ақ түйенің қарны жарылатын кез келді. Осын- дай патшаны қара шаймен қайтарасың ба? Ұят болады. Әкең Қойлыкең болса, мұндайда хатшының қалтасына бір аттың құнын салып, бір атты машинаға тиеп үйіне апарып, байлап кетер еді. Оллаки, сөйтеді. Ал сен Қараторғайдың етегінің астынан шықпай төменшіктей бересің. Хатшы сасыған көлді әкеңнің атына әперіп қана тынбайды. Алдағы уақытта кез-келген бұйымтайыңды орындап беретін құдіреті бар адам ғой. Осы- ны ойладыңдар ма өзі?»
– Ал, Қараторғай, – деді Қарқынбек депутат келіншекті өзіне қаратып.
– Мен уәдені орындадым. Енді сен де айтқаныңда тұрып уәдеңді орындайсың ғой. Жоқ, мына алқаш күйеуің ұқсап жерге қарап оты- ра беремісің? Айтқан сөзің рас болса кетерде береріңді бер, ала кетемін.
– Әй, Қарқынбек, – деді хатшы әлгі көл жаққа бару ниетіміз орын- дала ма? Неге күйбеңдеп кеттіңдер бәрің?
Мұны естіген Қараторғай Әлиәкпардың күн бойы екі-үш стакан ұрлап ішкен арағын қайта құстыруға сәл-ақ қалды.
– Отағасы, ау, отағасы мында кел гәп бар, – деді екінші бөлмеге өте бере Қарқынжан сізде келсеңіз дұрыс болар еді...
– Сен, хатшы келгенде арағыңды артыңа тық, құлап іше бермей. Не- менеге ішесің басқа күн құрып қалып па. Қазір машинаға қазан-ошақты тие де, бір қойды алып көл жаққа бар. Сыбағасын хатшыға самал ескен көк шөптің үстінде берейік. Сосын бері қара батырым, – деп бұрыла берген күйеуін тағы тоқтатты. Мына Қарқынбектің көлігіне отыр да тура Телікөлдегі Мырзахандікіне тарт. Қасқыр бөлтірігін беріп, доста- сып жүрген адамсың ғой. Айтсаң түсінеді. Алғанымды тездеп қайтарып беремін де, – деп менің сәлемімді тағы жеткіз. Өткенде базарға бір үйір жылқы сатып, пұлын жанбасына басып отыр деген. Содан екі бас қылқұйрықтың ақшасын сұрап ал. Хатшы мен Қарқынбекке берейік. Реті келіп тұрған жерде жолыңнан жығылма. Бергеніңнің есесі екі есе болып қайтарына мен сенемін. Түсіндің бе, Әлиәкпар? Онда кәне атқа мін, зырқыра Мырзаханға қарай. Қарқынбек, хатшыны Қараторғайды ортаға мінгізіп көл басына кеткенде, ауыл шаруашылығының бас- қармасы бастығының соңынан келген машинасына мінген Әлиәкпар Телікөлге қарай тартты.
– Күздің ортасы болғанымен көл жағасындағы белуардан келетін өара өлең, көк құрақтың іргесі сөгілмеген екен. Қараторғай мен Қарқынбек үйден әкелінген үлкен түкті кілемді шөптің үстіне жай- ып, көрпеше жастықты молынан тастап төрге хатшыны отырғызғанда, балуан денелі хатшы көк құрақтың тасасынан көрінбей қалды. Оның қасына жастықты шынтағына төсеп жайғасқан Қарқынбек: – Таза ауа, көл бетінен ескен саумал самал, түрлі шөптердің иісі тыныс ашқан рахат жайға риза болып. – Ой, рахат-ай, Басеке. Керемет емес пе? Осындай табиғаттың тамаша ортасында сіздей асыл адам мен анау Қараторғайдай перизатпен бірге отырып, бір жұтым арақ жұтқанның өзі неге тұрады, ә – деді көңілдене сөйлеп. Дастарқан қамымен жүрген Қараторғай есіл-дерті хатшы жақта болғанымен Қарқынбектің өзін хатшыға қоса атағанына ризалық білдіре мөлдіре қарады. «Қарқынбек те бір жігіттің сұлтаны ғой, жылқышы Мырзахандай қымыз ішіп, қазы- қарта жеп еркектік бабын сақтап жүруге мұның да шамасы жетеді. Өзі қыр соңымнан қалмай бекер оқырынып жүр деймісің, – деп Қараторғай тағы бұрылып көзін қысты. Бірақ өзіне хатшының көздері қадалып отырғанын көріп бетін жылдам бұрып әкетті. Сосын тойымсыз есіне бір жылқышы, бір мына қатар отырған хатшы мен Қарқынбек түсіп, бүгін қалайда бір қызық іс болатынына елікті. Мырзаханмен жерге алғаш қар түскенде кездесетіні есіне түсіп, оған біраз уақыт барын ой- лап соған дейін ермек етуге белгісіз біреуді қалап отырғанын сезген Қараторғай хатшыға бір, Қарқынбекке бір қарап елегізи берді. Сонда не оның іздегені. Әккі сұлу әйелдің өзі де дәл басып айта алмады. Еркектің иісін сағынғандай, кеудесі тартып, тартып сыздады. Ойпырмай мына кісілерді-ай деп хатшы мен Қарқынбектің үн-түнсіз отырып күрең шай- ды іше бергеніне ренжіді.
Көңілді ауыл шаруашылық басқармасының бастығы тілге келді.
– Депутат қалқам, Әлиәкпардың төбесі көрінбейді ғой? Бізбен бірге отырмады, қайда жібердің біздің құрдасты, – деді Қараторғайға күле қарап Қарқынбек. Әлиәкпар кешке дейін қара көрсетпейтінін білетінін ол хатшыға сыбырлады.
– Шақырған кісіңіздің байы осы кеткеннен қашан келерін құдай біледі. Өзі араққа жақындау неме барған жерінде сылқия ішіп қонып қалуы да ғажап емес. Қолайлы сәтті босқа жібермей депутатпен әлгі атасының атына осы көлді беруге деген әңгімені пысықтап алсаңыз қайтеді? Сіздер осында отырып әңгімелесіңіздер. Мен аздап мызғып алайын, – деді кешірім өтінгендей хатшыдан. Сосын сіз Қараторғайдан нені білгіңіз келеді, не қалайсыз ашып сұрай беріңіз. Ақылды әйел ұятқа қалдырмаудың амалын өзі табады, – деп Қараторғайға қарап, көзін қысты.
– Қараторғай сен бері жақындап отыр. Хатшының білгісі келетін нәрсесіне жауап беретін сенен өзге ешкім жоқ. Қысылмай сұхбат құрыңыздар. Ал, мен тамақ келгенше мызғуға кеттім.
– Қараторғай деп атыңызды қойған әке-шешеңіз болар, – деді хатшы өзімен иық тіресе отырған келіншекке. Жақсы, еш жерде кездестірмеген есімім.
– Бұйырғаны сол болса қайтеміз, қазір отыз жылдан бері Қараторғай атымен жүріп жатырмын, аға. Сіз немесе менің атымды қомсынып отырмысыз?
– Жо, жоқ, ә, – деді хатшы келіншекті үркітіп алдым ба дегендей қысыла күліп. – Бәрімізде өз қалауымызбен аталған жоқпыз. Бұйырған несібемізге қарай аталып сонымен жүріп келеміз.
Екеу ара әңгіме осымен аяқталып қала ма деп қорыққан Қараторғай күтпеген батылдық жасады. – Мына жағадағы құмның үстінен көлдің бар аумағы әйбәт көрінеді. Мүмкін сонда барармыз. Құм үсті жұмсақ, тізе басып отырар да орын бар. Ал кеттік пе? – деп орнынан лып ете тұрып, көрпеше үстіндегі жастықты қолтығына қысты да бос қолын хатшыға қарай созды.
– Кәне демеп жіберейін.
– Құп, енді мен сіздің еркіңіздемін. Бастаңыз, құм үстін де көрген артық болмас. Арада көп уақыт өткен жоқ. Келіншектің денесі жастық үстінде отырған хатшының алып денесіне бірден көміліп кетті. – Ау, аға мұныңыз не, ұят қой. Байым келіп қалса қайтеміз? – дегендей тәтті қарсылығы, қарсылығы емес-ау, өзіне бұрынғыдан бетер жақындата түскен ыстық лебізі хатшының дегбірін кетіріп әйелді құшақтай икем- деп алдына отырғызды. Сол сәтте әйел үйренген дағдысымен еркектің белдемесін апұл-ғұпыл ағыта бастады.
Падишасының алпамсадай ауыр денесі, талдырмаштай нәзік оның денесін езіп, сүйек-сүйегін уатып жібергендей, ауырсынған келіншек тұра алмай біразға дейін өзі-өзіне келе алмады. Еркектің қолы кеудесіне тигенде барып:
– Аға ұят болды-ау, – деді әміршісінен кешірім сұрағандай, жүндес білегіне бетін басып. – Мұндай әрекетті өмірімде көрмеппін. Құм үстінде емес, құс төсекте жататын адамсыз ғой, қайтейін. Оның да кезегі келер аман болсақ. Әйел енді еркектің білегіне ернін тигізіп, тілімен ақырын жалап, артынша еркелей тістеледі.
– Ойнасақ та біраз жерге барыппыз. Құмды ұнатпай қалсаң, әлгі құс төсегіңе де барамыз ұзамай, – деді хатшы, шойындай ауыр алақанымен бөксесінен сыйпап. – Енді тұрайық, төмендегілер іздеп жатқан бо- лар. Ал, сенің мына шалшық көлді атаңның атына алып беруге деген бұйымтайың орындалды деп есепте. Анау ішкіш байыңнан сүйінші сұрасаң да болады. Әйел құм үстінде жатқан хатшының киімдерін көтеріп сілкіп, шөп қиқымдарын саусақтарымен алып тастап иесіне ұсынып жатқанда, төмендегі адамдар жақтан дабыр-дүбір шықты.
– Іздеп жатыр ма? Енді төмен түскен абзал – деді хатшы ұйып қалған тізесін уқалап. Олар құм түйіршіктерін кешіп жоғарыдан түскенде ал- дарынан жылмиып Қарқынбек шықты.
– Тамақ та дайын. Әлиәкпардан хабар жоқ әлі. Ал, – деді хатшыға төменшіктей қарап, – Қалай Аяқкөлді көрдіңіз бе? Қараторғай тағы не көрсетті? Бұл жердің табиғаты сұлу, қарасаң көз тойғысыз, Басеке.
– Иә көрдім, көрдім. Табиғаттың нағыз көркем туындысы шалшық көлдерің, жел суырған құмдарың емес, ол Қараторғайдың өзі ме деп қалдым.
– Міне, тамаша айтылған теңеу. Әлі маған дәл осы кісідей етіп ешкім теңеу айтқан емес, – деді хатшының бағасына риза болған әйел. Байым естісе қызғаныштан іші жарылып өлер, байғұс.
– Керемет теңеу, жазушы, ақындарыңның өзі мұндай теңеуді айта алмайды. Бәрекелді, Басеке, – деп жымыңдаған Қарқынбек. Бастықтың ризалығын алуына кімнің көмегі тигенін ескерерсің, дегендей Қара- торғайға қарап жымың етті. Артынша бас бармағын қайқайтып моло- дессің, – деді. Өзінің қызметін есіне салғандай хатшыға ыржия күліп басын шұлғыды. – Басеке, әлгі айтқан теңеуіңіз үшін бір-бір жұтым шарап алсақ қайтеді?
– Болсын. Тек бір жұтым ғана.
Хатшыдан келісім болған соң Қарқынбек пен Қараторғай алдын- ала дайындалған шарап құйылған ыдыстарды әкеле бастады. Ет келді, одан балық қуырмашымен бірге шай келді. Кеш түсіп, төңіректе ымырт үйіріле бастағанда «тау қопарып» қайтқандай Әлиәкпар жетті. Бәрі екі көлікке жайғасып қыстауға, сосын аудан орталығына қарай жол тартты.
* * *
Дәу бастықтың машинасында, нақа сол кісінің зайыбы неме- се бауыры сияқты шалқая отырып жүрген Қараторғайды алдымен кеңседегілердің көзі шалды. Мұнан кейін көшедегі жайбар адамдар байқады. Дәу бастықтың машинасы бұндағы үлкен-кішіге сонадайдан көрінсе бірден таныс еді. Ал мына ішінде отырған қара торы келіншекті оның кім екенін білмейтіндер жанынан өткенде басын шұлғысып, жылы сәлемдесіп, аудан билігіндегі кісінің көлігіне жәйбар кісі отыру- шы ма еді, жақыны болды ғой деген ұғыммен әйнектен болса да өзінің ілтипатын, қызметін білдіріп қалатын.
Аудандық кеңестің кезекті сессиясына жиналған депутаттармен бірге Мырзаханмен жақсы таныс, Қараторғайды бастықтың көлігінен түскенін көргендердің арасында, баяғы Мырзахан жылқышының үйінде қонақта болып, «жолым қоста» Қараторғаймен кездескен де- путат Бегімде бар-тын. Ферма меңгерушісі Қайыржан, Бегім, Мыр- захан аупарткомның алдында темекі шегісіп, әңгімелесіп тұрғанда дәу бастықтың ақсұр машинасымен, ауыл шаруашылығы бастығы Қарқынбек, артқы орындықтан Қараторғай мен тағы бір орта бойлы толықша келген екі беті қызыл алмадай ажарлы әйел түскен. Сонда Қарқынбек: – Орта толсын байлар, деп Мырзаханмен таныстығын алға тарта сәлемдескен. Әйелдерде басын шұлғыса амандық сұрағаннан әрі бармай, бастарын изеп ішке өткен.
– Сірә, сессияға облыстан қатысатын өкілдер болды ғой мына келін- шектер, деген Мырзаханға. – Олай емес, – деді Қарқынбек Мырзаханға көзін қысып.
– Болса болар бастықтың машинасына кез келген әйелдің бөксесі тие бере ме, – деді ферма меңгерушісі ырқылдай күліп.
– Қазір әйелдің басына қарап емес, бөксесіне қарай бағалайтын за- ман ғой.
– Әй, қайдам, – деді Бегім, екеуінің де ол жері мен мұндалап тұр- ғандай емес.
– Әй, аупарткомның алдында тұрып орынсыз сөйлеуге болмай- ды. Әйелдердің он екі мүшесіне қадалғанша ауылыңның жағдайын ойласаңшы, Мырзахан. Қойшы болсаң қойыңның, жылқышы болсаң жылқыңның бөксесіне қара, түйе бақсаң нарыңның өркешіне қара. Қысқасы, әркім өз кәсібіне лайықты сөйлеген жөн, – деген Қарқынбекке ферма меңгерушісі. – Қақаңдікі әділ сөз. Біздікі оқта-текте қалаға бір келетін болған соң, әйел затына қарап өзіміздің еркек екенімізді сездірмек болғанымыз шығар. Оған сіздер тарылмаңыздар, әтір исі аңқыған сұлу әйелді күнде көріп жүрген сендер сияқты емеспіз ғой – де- ген Мырзаханға Қарқынбек, қалаға оқта-текте келем деп мүләйімсіме, сен – деді оған. – Жылқышы Мырзаханның оңашада кіммен келіп, қайда арақ ішіп, түшпәра жеп тұратынын күллі аудан біледі. Онан да «қызды кім айтпайды, қымызды кім ішпейді» деген ата жолын сақтасақ несі айып деп құтылмаймысың, – деп Мырзаханның аузын жапты. Бірақ ол да оңайлықпен берісе қоймады. Бастықтың машинасынан түскен Қараторғайды көріп ішін қызғаныш биледі. Ертеден тез тіл табысып кет- кен көңілдесі аудан басшысының көлігіне жайдан-жай мінбес. Мінезі, қылығы өзіне жақсы белгілі, тағы жылмаңдаған ауыл шаруашылығы бастығының сөздері мен әзілі де ұнаған жоқ. Қараторғай қыстауға көшкелі екеуінің қатынасы сирексіп кеткен соң, біреудің некелі әйелі болса да ара-қатынасы тереңдеп кеткен ашық-жарқын, тілінің сүйкімді дәмі, ақылды ойы бар сұлу келіншекті өзімсініп меншіктеп алғандай өзгеден қызғанатын еді. Және де әлгіде машинадан бірге түскен қызыл бет келіншекпен ол өздерінің құпия кездесу өткізіп жүрген асханада та- нысып, Қараторғайдың құрбысы екенін әрі басы бос өзі тәп-тәуір жерде қызмет істейтінін білген.
Бірде өздерінің бауыр басқан асханасына Қараторғай Әлиманы ерте келді, Мырзахан да, Бегім депутат та сонда еді. Олар тамақты бірге ішіп отырды. Сосын еркектер «ауданда шаруам бар еді, жұмыс уақыты аяқталмай тұрып бітіріп алайық» деп асығыс кетіп қалды. Олар кет- кеннен кейін Қараторғайға Әлима ойында жүрген бір сырын айтты. – Құрбым, – деді ол жымия күліп. – Мырзахан ба, басқа ма, кім бол- са да қаланың бір бұрышындағы мына жәйлі орынды жақсы тапқан екен. Шай-тамағы пісулі, қанша, қашан жатамын десең төсегі салулы, мұндай жерде көңіл өзінен-өзі көтеріліп, жігіттің шабыты ойнақ салма- уы мүмкін емес. Әңгіме сонда ғой. Өзің депутат бола жүріп, әр нәрсені көрген, жайлы жердің мәнісін түсініп қалған пысық екенсің. Ал енді сол еркектермен осындай орында рақат заман кешіп жүре бересің бе? Жоқ, сол әулекілердің сый-сыяпатынан дәм татып қаласың ба? Көрік десе көрік, дене десе денең еш әйелдікінен артық болмаса кем емес. Соны әулекінің әуресіне салып тектен тек кете беретін ақымақ болма, – деді оған сынай қарап.
«Сый-сыяпатты, оны ойламаса бір баласына машина мінгізіп, екінші ұлына зіңгіттей үй салуы ненің арқасы. Әй, Әлима-ай, талай жыл сырлас болсаңда мені есепсіз көңіл көтермейтінімді, әулекілердің қалауын босқа беріп жүре беретін ақымақ көреді екенсің-ау. Білсең қалтасына бес сом салмайтын еркекті еркек дейсің бе, – деп сол майда-шүйдеге бола уақытын сарп ететін өзіндей көресің-ау мені. – Қателесесің, құрбым. Біз тиын-тебен емес, көңілдесімізден мол сый- сыяпат көрмесек босқа арамтер болмаймыз, – деп мақтанғысы келді де,
«аузында сөз тұрмайтын сыпсыңбайға іштегі сырды ақтара салғаным жарамас деп өзін-өзі тежеген Қараторғай. – Сый-сыяпатты ешкім сұрап алмайды емес пе? – Әлеке. – Көңілі шын кетіп, кездесуге асығып тұратын тәуір адам бетіңнен бір сүйгеніне риза болып, барын аямайды.
Береді, өзі-ақ. Сен қалада тұратын бойдақсың. Мүмкін оның жайын ме- нен гөрі сен жақсы білерсің. Өзің бастап қалдың, сый-сыяпат жөнінде, енді айта отыр ішіңдегіні. Өзара тәжірибе алмасып қойсақ несі айып. Солай емес пе? – деді ол Әлимаға. Бір-бірінен сыр жасырмайтын жандар енді еркін сөйлесті.
Қалада әйел көрсе есі кетіп, астындағы атын мінгізіп кететін нағыз жомарт еркекті анау Брежнев заманында болған дейді білетіндер. Қазір көңілдесі түгіл қарақан басына тиын-тебені жетпейтін, не әйелінен қорқып, қалтасында ақша ұстамайтын, жақсы киім кигеніне мәз болып жүрген еркектер көп. Туған күн, мереке күнді ескертпесең, өздері біліп шашыла салмайды. Өткенде үйдегі әумесерімді алдап, көлік жалдап біреудің шақырғанына келсем әлгі жігіт сымағым төсекке бір жатудан әріге бармай жоқтан өзгені сылтауратып кетуім керек, таксиге ақша бер мен үйде ұмытып кетіппін, – деп маңырап тұрғаны. Туған күніме алтын алқа әкелемін деп жарылқап кеткенін есіне салсам «оны әкелдім» деп қалтасынан қағазға оралған сыйлығын қолыма ұстатты. Өзінің көзінше әлгіні әзер деп ашып көрсем, ой, құдай-ай десей сондағы әкелгені ал- тын да емес, күміс те емес әшейін қоладан әдемі жасалған бірдеңе. «Мә, мынауыңызды үйіңдегі қатыныңа бер», – деп екі бұтының арасынан бір тебуге өзімді әзер ұстап қалдым. Ана байғұс менің өкпелеп қалғанымды сезіп, «ендігі келгенде нағыз алтынын әкелемін» деп есіктен шыға жөнелді. Артыңа бір уыс топырақ, сұмырай деп ішімді өртеген өкпені, екінші біреуге телефон шалып, кешке кездесуге уәделесіп барып әзер бастым.
Біз оны кәсіп етіп, нан тапқан жүргінші емеспіз ғой, – деді Қараторғай. Өз көңілімізді, табиғи қажеттілігімізді өтеу үшін бара- мыз ғой оған. Мұны еркектің өзі түсінбесе, менің күткен сыйлығым осындай еді, – деп ашып айтудан ұяламыз. Бірақ «өз қадіріңді түсірме, өз бағыңды біл» дегенің дұрыс. Онда білмеген адаммен сыйласпа. Мұның жолы мен жөнін ешкім кесіп айта қоймайды, бәрі өзіңе байла- нысты. Ешкімге ақыңды жіберме. Сен анау аудан хатшысымен, мынау жылқылы бай Мырзаханмен жақын сыйлас көрінесің. Оның пайда- сын көріп жатқаныңда байқалып жүр. Дұрыс. Біз әйелдер отбасының, отағасының, бала-шағаның қамын ойлап, өзіміздің бағамызды ойла- маймыз. Оны өзіміз жоғалтып алғанбыз. Еркектер әйелді өз қажетін өтейтін зат ретінде көреді, сый-сыяпатты білмейді. Оны алдап, арбай біліп көңілін тапсаң ғана, мырза. Олай болса «арзанның құны таты- майды» дегенше құдай берген нәрсенің бағасын түсірмей еркекті де, өзіміздің де риза етудің жолымен жүрсек дегенім еді саған айтпағым. Анау депутат Бегім деген сері бұрын бизнесі бар, әйдік мекеменің бастығы болған дейді. Сонымен танысқым келеді, – деді Әлима бұған. Мырзаханыңа тимеймін, сол депутатыңның неге жарайтынын көрейін, сосын бәрі өзіңе қалады. Қорықпа, құрбылар еркекке таласып, достықтан ажырамайды. Мен әр кезде қасыңдағы досыңмын, – деді Әлима. «Мынаның көңілі кімге ауғанын білдім. Бегім бұрын бастық болып, ақшаны басып қалғанында хабары болды. Бұған «өзіңді-өзің бағала, көрінгенмен бір сүйкесіп кетіп, құнсыз әйел атанасың» деп ақыл үйреткен менікі ақымақтық екен мұның қасында. Бегімді қақпанға түсіріп, ақшасын сыпырып алу айласын ойластырып жүргенін қарашы, мұның» деп қызғаныш сезіміне берілген Қараторғай. «Ендеше көріп алайын ақшалы Бегімге кім бұрын қол жеткізерін» деп ішінен әлде бір әрекетке бел буды. Депутаттық қызметпен жиі кездесетін олар, еркек пен әйелдің арасында болатын құпия әрекетке барып, артынша біріне-бірі ұнағандай қимас болып үлгерді. Қараторғай бұрынғы Қараторғай емес еді. Еркектің еркектік әрекетіне қарай емес, көңілдесінің мырзалығына қарай бағалау жағын тәп-тәуір біліп алған-ды. Хатшы, атасының аты- на көлдің атын алып беріп, артынан өзі дімкестеніп, біраз емделді. Әлиәкпардың қойларын сатып, қызғаныштан өшін алып, Мырзахан есеп айырысты. Ал, Әлиәкпар, жерінен мұнай шыққанына дарақыланып ішкілікке салынды. Енді Қараторғай Мырзаханға қызықсыз адам бол- ды да шықты. Мұнай кәсібімен айналыса бастағалы Қараторғай да жылқышыға салқын қарай бастады. Жаздың басында Қараторғайдың үйі өртеніпті деген суық хабар тиген соң, аудан хатшысынан бастап, беделді адамдардың бәрі атақты Қойлыбайдың баласының үйіне бар- ды. Хатшы мекеме бастықтарына малшының үйін, бір айда қайта са- лып беруге тапсырма берді. Мырзахан бір жылқысын Қараторғайдың есігінің алдына байлады. Ал Бегім «менің көмегімді кейін көресің» деп Қараторғайды емексітіп қойды, дегенде оның уәдесі ұзаққа созылған жоқ. Ай өтпей Бегім Қараторғайдың қолына бес мың доллар ұстатты. Сен бұған астыңа мініп жүрер көлік сатып ал. Машина айдауды білесің ғой, – деген ол көңілдесінің мұның сыйлығына риза болғанын көз жана- рынан аңдап. – Ал, үйге қажетті жиһаздарды сәл шыдасаң тағы әперемін. Ол уәдесін жұтпады. Үйінде оңаша қалғанда анадағы құрбысының «сен өз бағаңды біл» дегені есіне түсіп, «ақылыңнан айналайын, құрбым» деді Әлиманың ақылымен болған жағдайды ұмытпай. Бегім некелі әйелі, сүйіп отырған біраз немересі бар, ағайын-туысқа қарасқан, үлгілі отбасы деген аты шыққан еді. Қай шайтан түрткенін қайдам, Қызылқайыңға қоныс аударып келгелі, сол үлгілі отбасының отағасы Бегім жайлы ұнамсыз әңгімелер шыға бастады. «Бегім Гүлсарамен жақсы тұрмайды-мыс. Бірінің сөзін бірі тыңдамай, отбасында күнде ұрыс-керіс дейді. Гүлсара ерін қызғанады екен. Ері өзімен бірге депутат болған Қараторғаймен көптен бері ашына дейді. Жұмыстан кейін сол келіншекпен ойнап-күліп уақыт өткізеді екен. Әйелі оны сезіп қойып, Қараторғайды іздеп, ол әйелмен тілдессе, ол «байыңызға еге болыңыз, жазығым не, екі балама адал нан тауып беріп өсіріп отырмын. Ал сіздің еріңіз көңілін білдірмесе мен өзімнен-өзім барып сүйкенген жоқпын. Сіз алдымен еріңізбен сөйлесіңіз, маған келуші болмасын енді, – деп қайтарыпты. Деседе, Қараторғайға осы күйзелген кезде демеп жіберетін адам керек еді. Оның іздеген адамы Бегім еді. Олай болса кідіртпей жәрдеміңді бергенің жөн. Бұл кісілігіңе де, депутат әріптеске деген ілтипатың деп, өз-өзіне сын көзбен қараған Бегім, ай өтпестен өртенген үйдің жұмсақ төсенішін, төбесіндегі қымбат жарық шашатын шамына дейін апарып берді. Мұны әрине Әлима да естіді. Депутат Бегім өзімен бірге жүрген халық қалаулысына жақсы ықыласын білдірген екен. Ақшалы жігіт Қараторғайдың көзіне түсіп, ықыласын аударудың есебін тапқан болды.
Сонда ол «мынадай құрбысы екеулеп жігітшілік жасамайды деген- ге кім сенеді», деп ішінен кейіп алған. Енді міне сол қызыл бет құрбысы да бастықтың көлігінен емін-еркін түсіп, ішке кіре кетті. «Жасы жер ортасына келгенше алдынан әйел заты құр кетпейді, деген бағасы бар бастық екі келіншекті машинасына бекер мінгізіп жүрген жоқ болар» де- гендей болжам Қараторғайды бұрынғыдан бетер бөтеннен қызғанатын іштарлық сезімін күшейтіп жіберді. «Біреудің әйелін біреуден қызғанған бұл қандай махаббат болғаны? Ол Мырзаханда бар ма десейші? Жоқ. Мырзаханда ол өмір бойы болмайтын асыл сезім еді. Мырзахан осы кез- ге дейін үш баласы бар, қыздай қосылған әйеліне де бұл сезімді сыйлап көрмеген. Біреуді қызметіне, байлығына қарай бағалайтын әйел болса, оны өз ырқына оңай бағындырғанын мақтаныш көру арқылы өзіне-өзі қанағаттана қарайтын. Тазалық, адалдық, сыйластық қарым-қатынасы өз мүддесіне пайдалануды ғана ойлайтын өте зәлім, арамза жаратылыс иесі болатын. Сондықтан оның Қараторғайды шын жақсы көру үшін емес, бірге оқыған замандасынан сұлу әйелді алғаны үшін өш алу айласымен ғана ұнаттым – деп ойына келгенді істейтін. Ал, сол сұлу көңілдесі аудан хатшасымен байланысса сідік исі аңқыған мұндай жаман жылқышыны не қылсын. Сөзсіз қайта байланыспайды. Әне Қараторғай қолдан пыр етіп ұшып кетті деген сонда болады. Әлиәкпардан қызғанып жүрген Торғайы аудан бастығының торына бір қамалса одан ешкім құтқара ал- майды. Осындай ой басына келгенде Мырзахан өзін сондай жарамсыз, сондай бейшара адам көріп өзінен-өзі мұқалып, торығып кетті. Сосын өзін-өзі «мүмкін аудан бастығы Қараторғайды емес жанындағы алма бетті қалап жүрген шығар. Қараторғай хатшыны өз шаруасын бітіріп алуға пайдаланып жүрсе оның несі айып. Қой, әліптің артын бағайын» деп жұбатты. Мырзаханның Қараторғаймен Бегім депутатпен «жолым қостағы» кездесуі де ішін күйдіріп, онысы енді-енді басылайын деп жатқанда Бегімнен де мықты біреу алдын кесті. Қой, Қараторғайдың бастыққа есі кетіп мұнымен қатынасын бұзған күні бастықтың үстінен арыз ұйымдастырып орнынан тайдыру амалын ойластыру керек деген- дей жұбаныш үміт Мырзаханды мұнан әрі сабасына түсірді. Бұл ой оған депутат Бегімнің өткендегі бір әңгімесі есіне түскен еді.
* * *
Телікөлге құс атып, аң аулауға әуесқой аңшылар көп келетін. Қызылқайыңдағы облыс басшыларынан бастап ауданда келешек- те әжетке жарайды деген санаттағы жігіттер де әуесқойлықпен жиі келетін. Келгендер ең әуелі ауданның озат жылқышысы Мырзаханның үйінен дәм татпай кетпейді. Салпы етек болса да ашық, қисық сөзі, жаман мінезі жоқ Мейіздің дастарханынан қымыз, арақ ішіп, үйрек атып, балық аулауға құмар басшылары бірер күн аялдап та қалатын. Әлиәкпармен қоңсы қонуы Мейізге жақсы болды. Сыйлы қонақ кел- се, Қараторғай қолқабыс тигізіп, қонақтарға қызмет көрсетуді жақсы атқарады. Сондай сыйлы дастархан қонақтар депутат Бегімнің аңшылық құрып келуінде де жасалды. Қараторғайдың үш рет депутат болып сайлануы, Бегімнің келуі бәріне той секілді көңілділік сыйла- ды. Әлиәкпар мен Мырзахан Сарысудан бастаған үстіртке шығып, ақбөкеннің үш-төрт лағын атып әкеліп, қонақтарға сонан кәуап пісіріп, Мейіз бен Қараторғай қуырдақ жасап, келген қонақтары да, өздері де мәре-сәре болды. Аңшылардың атқан үйрегінен, қырғауылынан, қаз етінен түрлі тамақ әзірлеп Бегімдердің тобы қайтқанша дастархан үсті ішіп-жемге лықа толды да тұрды. Қап, осы ләззатқа аудан хатшысын да шақыру керек еді. Мына патшаға лайықты дастарханды естісе ренжитін болды, – деген Мырзаханға Бегім депутат: – Керек болса сол хатшың жоғарыдағыларға өзінше жақпай жүрген құсайды. Осы сайлаудан аман шықса шақырасыз ғой, – деп әлде бір әңгіменің исін шығарған. Оны сонда Мырзахан мен Қараторғай естіп, «мына сөздің сұрқы жақсы емес. Ауданға келгеніне бір жыл болған Сәкең халыққа жайлы, жетім-жесірге қайырымды, залым, арам тамақ, қулық-сұмдықты терген адамдарды уысында ұстап, тәртіпке салып отыратын. Ол хатшылыққа сайланбай қалса тағы да ана зәлімдер халықтың қанын сормаса нетті деп, жібі түзу азаматтар уайымдап, қобалжып жүргені рас еді. Сондай өсек аяңнан хабары бар Мырзахан қонақ кәдесін жақсылап жасаған соң, Бегімнен сыр тартты. Аудан хатшысы Сәкең шаруа тұрмысты, ауылдың құдай деген иманды кісінің әулетінен шыққан адам болатын. Көп жыл көрші ауданды басқарғанда да, ауыл шаруашылық саласының мықты де- ген орындарында бастық болғанда да біреудің несібесіне аш көзденіп тиіспеген, пара дәметіп не басқадай марапат, сыйлық тілеп оны алып дәметіп көрмеген «тек жүрсең тоқ жүресің», «Алла бұйыртпаса ештеңе болмайды» – деген ата-анасының адал қасиетін, халыққа қарсы кел- ме, жақсы, адал адамдармен сыйлас, ниеті «жаманмен жолдас болсаң ұятқа қаларсың, жақсымен дос болсаң аспандағы айды да аларсың», – деген әке тәрбиесін бойына сіңіріп, адалдық, тазалық дейтін адами қасиеттерді үнемі есінде ұстаған азамат екенін сөзімен де, ісімен де көрсетіп жүрді. Халық ішіндегі беделді, сыйлы, ақылды азаматтар- мен жақын жүріп, білмеген жайын білді, сауатты, тиянақты көппен тіл табысып түсінісе алатындардың қызметін көтерді. Көпке топырақ шашқан имансыздардың қызметін төмендетті. Ретті тұста қатал бол- ды, ретті жерде табиғи болмысында бар ақкөңіл, жайдары, ұстамды мінезімен танылды. Қатігездік, мейірімсіздік көрсетіп, бірде-бір адамға қатаң жаза бермеді, қылмысты болғанымен бала-шағасын шырқыратып темір торға жіберген емес. «Кең болсаң, кем болмайсың» дейтін әкесі марқұм бұған. Сол әке ақылы мұны әр кезде досын көбейтіп, дұшпанын азайтуға жәрдемі тиді. Облыстағы дүрбелең кезде аз уақытта сіз біздігін арттырып, үйренген ауданның Қарқынбек, Ибрагим, Талғат, Әкімбай, Жақсыбай, Жұмабек сынды азаматтары е, сені ме, арызды жазып сілеңді қатырайын деп жүрген бәлеқорлар мен жалақорлардың алдына тосқауыл қойып, Сырдария ауданының кем-құтығын бүтіндеп, табысын көтеруге ықпал жасады. Бір таңқаларлығы Сәкеңнің үстінен жыл ішінде бірде-бір арыз-шағым түспепті.
Облыс басшысы келгенде ауданның барлық ауылын дерлік мұқият аралап, көпшіліктің жағдайын көрді, пікірлерін тыңдады. Аудан орталығының әлеуметтік проблемасы шаш етектен екенін білді. Оны жөндеуге үлкен қаржы, мемлекеттен қолдау керегіне көз жеткізді: – Сонымен алдағы партия конференциясында алғашқыда өзін екі ау- данды басқарған, бірақ тым ақкөкірек, жүріс-тұрысына қарап қандай қарапайым, сөзі қара дүрсін көрінген хатшы осы қасиетімен ауданға бе- дел арттырғанын білді. Өзі қарапайым болғанымен сөзі өтімді, бір істі бастаса аяғына жетпей тынбайтын талапшыл, ең бастысы адал, уәдеге берік жақсы қасиеттері көп басшы екеніне көзі жетті. Аудан болсын, тіпті облыс болсын, жүдә оданда жоғары басшылық болсын кадрге ең бірінші кезекте қойылар талаптың бастысы адами қасиеттерінің мол болуында емес пе? Халықты пышыратып жібермей, ауыз бірлігін бе- кемдеп отырған мұндай азаматты іздесең де табуың екі талай, – деген тоқтамға келді облыс басшысы.
Сонымен жыл аяғында орнынан алынады-мыс деген Сәкең ор- нында қалды. Бос сөз желге ұшты. Әділдік салтанат құрды. Бір кез- де падишадай сыйлаған Бегім депутаттың әңгімесі Мырзаханға да Қараторғайға да ұнамаған еді. Бегімнің көңілін білетін Қараторғай оған әдепкіде «жұрт не демейді, бірақ Сәкеңдей адамды құрдымға итере салу адамнан да, Құдайдан да ұят емес пе? Жақсы кісі ол. Солай екенін дәлелдеп, жоғарыға депутаттардың басын құрап осы кісі туралы хат жазсақ қайтеді? – деп Бегіммен ақылдасып еді.
Ол ә дегеннен басын ала қашты. «Біліп қойса, ана жойқын басы- мызды алады. Жайымызға жүрейік», – деп қорықты.
Бегім Мырзаханға осындай-осындай өсек-аяңды айтып біздің хат- шы басқа ауданды басқарып, дүние жинап алған деген сыпсың сөзге, ағайын-туыстарын маңына жинап алған деген де пікір шығып жатқан сияқты. Қайдам, аман болсын, ләйім. Бізге Сәкеңді қозғамай-ақ қойғаны жақсы деп, қаладағы естіген-білгенін жайып салған.
Алайда ауданның елге еңбегі сіңген қариялары, жақсы азаматтары ештемеден сескенбей Қараторғайдың ақылын қостады. Әлбетте оның пайдасы тиді. Аудан Сәкеңнен айрылған жоқ.
Облыстың басшылығына Арқаның адамы келгелі үлкен-кішілі бастықтар қатты абыржып жүргені рас-ты. Әсіресе көп жыл билік ба- сында жүрген адамдарға қатаң көрінеді. Бір басшыны нысанаға алса, оның не істеп, не қойғанын елдің көзінше жариялап, ит терісін ба- сына қаптап, елге қарағысыз ететін көрінеді. Басшылықтан кетіруді нысанаға алған адамның үстінен арыз-шағымды көп жинап, оны баспасөзге жариялатып, көпшілік жиылған жерде өзі айтып, бірнеше ай бойы халық жауынан кем еместей әшкерелеу саясатын жүргізеді екен. Облыс басшылығының райын байқағандар арыз-шағымды ой- дан, қиялдан ұйымдастырып, болмағанды болды, айтпағанды айт- ты қылып бар бәлені әлгі азаматтың басына үйіп-төгеді екен. Ең жа- маны қаралаған арыздардың бәрі шындыққа жатпаса да, тексеруді терең жүргізбей, бір мысқалы ақиқатқа жанасса әлгі байғұстың мой- нына қыл тұзақ түсті дей беріңіз. Тарихында жазалаудың неше атасын кешкен қазақтың қазіргі ұрпағы да биліктің сәл қысым көрсеткенінен зәре-құты қалмай қорықты. Облысқа келген бастықтың беталысынан тек басшылар емес, айдалада шаруасын күйттеп, жайына жүргендер де ішін тартып, бір-біріне күдікпен қарай бастаған. Облыс билеушісі келе жатыр десе ауылдық басшылары «ауырып» қалатын болған. Үй іші үлде мен бүлдеген оранған, бай, салтанатты тұратын партком хат- шылары, ауылдық кеңес төрағалары, жиһаздарын ағайын-туыстарына таратып, қорадағы малын апыл-ғұпыл сатып, алаөкпеге түскен. Әйтсе де, Сәкең облыста болып жатқан мұндай сүзгіден бойына да, арына да дақ түсірмей дін аман шықты.
* * *
Қарашаның ортасында Әлиәкпар қыстауына асығыс көшті. Мыр- захан Қараторғаймен келер демалыста Қызылқайыңда кездесетін өте құпия әңгімесі барын айтып, міндетті түрде күтемін деп уәделескен-ді. Бұл күнде мына тұрған Қызылқайың емес жер түбіне баратын, жетекке алған ботадай жуасып қалған Қараторғай уәделі күнінде Әлиәкпарды арақ беріп сылқитып, Мырзахан жіберген көлікпен Қызылқайыңға жетіп алды. Бұл қыстың алғашқы қары жауған күні еді. Рөлде көмекші жылқышы Берік болатын.
Қызылқайыңның арзанқол дәмханасында отырып, Қараторғай нені қаласа соны алдыртып, арагідік қызыл шараптан аздап алысып, түн жарымына дейін отырған Мырзахан мен көңілдесі негізгі әңгімеге кіріспес бұрын, дәмхана иесінің дайындап қойған жатын орнына кірді. Осында Қараторғай ыстық суға жуынып, таранып өзін сылап-сипап жұпар судың буына ұсталған денесін Мырзаханның құшағына берді.
Олар орнынан тұрып шай ішті, тағы да қызыл шараптан ауыз тиді.
Көңілі жайланған Мырзахан сонда барып іштегі сырын ақтарды.
Алғашқы қар жауысымен қыстауға Берік екеуміз барамыз деген уәдем, бүгін орындалады. Бізді ешкімнің көзіне түсіруші болма, – деді Мырзахан. Байыңның арағын өзім апарып қоямын. Ауа райы қолайлы болса, тордағы қасқырларды қорадан аулақтау жерге апарамыз. Қой қораның есігін құлыптамаңдар. Түнге қарай ұйығуды тілеген арлан- дар келгенде мына Берік тағы бір серігімен малды қорадан шығарып
«Қалмасқа» қарай қуалай айдайды. Онан әрі Берік не істейтінін өзі біледі.
– Мырзеке-ау, бұл не жағдай, не сұмдықты бастамақсың, төрем-ау? Әлиәкпардан ақыңды алып біткен жоқсың ба? Енді жанын қинамасай, төрем-ау. Өзі де қалт-құлт етіп әзер жүр бейшара, – деп жалына зарлай бастаған Қараторғайды – «Ей, қатын, енді қоймасаң өзім буындырып өлтіремін сені. Жап аузыңды» деген зілді, зілді емес-ау, жәй болса да сұп-суық өктем сөзін естіген бойда демін ішіне тартып, сап тиылды. Сонда да көзінің жасы парлап ағып «сені кездестірген құдайыма қарғыс айтамын. Мырзахан, сен біздің ажалымызға келген әзәзіл екенсің.
Бейшараның әйелін былғадың, енді малын қасқырға жем қылып, қарақан басы қаңғып қалсын деймісің? Уа, тұқымың көктей солғыр Мырзахан, сенде қылдай мейірім бар ма адамға деген, саған Әлиәкпар не жаз- ды? Не кінәсі бар жазғанның. Жаман болса да кішкентайдан қосылған қосағым ғой, тірідей көрге тықпашы. Жалынамын. Итте болсам сенің қойныңда жаттым ғой. Ең болмаса сол көңілім үшін Әлиәкпарға қиянат жасамашы. Уа, Мырзахан төрем, сен маған не істесең де обалым жоқ тек, бейшара Әлиәкпарға обал жасамашы?
Жағдайдың осылай ұшығып кетерін білмеді ме, Берік Қаратор- ғайдың Мырзаханның алдында тізерлеп отырып, күңірене жылағанын көргенде шыдай алмай кетті.
– Жеңге, сіздің еріңізге ешқандай қиянат жасайын деп отырған жоқ Мырзекең. Біле білсең сенің бала-шағаңа көмектесу ниетте. Істің аяғын тыңдамай біреу пышақтайын деп отырғандай зарлай бергеніңіз не? Тыңдасаңшы, әуелі Мырзекеңді, – деді. Оның да көзінен түйір-түйір жас шығып, бетінен төмен домалап отыр еді.
– Болдың ба, зарланып. Ендеше тыңда! – деді Мырзахан әйелге өктем өткір сөйлеп. Байыңа да, өзіңе де қылдай қиянат көрсетілмейді. Сен таңертең байыңның басын жаз. Сосын түске қарай аудандағы милицияға барып, малды түнде қасқырлар айдап кетіпті деп, соған көмек сұра. Арғы жағын ондағылар не істерін өзі біледі. Есіңде бол- сын, сенің білетінің түнде қой қораның аузы ашық қалып, мал шығып кеткен. Үй маңайында қасқырлар өріп жүргенін көріп, қорыққаннан ішке тығылдым. Әлиәкпар түске қарай тұрды дейсің. Кім сұраса да, осы жауаптан жаңылма. Алда-жалда сандалып, біріміздің атымызды ауызға алып, тордағы қасқырлар туралы айтып қалсаң, Әлиәкпарыңмен о дүниеде көрісерсің. Бәрі дұрыс болса бір аптадан кейін балаңа ма- шина алып беремін. Үй салуға ақша беремін. Үкіметтен тегінге алған малыңды қасқырға жегізгенше, менің еркіме бер, сүйіктім. Дүние қолдың кірі. Келеді, кетеді. Ал, сенімен бізге әзірге өмір сүре тұрған жөн. Келістік пе, Торғайым? Келіссең қолыңды бер.
Қараторғай қолын ұсына бере тартып ала қойды. Сөйтті де орнынан атып тұрып Мырзаханның ерініне ернін қадады. Әйелдің көңілдесінің ерніне сүлікше қадалып тұрып алғаннан әрі алқын-жұлқын қимылдап үстел үстіндегі құйылған арақты шімірікпей тартып жібергенін көріп, тағы не көрсетерсің Аллам-ай деп қорқып кетіп еді Берік. Мырзахан ернінен әйелдің ернін қолымен ысырып тастап, өзіне жалынышты қараған Қараторғайдың бетінен алақанымен шарт еткізіп оңдырмай ұрып жіберді.
– Бұл, менің сені сүймегенім үшін бе? – деді әйел.
– Сен енді есіңді жина. Сен екеумізді ешкім зорлап табыстырған жоқ. Ендеше біз әлі де осылай боламыз. Енді сені қыстауға Берік екеуміз жеткізіп саламыз.
Қызылқайыңдағы кездесудің тым қысқа болғанын, әрі бұл кездесу аяқталған жоқ, қазір үйге барған соң жалғасады. Әлиәкпар болса ішіп ұйықтап жатқан шығар. Бұл осыны пайдаланып, көптен қолына түспей зарықтырып жүрген Мырзаханын Телікөлге жібере салса, не болғаны. Әрі бүгін түнде қорадағы қойды Берік айдап кетсе, оны қайда апарады? Тордағы қасқырлардың шақыруымен құмдағы бөрілер келіп, Беріктің алдындағы қойды қырып кетсе қайтеді? Арақтың уытымен үйден кіріп шығып жүрген Әлиәкпарын бір қасқыр жайпап кетуі де мүмкін-ау.
«Қой қорадан өздері шығып кетіпті, оны қасқырлар қуалап, айдап кетті. Басқа ештеме білмеймін», – деген сөзден таймаңдар деп, сұрағанға басқа ештеңе айтпаңдар деген Мырзаханның сөзіне сенсе, бәрі Қараторғайдың қамы екен. Балама машина, әрі үй алуға ақша беретін болса, үкіметтен тегінге алған мал өз отбасынан жаралса бұған да керегі осы емес пе. Анау өз басын алып жүре алмайтын Әлиәкпардың қолынан ештеме келмейді. Өз пайдасын білетін анау Мырзахан сияқты ақкөз зәлімдер болмаса. Ендеше қорадағы тегін келген байлықты арақ пен кәкір-шүкір сатып алуға құртқанша Мырзаханға сеніп тапсырған көп артық. Сөзінде тұрса бір аптаның ар жақ, бер жағында баласы машина мінсе, қалтасына үй салуға ақша түссе мұның да ұпайы түгел. Ал, Мырзаханның жоспа- рынан түк шықпай елге күлкі болып қалса, қайтты?
Осындай оймен бір нәрсенің сәтті аяқталарына тағы да көз жет- пей, күдік пен үрейдің арпалысында қалған Қараторғай қыстауға қалай жеткенін де білмей қалды. Сен байыңның қасынан шықпай отыра тұр. Менің мына Берікке айтар ісім бар, – дегесін Қараторғай Мырзахан мен Берікті машинада қалдырып, өзі үйге кірген. Келсе баласы әкесіне шай беріп жанында жүр екен.
– Мама, осынша уақыт қайда жүрсің? Папам арақ әкел деген соң, көрші үйлерге бірнеше рет барып келдім. Таппадым. Әне өзі де тұрды. Папам ішпесе қиын ғой, қаны көтеріліп «кетіп» қалса не істейміз? – деді жыламсырап. Әлиәкпар ұйқысын ашып алған екен. Екеуінің сөзін естіпті.
– Иә, ал қайда жүрсің? Қызылқайыңға таңертең кеткеннен түн ор- тасында бірақ оралдың. Осы үйдің бала-шағасы мен өлмелі еркегіне кім қарайды сонда? Ұят жоқ сенде, Қараторғай. Ұят-аятты құйрығыңа да қыстырмайсың.
– Сен ұят пен аятты білсең балаңа көршілерден арақ сұратпас ең, ақымақ өз жөніңді білмей, нан алып келуге барған маған тиісесің ұялмай, – деді Қараторғай Әлиәкпармен шатасудан тайынбай. Ал, нан әкелсең дұрыс-ақ болсын. Ал, менің ішетінімді ше?
– Бір сетка арақ алдым. Қайтейін енді, ит те болсаң некесі бұзылмаған байым емессің бе?
Мырзахан оңашада Берікпен бірге алдағы жұмысты тағы пысықтап алды. Камаздар кірпіш құятын өзбектердің зауытына түнгі сағат бірден қалмай барып тұрады. Оған сене бер, – деді Мырзахан. Сен әлгі орыс бала екеуің малды тырағайлатып жедел айдап, сол кезде зауытқа жетесіңдер.
Үш атты ер-тұрманымен екінші камазға тиеп алсын. Екі камаз малды Қарағандыға өткізіп келген бойда саған өз сыбағаң беріледі. Маған сен. Ертең Әлиәкпардың үйінің маңайы полицияға толып кетеді. Қасқырлардың ізі, қойлардың ізі мен айдаған сендер мінген аттардың ізіне дейін түп-түгел суретке түсіріледі. Камазға қойлар мен мініп барған аттарыңды тиеп берген өзбектерге бір-бір қой беріңдер. Сен брезентті газеліңмен тездетіп осында жетіп, қасқыр қамаған екі торды менімен бірге Телікөлге апарасың. Көлдің мұзын ойып темір торларды суға батырып құртамыз. Сені полициялар ортаға алып, Әлиәкпардың жоғалған қойы туралы не білетініңді міндетті түрде сұрайды. Сен менің үйімде ұйықтап жаттың, машинам осында болды, ешкім келген жоқ, ештеме білмеймін дегеннен басқа дым айтпа. Мен туралы сұраса, жылқысын түгендеп жүр, шаруасы бастан асады дейсің. Қыста қасқыр қамайтын торларды келушілер ұрлап кеткен бе, жоғалтып алғанбыз де- ген дұрыс шығар. Мейізге де, анау ферма бастығына да сұраса осындай жауап беріледі. «Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз» екенін ұмытпа, деп Берікті қайта-қайта тиянақтап.
Сонымен ауыл, ауданды шулатқан Әлиәкпардың қасқыр қуып жоғалған қойын, күллі Қазақстан аймағына полиция, тыңшы жіберіп, сұрау салғанымен нақты дерек шықпаған соң, іздеушілер бар бәлені қасқырларға жаба салды. Сосын даладағы «жыртқышты тордағы қаншықтың шақыруымен қырып салып, ақшаға қарқ боламын» деп Қызылқайыңға мақтанған есірік Әлиәкпарды жайына қарап жүрмей басына бәле тілеп алған өзі. Сондай әулекіге сол керек – деп көпшілік Әлиәкпардың өзін ғайбаттады.
Ал Әлиәкпар болса Мырзаханның айтқанына сенемін деп, барым- нан жұрдай болдым. Тіпті ұрылар мініп жүрген үш атымды да айдап кетті. Туасы қойды үлкен жолға дейін қуалап барып, машиналарға ар- тып алып тайып тұрған. Бәрін менің хал-жайымды білетін дұшпандар істеді. Алған малы «ас болмағыр» деп зарлаудан әріге бармады. Мырзахан Қараторғайға берген уәдесін түп-түгел орындады. Екеуі Қызылқайыңдағы дәмхананы кездесу орнына айналдырып алған еді. Дәулетінен де, әкесі әперген атақ-абыройдан да жұрдай болған Әлиәкпар, машиналы болған баласының қасына отырып, такси қызметін атқарып жазға дейін ішіп-жейтін тиын-тебенін тапты. Бірақ әйелінен баласының машинасы қайдан келді? Бір балаңа үй тұрғызуға қаржыны қайдан алдың деп сұрақ қоймады. «Олай деп сұраса, қазір кредит де- ген жәрдемші шықты емес пе? Ел қатарлы фермерлік жерімді залогқа қойып, мен де кредит алдым де», – деген Мырзаханның берген ақылын жадында сақтаған-ды. Келер жазда Қараторғай үшінші мәрте облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды. Аудан хатшысы, Қарқынбекке Қараторғайға асыл тұқымды мал өсіруге үкіметтен жәрдемін әпер деп тапсырды. Ал күзге қарай Мырзаханның құлағына Әлиәкпардың фермерлік жерінен мұнай шығыпты деген хабар жетті. Оның ақиқатын көңілдесінің аузынан естігенде қызғаныштан өрттей жанып, дүниеге сыймай кетті, енді есірік Әлиәкпары мұнай сатып, миллионер бола- тын шығар деген гу-гу әңгімені естіген сайын жүрегі сыздап, бойын қорқыныш биледі. Оның емін дәрігерлер де, Қараторғай да таппай жүр.