18.07.2022
  339


Автор: Жақсылық Рахматулла

РУХТЫҢ ОРАЛУЫ

Хикая


(Балам Әнуарбек, Олжастың рухына)


Жанарыс жатар алдында әдетінше сыртқа шыққанда күн райын- да өзгеріс барын бірден байқады. Күндізгі жылы шуақтың орнын суық жел басыпты. Оның ызғары денені қарып бара жатқандай әжептәуір салқын. Аспан көгі де қошқыл бұлттармен бетін бүркеніп алған. Тұңғиық әлемде жылтылдаған сансыз көп жұлдыздардың бірі де көрінбейді. Бейне бір белгісіз құбылыстан жасқанып бәрі де бұлтқа жүзін жасырып үлгіргендей. Салқын леп бетті қарып, денені түршіктіргесін Жанарыс үлкен үйдің ығына қарай жылыстай берді. Көрші үйдің иті арсылдап түн тыныштығын бұзды. Көше жақтан арлы-берлі өткен автокөліктердің зырылдаған дыбысы естіліп қа- лады. Сықыр етіп есіктің ашылған дыбысы шықты. Артынша Алтын- сарының – «Жанарыс қайдасың, ішке кірмейсің бе?» – деген үні ес- тілді. – «Қазір кіремін», – деді, ол сосын. Ауа райы күрт суытып бара жатқанға ұқсайды, байқадың ба? – деді. Сен шықпа, мен қазір бара- мын деп есіктен түскен жарыққа қарай бұрылды.
– Ищай, күн бұзыла бастапты, – деді әйелі жанына келген ерінің қолына алақанын тигізіп. Білмейтін жердің қыр-сыры көп деген ғой. Жаңа ғана жып-жылы леп ескен ауадан шыңылтыр аяздың ызғары білініп тұрғанын қарашы. Қар жаумаса нетті. Көршінің иті әлі үріп тұр. Оның даусы ызғырық желдің уіліне дем бергендей ерлі-зайыптылардың көңіліне белгісіз бір кірбің түсіргендей еді. Қар жауып, боран соқса үйдің жылуы қалай болады? Пештің қызуы бөлмелерді жылытуға жа- рар ма екен деген күмән Жанарыстың да, жанында бүрісіп тұрған Ал- тынсарыны да мазалап еді. Олардың мазасыздануына да себеп бар бо- латын. Отбасы жағдайымен оңтүстіктен қоныс аударып келген олардың бұл алғашқы қысы еді. «Қалай болады, арқаның қысы? Қарлы боран соқса оған шыдас бере аламыз ба?», – деген сұрақ онсызда мазалап жүрген Жанарысты. Қазанның ортасы болмай жатып ауа райының күрт өзгеруі бұрынғы күдігін асқындырып жібергендей-ді. Әйелінің бойын- да да осындай үрей барын сезіп тұрғандай, бұл. Кім екені есінде жоқ, бір жолдасы айтатын «Адам ауруға да, тосыннан келген қиындықтарға да қарсы тұра алады. Егер оның рухы мықты болмаса, жаратылысында қайсарлық уыты болмаса, ол көрінген, кезіккен кедергіге, басына түскен ауыртпалыққа қарсы тұрар жігер қайраты әлжуаз болса онда әдепкі кездескен қиындықта шарт сынып, тағдырдың жазғанына не шара деп желдің ырығына бағына салады. Шыдамдылық, қажыр-қайрат пенденің бойында әр қалай, бірде күшті, бірде әлсіз. Мұндайда рухтың әлсіздігі адамның өміріндегі жайсыз, қолайсыз оқиғалардың шырмауына түсіп, өмірдің тәттісінен гөрі ащы дәмін көбірек татқан, сөйтіп ой мен сана- сын өкініш, уайым, қайғы меңзеп алған жандарда көбірек білінетін шығар менімше. Және де ақыл айтар тума-туысы, адал серігі жоқ, сапырылысқан тіршіліктің қым-қиғаш зіл-батпанымен жападан жалғыз бетпе-бет келіп қарсыласқанымен нәтиже шығара алмай өзін-өзі әбден қажап, мүжіген, тірі жанға сенімі кеткен, ертеңі де, бүгіні де күннен- күнге буалдыр тартып құрдымға құлауға таяу қалғандарға солай болар туасы. Адамның күш-қуаты, ақыл-парасаты, білек пен білімінің, жүрегі мен ақылының көптігіне байланысты бола бере ме? Жоқ, бұл мәселеде денсаулық көп мәселені шешері анық, бірақ рухтың отын өшіретін жағдайлар, яғни тағдырдың шырғалаңдарына қарсылық етер рух- ты осалдатқан пенде тірліктің жақсылығы мен жамандығын ажырата білмей қор болады. Мұның бәріне қарсы тұрар көмекшің – жаныңдағы адал серігің десем қателеспес едім. Рухтың бетіне жұққан шаң-тозаңды желпіп тастап, жан-жүрегіне күш-қуат берер ақылды лебізімен, мейірім- шапағатымен нәр берер серігің болса рух та мұқалмайды, жігер де мұқалмайды.
Әңгіменің ұзын-ырғасы осылайша ұзап кеткен-ді. Сонысынан жалыққанын білдірмеуге тырысып сөзін бөлмей тыңдай бергені әліге дейін есінде. Мана арқаның қысы туралы Алтынсары екеуінің ойын күдік, үрей билегендей болғанда ол өзінің бойындағы күдікті Алтынса- ры да айтпай түсініп тұрғанын сезді. Сезді де қарлы боранды суыққа шы- дас беретін күш-жігері жоқтығынан ұялып, әйеліне онысын білдірмеуге тырысып тұрғанда әлгінің рухқа байланысты айтқан әңгімесі еріксіз есіне түскені ғой. Неге түсті есіне, 10 немесе 20 жыл өткенімен бәрібір рухы осал жандар ғана тағдыр тәлкегіне тез беріледі деген ой тастауға ыңғайлы осы әңгімені еске алатындай мұның да осал тұсы сол рухтың әлсіздігі болғаны ма?.. Қой... олай емес шығар. Рухы мықты болмаса бұл талай-талай жан берісуге бара бар оқиғалар тұсында бір жақты болып тынар еді ғой. Мүлдем қаппағанның өзінде есалаң болып көше кезіп кетер еді. Шүкір одан да аман, ой, қиял, жақсы-жаманды айыру сезімі бойда маздап жатқаны бір жаратушы иеге де, өзіне де белгілі. Ендеше деймін-ау, алдағы қыстың қаталдығынан үрейленгені несі? Ел қатарлы басқа түскенді көріп алады да. Зайыбы Алтынсары бәле-жаладан аман тұрып, мұның жанына жебеу болса табиғаттың қиындығына төтеп бер- мей не көрініпті.

Сыртқа саңлауынан жарық түсіріп тұрған есіктің алдынан оның қолтығына өзіне таныс қимылмен келіншегінің қолы тиді. Сол сәтте ол біркезгі белгісіз жолдасының рух туралы айтқан әңгімесі, соған орай өзі туралы сананы шайқап өткен салқын күмән ұшты-күйлі жоғалды. Олар басқышпен жоғары көтерілді. Енді бір жарты сағаттай уақыт өткенде жатын бөлмедегі жастыққа ерлі-зайыптылардың басы қатар жайғасты. Енді бір жарты сағаттай уақытта әйелдің ұйқыға кетіп пысылдаған ды- бысы шығып жатты. Терезеден тыстағы ызғырық желдің екпіні, қар ма, жаңбыр ма әйнекке тиген тырсыл жиі-жиі естіле түсті. Көрші үйдің иті қайтадан түнді жаңғыртып арпылдап үріп қоя берді. Бөлменің ішіне айдың бозамық сәулесі түсіп тұр десе де көпке дейін Жанарыстың көзі іліне қоймады. Иттің арпылдаған даусы, баяғы бір жолдасының рух туралы әңгімесі ойына қайта оралып, қаншама ойламайын десе де түн жарымы ауғанша дөңбекшіп жатты. Бір кезде көзі қалай ілініп кеткенін білмеді. Біреу мұның жанына жайлап жақындап келгенін сезгендей болды. Сосын көрпеден шығып қалған сол қолының сұқ саусағына белгісіз біреудің саусақтары тигенін аңдады. Әдепкіде жанында жатқан зайыбының саусағы шығар деді. Бірақ ол қимыл-қозғалыссыз тым- тырыс жатты. Бұл кім екен?
Әлгі сұқ саусаққа тиген қолдың қимылы және қайталанды. Соны- мен бірге құлақ түбінен «тұр әке» – деген баланың жұмсақ дауысы естілді.
– «Тұр, мен келдім. Әбден жаурадым». Ол құйқа тамыры шымыр- лап, көзін қалай ашып алғанын білмей қалды. Кім? Кім бұл? Ау, не болды саған, не деп жатырсың? Алтынсарының ұйқылы-ояу даусы ба- сылар басылмастан әйнектен түскен айдың бозамық сәулесін, біреудің көлеңкесі бүркеп өткендей болды.
Тысқары желдің ызғары әйнекті бұрынғыдан бетер қаттырақ саба- лай бастағандай. Көрші үйдің мазасыз төбеті әлденеден шошынып аба- лап үре жөнелді. Терезе алдынан біреудің көлеңкесі өткендей ме? Кім бұл? Кімсің өзің?
– Ау, отағасы не болды? Неден шошындың. Жайсыз түс көрдің бе, жатар алды атыс-шабыс, өлім-жітім туралы кино көрме – десем, тыңда- майсың... Қой енді, балалардың мазасын алмай тыныш жат. Сенсіз де мына көршінің көк төбеті мезгілсіз-мекенсіз ұлып зәремді ұшырып бітті.
– «Тұрсаңшы, әке! Мен келдім ғой». Жанарыс бұл жолғы сыбырла- ған үннің кімдікі екенін бірден ажыратты.
Әнуар...
Ол ұлының атын дауыстап айттым деп ойлағанда барып, оны Ал- тынсары естіп қояды-ау деп қатты шошыды. Япырмау, Әнуардың аты ауызға қалай түсті екен. Тіпті реті жоқ. Мұнан бес жыл бұрын қайтыс болған баласы, қайта тіріліп келгені ме: Ой, сұмдық-ай десейші. О дүниелік болған жан қайта тіріліп келіп мұны өзіне шақырып тұр де- генге кім иланады. Мүмкін емес елес қой. Мүмкін мұның өзі алжаса бастаған болар. Түсіне кірді дейін десе, баласы туралы көргенін есіне түсіре алмады. Ұлын ойлаған сайын бойын қорқыныш, әлде неден шо- шыну сезімі билеп бойы қалтырап барады. Алла, жаратқан ием өзің жар бола гөр. Ол қараңғылық басқан бөлме ішінде жалғыз қалғандай қорқыныштан әйелінің атын айтып дауыстайын деп оқталып еді, тілі икемге келмеді. Әлде біреу оны кеудесінен басып жаншып жатқандай ма. Дүрс-дүрс соққан жүрегінің дыбысы құлағына жетіп тұрды. Жоқ, бұл тірі екен әлі.
– Тұрсаңшы, әке, неге тұрмайсың. Әлде менің даусымды естімей жатсың ба. Мен өзіңнің ұлың Әнуармын ғой. Алыс-алыс қияннан ке- ліп жеттім ғой сендерге. Әлде, өлді деген ұлыңның тірі келгеніне қуанбадың ба? Солай-ау, сірә. Мен сәл ғана бір мезетке екеуіңнің қатар жүргеніңді көруге келіп едім. Енді көрдім. Апам менің келгенімді білсе, неге оятпадың деп ренжитін шығар, саған.
– Ренжісе кейіме, уақыты қысқа екен, келді де қайтып ұшып кет- ті, – дей сал. Сағынсаңдар тағы да келемін апамды жұбатып кетемін. Әнуарың көктегі туыстарының арасында аман-есен жүр екен деші оған, мақұл ма әке. Солай деп жұбатшы, апатайымды. Апамның жүрегін сақташы әке. Ол енді сенің серігің ғой. Енді менсіз екеуің ғана бірге жүресіңдер.
Ауыртпашы, апамды. Иә ма? Жылай бермесін деп айтты – деші. Жылай берсе мені сендерге жібермей қояды. Әке, апа.., Әнуардың сы- бырлай айтқан үні үзілді. Жанарыстың құлағына иттің ау-у-у деп ұлы- ғаны, онан тұс-тұстан үн қатқан иттердің дауыстары естілді.
Ызғырық желдің әйнекті сабалай ұрғаны үдей бергендей. Бөлме іші айдың күңгірт сәулесімен төргі әйнекке қарай көлбеңдей жөнелген әлде бір белгісіз көлеңкелер тағы да байқалды да, ілездемде ғайып бол- ды. Жанарыс енді басын жастықтан көтеріп алып, көрпеше үстінде молдасын құрып отырды. Манағы қорқыныш, үрей бойынан зым-зия кеткенін сезіп, өзін батылдау ұстады. Орнынан тұруына да ешкім кедергі болмады. Қол-аяғы сау, миы, санасы баз қалпында жұмыс істеп тұр. Ол әлгінде көрген, естіген құбылыстарды түсімдегілер шығар деп, өзін-өзі жұбатты. Бірақ онысына тағы сенбеді. Әнуардың қолы тиген сол қолының сұқ саусағын екінші қолымен ұстап байқады, өзгеріс жоқ, бұрынғы қалпы. Бұл оның үрейін баса түсті. Жүрегінің дүрсілі да атқақтап тұрған жоқ секілді. Шынында да мұның жанына Әнуары келгені ме..? Мұны айтсам сен мені неге оятпадың деп Алтынсары- сы ренжитін болды, оны неге оятпадым екен. Қап, оятқанымда ғой. Ұлының даусын ол да естіп, қолын ұстатып қалар ма еді. Кім білсін, бәлки, ұлы бұл жолы тек жалғыз өзін ғана іздеп келді ме екен. Көктегі туыстарынан апамды да оятайын деп рұқсат алмаған шығар, табиғат жаратылысында тірілер білмейтін сондай құпиялар бар болар. Жанарыс қолын көрпешеге тіреп орнынан көтерілді. Бір-екі аттап қабырғадағы жарық жаққышқа саусағын тигізуге ұмсынды. Бірақ жарық бергіштің түймесін басу ол үшін ең қиямет жұмыс болатынын сезгендей еді. Бір белгісіз күш түймеге созған қолын тас қып ұстай алғанда қыбыр ету- ге күш-жігері жетпей аяқ қолынан дәрмен кетіп енді болмаса төсегіне қисая құлап кетуге шақ қалды. Жарық жанса Әнуарын терезенің ал- дынан көрсе, сонда не болар еді. Қуанып құшақтай алар ма еді. Мұнан бес жыл бұрын өзі қара жер қойнына тапсырған Әнуары тіріліп келіп терезенің алдында тұрса бұл нетер еді.
«Айналайын ұлым-ау сені, әлі тірі болғаның ба, келші ардағым маңдайыңнан бір сүйейін», – деп құшақтай алар ма еді. Әлде өлгенін тірі көргеннен шошынып айқайлап жіберер ме еді. Сонда тірі Әнуарды көргені қуаныш емес пе. Неге шошынады. Қой неде болса бөлме жа- рығын жағайын деп қолын жарық бергіш түймеге қайсарлықпен жа- қындата түсті. Бөлмеге жарық түскен заматта Жанарыс та қисаң етіп Алтынсарының көрпесінің шетіне құлай кеткені есінде.
– Ау, Жанарыс саған не болды? Мұның не, ойпырмай, үстіме құ- лағанда сүйегімді жинап алар едің. Құдай-ай, бұл не қылғаның, жазған- ау. Ұйқысұрап жүргеннен саумысың өзің? Жаман түс көріп шошып оянған шығарсың жазған.
– Ой,сұмдық-ай, мұндай да сорақы жағдай болады екен-ау. Өзің құлап бір жеріңді сындырып алғаннан саусың ба? Уай, Жанарыс тілің байланып қалды ма? Неге үндемейсің, қой, зәремді алмай? Не болды? Сөйле...
Бұл кезде есін жиған Жанарыс төсегінен үрпиіп өзіне шошына қараған Алтынсары жаққа, іле жанарын одан тайдырып айдың бозамық сәулесі түсіп тұрған терезе жаққа қарай бұрып әкетті. Ол жақтан ұлын көруден жасқанып, көзін тас қып жұмып алды.
Жо...жо...жоқ... Ал...алтын, Алтынсарым, мен, мен... шатасқан бо- лармын, жаңа...Ән-Әну...
Ау, Жанарыс зәре құтымды алмай шыныңды айтсаңшы енді. Не болды? Көзіңе қос көрінді ме, шайтан асасымен түртіп кеткен адамдай түн жарымда жұртты дүрліктіретіндей не болды саған? Алтынсары жамылғышын ысырып тастап төрт тағандап отырған ерінің салбыраған басын ұстай алды. Іле, есіне түсті ме орнынан жеңіл тұрып кесеге шай құйып әкеліп ұсынды.
Мә, ұрттап жібер, бисмиллә, деп. Ұйқысұрағансың ғой, тіліңді кәлимаға келтір, білген аятыңды оқып жібер. Мә, ішіп жібер мынаны, – деді Алтынсары қолындағы кесесін Жанарыстың ерніне тосып.
Жанарыс бір жұтым мұздай шай ішкен соң да, Алтынсарыға жау- ап қатпай, мең-зең қалпында отырып қалды. Келіншегі шашынан си- пап, салбыраған басын омырауына басты, өзі де шошынып қалғандай не айтып, не қойғанын білмей сөйлеп жатыр. Жанарысты иығынан сүйемелдеп төсегіне жатқызудың қамын жасай берді.
Алтынсары: Алла сақтасын, Алла сақтасын деп құдыретті жаратқан иесіне жалбарына берді.
Ал, Жанарыс терезе тұстан көзін алмай үнсіз, тілін тістеп отыр. Ол да әйелінің қимылын қайталағысы келгендей екі қолын көтере бере тоқтады. Сосын аузынан ұлының есімі қалай шығып кеткенін білмеді, Әнуар...
Алтынсары күтпеген есімді естігенде күйеуіне үрпие жалт қарады. Ұйқыдағы немересі Ұлпан ұйқысұрап көрпесінен аунап түсті. «Апа!»... Терезе әйнегін сабалаған жаңбыр ма, әлде қар түйіршіктері ме бұрынғыдан да қатты, жиі шыға бастағандай еді. Алтынсары жастыққа басы тиген замат ұйықтап кете қойған жоқ. Жанарыстың аузынан
шыққан ұлының есімін есіткен еді, ол...
Жанарыс жанында жатқан әйелінің көзі ұйқыға жұмылғанымен, көкірегі ояу екенін, аналық ғазиз жүрегі мұның аузынан шыққан аяу- лы ұлының есімін қайталап жоқтап, зарыға сағынып жатқанын сезді. Жанарыстың алақаны оның шашына тигенде Алтынсары бетін оның омырауына қарай бұрды.
– Ұлыңды түсіңде көрдің-ау Жақа, – деді сосын ақырын ғана жұмсақ үнмен. Сәлден соң, – сөйттің-ау, сірә?
– Көрсең қалай екен өзі, үлкен жігіт болып па? Жарығым, мені апа- сын сұрады ма, ұмытпап па, біздерді – деді естілер-естілмес сыбыр- лап. Жанарыстың жүрегі кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соғып барады. Әнуардың аты қалай аузынан шығып кетті екен? Қап, абай болуым керек еді. Қалайша аңғармай қалдым, мен сорлы. Енді міне Алтынсарының жаралы жанына қаяу түсірдім. Онсыз да соңғы күндері жүрегі ауырып жүр еді, жатып қалмаса нетті. Ұлының даусын естігенін Алтынсарыға айтсам ба, жоқ па? – деп, екіойлы болып жатып кірпігі ілініп кеткенін аңдамай қалды.
Таңертең тұрған Жанарыстың екі шекесі солқылдап, басы ауыр- ғанын білгенде, бірден түндегі адам сенбес оқиға қаз-қалпы кино көргендей есіне түсті, Алтынсарының жанында көрпеден қолын шығарып ұйқылы-ояу жатқанда сұқ саусағын әлдекім ақырын си- пай қысқаны, сосын артынша құлағына сыбырлаған Әнуарының үні кәдімгі тірі кезіндегідей анық-анық айтқаны әлі көкейінде сайрап тұр. Жер қойнындағы ұлы тіріліп келер ме, қой мұным түсім болар, түсім болмаса миым айналып, ақылым ауысқан сәтім шығар. Астапралла, астапралла ол өзіне өзі сенер-сенбесін білмей, басын шайқап-шайқап, қол-аяғын қимылдатып шамасын байқағансыды. Бәрі орнында тұр. Басының ауырғаны жайсыз түс көріп, шала ұйықтағаны ғой. Немесе арақ ішіп, темекі шекпегелі не заман. Яки біреуден ауыр сөз, ғайбат қылық көрмегені өзіне мәлім. Тіпті айналасындағылардан әбес қылық көрсетер ешкім жоқ, ішкілік ішіп көңілін қалдыратындай бейпәтуа мінезді жолдастары да жоқ. Ендеше түнгі оқиға түсі болмағанда не болады. Бес жыл бұрын дәл осы Аспарада автокөлік аударылып мерт болған Әнуарбек ілуде бір болмаса түсіне де кіре бермейтін. Қызылқайыңның сыртындағы ұлының бейітіне Алтынсарының қалауымен екі түп ағаш көшетін отырғызып соны әлі күнге дейін суа- рып, күтіп баптап жүр. Барған сайын белгі тастағы Әнуардың бетінен сүйіп, әруағына білген Құранын оқуды естен шығарған емес. Алтын- сары болса көзінің жасы бетін жуып, қашан бейіт қоршауынан ұзап шыққанша ұлының белгі тасы жаққа бұрылып қарағыштай береді. Со- сын сабыр ет Алтынсарым.«Алла өзі берді, өзі алды». Ол енді қайтып оралмас о дүниенің адамы. Оған біздің көмегіміз әруағына бағыштап Құран оқу, соған арнап пітір садақамызды беріп отыру ғана деп жас күнімде әке-шешемнен болмаса, қария кісілерден естіген-білген жұбанышымды қайталап көңілін басуға тырыстым. Бірақ өзімнің де жүрегім езіліп, сен тірі болғаныңда ғой, мен осылай қиналмас едім. Үйлендіріп, немерелі болып, Жанарыс әулетін жалғастырар едім. Алла, сол тілегімді көп көрсе лаж қанша. Алланың ықтиярынсыз ештеңе де болмайды. Жаратқан ием өзіне қажет еткен соң өзіне алды. Оған ренжіп, айып тағу күпірлік. Тірі жанның бәрінің барар жері сол бақилық ғұмыр. Олай болса мейірімі күшті Алланың ісіне күпірлік жасау мұсылманның құдірет иесі Алланы мойындамауы бо- лып шығады. Не болса да сабыр сақтаған ләзім. Жазмыштан озмыш жоқ. Арты жақсы болсын, қалған ұл-қыздарыңа амандық тіле, одан да жаратқан иемнен деген еді, ұлының қазасына көңіл айтып келген аймақтағы белгілі ақсақал, қарасақалдар.
Сол маған айтқан көңіл қосын өзге үлкен-кіші адамдардың аузы- нан естіп, астан-кестең болған көңіл сәл-пәл жұбаныш тапқандай еді. Кейін Әнуардың қазасын мұсылмандық әдет-ғұрыппен жетілік, қырық күндік, жылдық ас беру кәдесі кезекпен өтіп, онда да қара-құрым кел- ген ағайынның жұбату ақылын қайта-қайта тыңдағаннан соң өлінің ар- тынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін ойлауы тиіс деген үлкен-кішінің ақылы мұны да, Алтынсарыны да бірте-бірте сабасына түсірді. Бірақ бұл қаза әке-шешенің жүрегіне мәңгілік өшпес із салып кетті. Екеуі де жүрекке дерт байлады. Тұрмыстағы сәл нәрсеге ренжісе не қуанса, біреудің қайғысы мен қызықшылығы болса қайтыс болған ұлы сол за- мат есіне түсіп мұрттай ұшып жатып қалатын күйге түсті. Қаладан қаланы кезіп дәрігердің алдын бермейтін, бір жерде жүрек кеселін емдейтін емші бар екен десе, естіген замат екеуі тізіліп сонда баратын халге жетті.
Әнуар Аспара қаласында ағасының қолында тұрып, жаңа бір кәсіптің әрекетін бастамақ ниетпен жүргенде, әкесінің інісі Әбудің ұлы Олжамен бірге автокөлік апатынан көз жұмған еді. Міне енді Әнуардың мерт болған жеріне тағдыр айдап келген күні түнде ұлы әкесінің саусағын ұстап, құлағына сыбырлап кетті. Әнуардың жарық дүниемен қоштасқан жері осы Аспара. Ғазиз дүние көз алдынан бал- бұл ұшып демі үзіліп бара жатқанда әке-шешесінен жәрдем күткен шығар-ау. Әке, Апа қайдасыңдар. Мені құтқаршы мына сұмдықтан, Естисіңдер ме, мен өліп барамын ғой. Қайдасыңдар. Апатайым, анашым сен неге келмейсің, қайдасың? – деп ботадай боздап неме- се дауыстауға әлі келмей, жәй ғана ентіге сыбырлап жатты ма екен, жарығым-ау.
Екеуінің Аспараға келіп, ұлының қиналған жеріне, жарық дүниемен ақырғы рет қоштасқан жеріне соқпағаны қалай? Бәлки Әнуарын жақсы көргені бекер шығар. Мүмкін емес, ұлының демі үзілген, шыбын жаны шырқырап апасы мен әкесінен жәрдем сұрап зар қаққан жеріне келіп бір көрмеуі мүмкін бе? Әлде екеуінің де кеселі асқынып баласын еске алуға шамасы келмей қалды ма?
Солай-ау сірә. Сосын Әнуар көктегі әміршіден мәулет сұрап өзі соққан болар ата-анасына.
Мына әлемнің құпиясы шексіз, сыры да шексіз. Оны бір Алладан өзге ешкім де біліп, тануы мүмкін емес деп бір данышпан айтыпты. Ендеше өлген адамның тіріліп келіп Жанарыстың құлағына сыбырлап кетуі де сол тылсымы көп табиғаттың бір құпиясы да.
Дүниені жаратқан құдірет иесі Алла тағалам үшін өлгенді қайта тірілту қиын болып па. Сонда енді не дейін. Алланың «өзі де рас, сөзі де рас» деп ұлы Абай ақын бір ғасыр бұрын айтпап па еді.
Тысқа шығып еріксіз үй айналып жүре бастағанда түнгі оқиғаға қатысты Жанарыстың басына не келіп, не кетпеді десеңші.

Үй бұрышына айналған тұста терезе бар-ды. Бұл бейне бір тере- зе алдында тірі Әнуары тұрғандай тұла бойы дірілдеп, аяғын аттап басуға дәрмені кеткендей ынтасы жоғалып тоқтады. Тоқтағанымен үй қабырғасына қолын тіреп бұрышқа жетті-ау ақыры. Таңғы ашық аспан, салқын ауа кеудесін кернеп алқымына түйілгендей ентігіп кетті. Те- резеге барғысы келген үмітінен әлі айныған жоқ. Тәуекел, не де болса әйнекті көру керек. Мүмкін Әнуардан титтей болса да бір белгі қалған шығар. Соны көзімен көргенше шыдамы жетпей өліп-өшіп алға қарай баяу жылжи түсті. Жүрегіндегі қорқыныш па әлде бір екі ұдай сезім шымырлап миына қонып қалғандай. Екі қолының ұйығаны басылып, тұла бойын кеулеген манағы қорқыныш, үрей жоқтығын сезді.
Келді-ау ақыры. Терезе бұрынғы қалпынша жабық тұр, әйнектері де түгел, бүтін. Ашылып-жабылатын тұсынан болар-болмас сызық саңлау көрінеді. Ол өзін-өзі зорлап терезенің әр жер-әр жерін қолымен сыйпап бір емес әлденеше мәрте қарап шықты. Көзге түскен ешбір белгі жоқ. Мен нені іздеп тұрмын. Әнуары осы терезеден кіріп, шықса одан қандай белгі қалуы мүмкін. Ол тірі Әнуары емес оның көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін рухы, әруағы емес пе. Терезе ме, есік пе, қабырға ма, әруаққа не кедергі болсын, таудан да тастан да, судан да, оттан да өтіп жүре беретін әруақты тек ми мен санамен сезіп, білмесең, бойдағы сағыныш-тілекпен ұғып түсінбесең өзге ештеме қолыңнан келмейді. Бұл табиғат тылсымдарының бір құпиясы. Жас кезінде осын- дай жағдайларды басынан өткізген талай адамдардың әңгімесін естіп, жазғандарын кітаптан оқығаны бар. Адамның жаны ақырғы сәтте де- неден бөлініп ұшып шығады да аспан әлеміне сіңіп кететін көрінеді. Сіңіп кетеді десең жәйбар сөз болар. Бу, ауа сияқты әншейін кеңістікке сіңіп кете қоймайды, ол Алланың біржола иелігіне өткен өзге өлілердің рухына барып қосылады екен. Онда да тірісінде кіммен жақын болды, кімнен жақсылық, мейірім көрді соның жанына барады екен. Ата-анасы, бауырлары, адал достары, сыйлы текті адамдар қатарына келген мұны көргенде «оған бахилық – өмірге өткеніңе шүкіршілік ет. Енді сен мәңгі бізбен біргесің», – дейтінге ұқсайды.
Жанарыс енді сезгендей. Терезе әйнегіне таяу келгенде сол жақ білегінің сырқырап ауыра бергенін сезді. Сосын саусақтарының ұшын біреу инемен шаншығандай шаншып, жүрек тұсы бұлқынып-бұлқынып қалғандай тұла бойын мұздай леп қарып өткендей болды. Баласының қолы тиген сұқ саусағы өзінен-өзі мұның еркінен тыс бүгіліп қайта ашылып қояды. Ол кісі бойынан аса бастаған жас жеміс ағаштарының арғыжақ тасасынан біреу мұның әрбір қимылын қалт жібермей бақылап тұрған сияқты болып, қаулай шыққан шие ағашының бұтақтарына еріксіз үрейлене қарады. Сұқ саусағы шаншып-шаншып ауырғанын қоймаған соң оң қолымен бір ауық қысып алақанымен ысқылап көрді. Әлгі шие ағашы бұтақтарының арасынан шық-шық еткен торғайдың әлсіз үні естілді. Япырай ағашты паналап қыстап қалған қандай бұл жүрек жұтқан торғай. Әлде ол титімдей торғай емес суыққа төзімді құстың тұқымы ма екен деген әуестікпен дыбыс естілген шие қасына жақындай бергенде арасынан пыр етіп жұдырықтай қара торғай ұшып шықты. Ол сұқ қолының қатты-қатты шаншып ауырғанын іле жүрегі солқ-солқ түйіліп шымырлаған соң тоқтай қалып алақанымен кеудесін басты. Көрші үйдің иті түндегідей арп-арп үре бастады. Үй қабырғасының бақша жақ іргесін қуалай жел тұрды. Оның екпіні жердегі қар ұшқынын ұйытқыта Жанарыстың бетіне соқты.
Ау, жаным, сен мұнда екенсің ғой. Әне келеді, міне келеді деп күтіп отырсам бақша аралап жүр екенсің ғой. Қой тоңып қаларсың, ішке кір. Құдайдың күні суыта бастапты. Таңатпай ауа райы бұзылса кешке дейін қағынып кетпесе нетсін – деді, артынан келген Алтынсары ерінің мойын шалғысын жөндеп жатыр. – Жүр, үйге кірейік.
Жанарыс әйелінің созған қолынан ұстап соңынан ерді. Ерлі- зайыпты жасамыс кісілер үйге кіріп, шай ішудің қамына кіріскенде сырттағы желдің дыбысы күшейе түскені терезе, есіктердің сықырынан білініп тұрған еді. Екеуі де қоңыр төбел үй ішілік шаруа киімін киіп алған. Жанарыс жүннен тоқылған ұзын жең жағалы жадағай, Алтын- сары да ақ түбіттен әсемдеп тоқылған нымша, оның сыртынан қалың қызыл масатыдан тігілген камзол киген, басындағы орамалының бір шеті қамзолының арқасын жауып тұр.
Жанарыстың қоңырқай жүзінде әлдебір дегбірсіздік бары байқа- лады. Қалың қасының астында нұр ойнап тұратын қоңыр көзінде бүгін әдеттегі байсалды, сабырлы рай біліне қоймады. Жанарының ұшында әлдебір құпия бүккен сыр бары аңдалады. Оң қолымен сол қолының саусақтарын кезек-кезек сыйпап алақанымен уқалап отыр- ған сыңайда.
Терезеден тысқа қарап отырған Алтынсары сөз бастады – Арқаның қысы да жетті. Әдепкіден-ақ желін ұйытқытып, даланың қарын сыпы- рып келді. Арты қалай болар екен, мұның?
Ашуы қатты адамның қайтуы тез болады деуші емес пе, үлкендер.
– Солай деуші еді. Сол қариялардың болжамы Арқаның мінезіне тура келсе жақсы ғой... Әй, қайдам. Желдің ысқырып соққаны жақсы емес.
Осы, Жақасы-ау, сен таң атпай бақшалықты жағалап үй бұрышында күйбеңдеп кеттің. Сонда не көрдің, не жоғалттың, қарлы құйын соққанда да елең етпедің Суық тиіп ауырып қалсаң қайтеді. Сырт жердің суығы мынау өзіміздің Жақамыз ғой, қой қарияны тоңдырып алмайық дейтін өзіңе бала кезден таныс сыр мінез оңтүстіктің ауа райы емес. Байқа шалым. Еркелікті қойып, аздап болса да бөтен жердің ерекшелігімен санасқаның мақұл. Балаң болса әлі келген жоқ. Өкіметтің тірлігі десе үйдің жайын ойламай емініп жүре беретін мінезі өзіңе тартқаны да, бір ай бойы әне келем, міне келем деп хабарласқанымен әлі қара көрсетпей, ана келінді де алаңдатып қойды. Не дейін енді...
– Әй, сен де бір, – деп қолындағы кеседегі шайын көтеріп іше сала Жанарыс.
– Әжептәуір ақылы бар тоқтасқан ана дейді-ау сені де. Бірақ кейде құлаққа кірмейтін жастардың әңгімесін айтасың.
– Ал, сонда не демексің балаңа.
– «Ауылдағы келіншегімді сағындым» – деп қарағайдай қызметін тастап қашып келсе ондай адам кімге үлгі көрсетеді. Біле білсең сол абыройы арқылы бала-шағасына нан тауып беріп жүрген жоқ па! Келінің алаңдап сағынып жүрсе, аман болса, келер кешікпей.
– Иә, иә, келер жарығым. Әнуарым аман болған да ғой...
Екеуінің әңгімесін Алтынсарының кенже ұлын еске алғаны мүлдем бөтен арнаға бұрып жіберді.
– Ә, ә, ә иә, – деді Жанарыс түнгі оқиғаны, таңертең үй айналасындағы көңіл күйін еріксіз есіне алып.
– Бұл кезде Әнуардан да немере сүйіп қалатын едік-ау. Құдай оны бұйыртпады екеумізге. Не дейміз. Алланың әмірімен болған жайға шүкіршілік етіп жүреміз де енді. Айтпақшы мені тыңда Алтынсары, – деді ері, кенет түнгі оқиғаны айтуға себеп табылған сәт туғанын тұспалдап.
– Ұлымыз көптен түсіме кірмей кетіп еді. Өткенде мешітке барып әруағына Құран бағыштап, кісі бойына жетіп қалған екі түп ағашына су құйғаннан кейін бе қайдам, кеше түнде үйге кіріп екеуміздің қолы- мыздан кезек-кезек ұстап жүргені, – деді. Ақырында ішін жарып бара жатқан құпиясын енді айтпасқа болмайды деп ұйғарып, Алтынсарыға естіген, білген, көргенін дымын қалдырмай ақтарып салды. Әңгіме ерлі-зайыптылар арасында ғана айтылар сыр болып қалған жоқ. Оны Жанарыстың осында тұратын інісінің үлкен ұлы Мұнар да тыңдады. Ол қыршындар машинадан аударылғанда жанында болған жақынының бірі еді.
– Бәсе түн ортасында Әнуардың атын неге аузына алды деп едім. Өзімде осындай бір жағдайдың болғанын ішім сезіп-ақ еді. Сен Жа- нарыс, – деді Алтынсары алқына сөйлеп. Көзінен аққан жас бейне бір біреу басына су құйып тұрғандай екі бетінен шүмектеп ағып, мұны Жа- нарыс та көріп отыр.
– Неге егілесің. Мұндайыңды білгенде айтпай-ақ қойсамшы. Ке- тер бала кетті. Алланың ісіне күпірлік жасаған дұрыс болмайды. Әнуар енді бақилық дүниенің адамы. Түнде келсе сағынған шығар. Екеуміздің осында келгенімізді білген шығар. Қой енді Алтыным, есіңді жи. Біз осылай егілсек ол да жайында тыныш жатпайды. Жанарыстың тоқтау айтқаны орынды болғандай. Алтынсары сәлден соң көзінің жасын тый- ып, еріне жалынышты қарады.
– Шынымен оны тірі кезіндегі бейнесінде көрдің бе? Қандай бо- лып өсіпті ол, Әнутайым? Не деді саған. Бәрін естігім келеді. Әңгімені бастадың ба, енді ештемені жасырма. Бәрін білгім келеді, түсінемісің мен бәрін естігім келеді.
– Әйелі осылай деп өкси еңіреп, ерінің сұқ саусағын шап беріп ұстай алды. Артынша ерніне басып шөпілдетіп сүйе бастады.
– Егер әйелінің қылығынан шошынып қолын тартып алмағанда сұқ саусақ есалаң күйдегі әйелінің аузында кетер ме еді...
– Жә, жә апа, қойыңыз, есіңізді жиыңыз, жүрегіңізді сақтаңыз, – деді сасқалақтап, Мұнар Жанарыс сұқ саусағына жабысқан әйел сілекейін қолымен сүртіп, одан соң оң қолымен сыйпап мәңгіріп отыр.
– Кенет Алтынсары үзіп-үзіп ап-анық сөйледі.
– Біздің келгенімізді біліп, көріп шығуға соққан екен-ау, – деді ол. Демі үзілер сәтте апалап, әкелеп шырқырап жылаған шығар-ау ботам. Алла құдай-ау, не жазып едім, саған. Мұнша қасіретті басыма салып?
– Қойсаңшы Алтынсары егіле бермей, сабыр сақта. Алладан қалған балаларың мен немерелеріңе амандық тіле. Әнуарың қазір мәңгілік өмірдегі туыстарымен бірге жүр. Екеуміздің де ата-бабаларымыз, бұл дүниеден өткен, барлық жақындарымыз сонда. Олар Әнуарды жал- ғызсыратпас. Ұлыңды солар қамқорлығына алып, аялап жүрген болар деймін. Бәріміздің де барар жеріміз сол емес пе? Біреу ерте, біреу кеш. Қой, ағайынды абыржытпай, енді не істесек Әнуардың әруағы риза бо- лады. Соны ойласалық, бауырларым, – деді Жанарыс.
– Алтынсары: – Осылай демейсің бе, манадан. Менің білгенім баламыздың тіршілікте демі үзілген орнына барып Құран оқиық. Қиналғанда басында бола алмағанымызға ғафу өтінелік балапаным- нан. Сосын мешіттен молда шақыртып Құран оқытып, дәм татқызып жіберелік, – деді Жанарысқа бұрылып.
– Оның айтқанына қарсы келген ешкім болмады. Мұнар: көлік апа- ты болған жерді мен білемін. Қазір апаруға дайынмын, – деді.

– Онда бағытымыз түзу болды, күн батпай барып қайтсақ дұрыс болар еді. Отырғандар осыған пәтуаласып жолға шығу қамына кірісті.
– Мен дайынмын, – деді Алтынсары қоңыраулатып безілдей берген ұялы телефонын алып, әлдебіреумен тілдесіп.
– Әнуардың демі үзілген қаралы жерге баратын болдық, Олжаның бейіті де сол тұсқа жақын дейді. Басына соғып Құран оқығанды жөн көріп отыр, мына Жанарыс ағаң. Жақсы келістік. Енді жол үсті хабар- ласып отырайық.
... Мақұл...
Мұнардың машинасы үлкен жол бойымен зымырап келеді. Аспа- раның қиқы-жиқы жатаған ескі үйлерінің топанынан шығып кең жолға түскенімізде «енді бұл Қарқара қаласына баратын үлкен жол», – деді Мұнар. Олжа мен Әнуар осы жолмен жүріп екі-үш шақырымдағы май құю бекетіне келген, машинасына май құйып қайтуға осы жолмен шығыпты. Сол күні жер аздап мұздақ болған дейді. Сонан мұздақтан әзер жүріп мына тұсқа жеткенде көлігі құрғыр басқаруға мұрша бер- мей жолдың шетіндегі шөптесін қиямен біраз тайғанақтап жүрген екен. Көріп келесіздер ме. Жол шетіндегі шөптесін де мұздақ, тайғақ болады ғой. Жол үстіндегі тайғақ шөпке табаны тиген машинаны онан сайын тайғанатып еңіске қарай ықтырып әкеткен. Еңіс дейтін үлкен қия, құлама еңіс емес, жайпауыттау, жай жүрген кез келген көлік тайғанақтағанмен тік жүрген болса егістің екінші бетіне аударылмай- ақ өте шығуға мүмкіндігі бар-ды. Бірақ жастардың ажалына тура келді ме осы жерде дөңгелекті түзу ұстамағандық шығар, әлде ажал айла тапсырмас деген емес пе, қойшы шөптесінмен еңіске тайғанақтап келе жатқан Әнуардың машинасы аунап кетіпті. Сол кезде кабинадан түсе алмай қалған екі бала, бір қыз аман болған да, машинадан ұшып кеткен Әнуар ажал тапқан. Мен келгенде жедел жәрдем әлі жетпеген екен. Аударылған көліктің қасында жатқан Әнуар мені таныды ма, жоқ па, оны айта алмаймын. Әйтеуір «Апа» деп ап-анық анасын дауыс- тап шақырып үлгерді. Соны өз құлағыммен естідім, Мұнар онан әрі айтуға шамасы келмей, бетін алақанымен басып отырып қалды. Алтын- сары есалаң дауыспен, беу боташым-ай, – деді өкініштен өзегі өртене дауыстап.
«Іздеген екенсің-ау, мені. Алла, жарығым-ай, іздеген екенсің-ау. Аһ, жалған дүние-ай,» – деді тағы аузынан жалын шыға уһілеп. Көзінен сорғалаған жасы мойнынан құлақтап отырған Жанарыстың қолына тамып жатты. Сол сәтте Әнуар сыйпап өткен сұқ саусағы өз-өзінен қозғалып ине шаншығандай жан төзгісіз жағдайда шаншып-шаншып ауырды. Оның азабы сондай ауыр еді. Жанарыс қолын әйелінің бетіне қалай қатты басқанын білмеді. Көзі қарауытып есінен танды. Сіздер, сіздер сабырға келіңіздер, әйтпесе мен шыдай алар емеспін. Бәріміз де Әнуардың жолын құшамыз енді, – деді Мұнар кілт тоқтаған машинасын ашып. «Келдік пе? Әнуардың ақырғы демі біткен жері осы ма? Кәне, сыртқа шығайық. Жанарыс маған көмектес, – деді Алтынсары, маши- на алдында отырған еріне. Баламнан жаным артық емес, өлсем осын- да өлейін. «Аш есікті. Бол енді...» Мұнар Алтынсары жайғасқан артқы есікті ашқаны сол еді, бода-бодасы шыққан ана құлап-сүрініп есіктен еңіске қарай сүріне-қабына, одан жалма-жан атып тұра қайта жүгірді. Оның зарыға, өкіне жылап зарлаған даусынан төңірек азан-қазан болып кеткендей еді. Жанарыс көліктен жерге түсе алмай кеудесін басып оты- рып қалды.
«Ау, ағайын», – деді бір кісінің қоңыр дауысы. Баланы бүгін жер- леп отырғандай азан-қазан болғанымыз адамға да, Аллаға да, дүниеден өткен балаға да дұрыс болмайды. Болған іске болаттай берік болайық енді. Құран оқылық, сабыр сақтаңыздар «Аууз билла»... деп құран ая- тын бастап жіберген кісіге бетін бұрғанда Жанарыс оның мешіттен кел- ген өкіл екенін киім-киісінен болжады. Бұлардың соңынан келген інісі Әбу мешітке барып әкелген екен ғой... Жанарыстың сол қолының Әнуар ұстаған сұқ саусағы біреу инемен тоқтаусыз сұққылап жатқандай жан төзгісіз ауыра берді. Осы апаттан кейін он екі күн өткенде дүние салған Олжаның бейітіне барып марқұмның әруағына Құран оқып жатқанда сұқ саусақтың ауырғаны басылғандай болды. Бұл кезде Алтынсары, Мұнар, Олжаның анасы Ғалия, Әбу және өзгелер не күйде оны Жана- рыс білген жоқ. Оның қан қысымы көтеріліп, көліктің ішінде ес-тұссыз отырып қалған-ды. Оны өзгелер елемеген, елесе де жанына келіп хал сұрауды ұмытқандай күйде еді. Бірақ отырған кісінің сол қолының сұқ саусағы бір бүгіліп қайта жазылып тұрды. Әнуарының бұған де- ген аяушылық сезімі жүрек сыздауына ем болғаны ма Жанарыстың жан дүниесі тереңнен сезіп бойына балаға деген ризашылықтың жы- луы шым-шым тарап жатты. Қайту жолда әркім Әнуардың опат болған жеріндегі әсерден тұнжырап кеткен. Әртүрлі қиялға беріліп қыбыр етіп тыныштықтың сілтісін бұзбады. Мұнардың көлігі үлкен жолдың бой- ымен зырлап келеді. Бір кезде де Әнуары осы жолмен Аспараға қарай заулап келе жатты-ау, жарығым. Әне содан бері бес жыл өте шықты. Жол, баяғы сол жол. Оның бойымен әрлі-берлі жүйткіген машина- лар қозғалысы да сол қозғалыс. Жалпы дүние тынысы өзгеріссіз. Ал бірақ, бір ғана Әнуарсыз, тіршілік дүбірі соғып тұр. Бәлки Алланың ғұзырымен болған мәңгілік ғұмыр болар. Соның ішінде тарыдай ғана Әнуардың жүрек дүрсілі неге жоқ. Енді міне жас ортадан ауып, жылы ата-қонысын тастап Аспараға келгенде бұл екеуін Алла өз билігіне өткен ұлын есіне салып бұрынғы қасат қайғыны қайталағаны несі... Бұл екеуіне көрсеткен және бір азары ма, жазасы ма, жоқ, аяулы ұлын есінен шығармай жүрсе, жоққа алданып ұзақ ғұмыр сүрсін деген шапағаты ма? Бұл не тағдыр? Мүмкін жанған жақын жанашыры – Әнуарының рухы қайда да болса оларды қорғап қолдап жүретінін сездіргені, аяғаны ма екен.
Машинаның үстінде отырғандардың тұнжыраған үнсіздігін алғаш бұзған Алтынсары болды. Бес жыл өтседе Әнуарымнан дәл бүгін айрылып қалғанымды білдім. Шыдай алар емеспін. Жанарыс дәруіңнен бер, жүрегі құрғыр суылдап, қорқып бара жатқандаймын. Сен болсаң баламды түсімде көрдім, сұқ қолымды сыйпап, маңдайына басып, құлағыма апама сәлем айт, жүрегін сақта деді дейсің. Өлген адам тіріліп келіп сенімен сәлемдесіп, маған сәлем жолдайды дегенің есімнен тандырып жіберді. Көргеніңе тәубе. Әнуарым әлі өлмеген екен. Екеумізді сырттай бақылап, бәле-жаладан сақтап жүр екен. Бұғанда шүкіршілік. Осыны білдірген Аллаға мың да бір рахмет. Менің балам жаратқан иемнің қамқорлығында жүр екен. Бұл да болса Әнуардың тегін адам емес, бойында жақсы қасиеті, бағалауға тұратын киесі бар екенін білдіреді. Әлемді ырқына билеген Алла тағаламның құдіреті өлген баламды тірілтіп қасымызға әкелсе оған сенбеске ла- жым жоқ. Өйткені жаратқанның құдіреті күшті ғой. Мейірімі түссе дәл қазір Әнуарымызды баяғы тірі кейпіне түсіріп, екеуміздің арамызға отырғызып қояды.
Уа, пенделер, ақылға келіңдер. Алла тағаланың құдіретінде, мейірімділігінде шек жоқ. Оған шүбә келтіру күпірлік. Жаратқан ием пендені дүниеден оздырып, бақилық дүниеге өткізгенде оның да есебі, себебі бұ дүниемен о дүниенің арасындағы бір ғана жаратқан иемнің тәртібімен белгіленген құпиясы бар болар. Алла екі сөйлемес, сірә. Пенденің жанын алу да, оған қайта жан беру де біздің қалауымыздағы шаруа емес. Алланың ғұзырындағы құпияны ешбір жан білуге тиісті де емес. Сол үшін де Екі дүниенің иесі жалғыз құдіретіміз жаратушымыз ғой. Балаңызды үйіңізге кіргізіп, қолыңыздан сыйпатып, құлағыңызға сыбырлатуға дейін кеңшілік берген жаратқан иемнің Сіздерге түскен мейрімі емес пе? Екінің біріне бұйырмайтын рақым деп білген ләзім. Сіздер шын Алланың адал пенделері болдыңыздар. Шүкіршілік етіңіздер. Жаратқан иемнің назарына іліккен кісілер тек емес. «Ауу зы білә им»...
Мешіт өкілі құран оқи бастағанда Мұнар машинасының жылдам- дығын бәсеңдетіп артынша кілт тоқтады. Мұнар өз жақ есігін ашып сыртқа шықты да айналып артқы есіктің бәрін ашты. Неге олай еттің деген ешкім болмады. Өзінің әлгі сөзі әсер еткенін білгендей мешіттің өкілі дауысын күшейтті.
Иә, Сіздер жәй адам емессіздер. Алла тағаланың назарына екінің бірі іліне береді ме. Жоқ. Ілінбейді. Алланың жолын таза ұстанып, тіршілігінде күнәдан пәк болғандар ғана мұндай рахымға ие бола- тын шығар. Құдай қаласа Әнуарыңыздың орнына дәл сондай ақылды, қайсар бала береді Алла екеуіңізге. Соған иланыңыздар. Балаңыз өлген жоқ. Жаратқан иемнің түнгі оқиғамен аян беруі осыны білдіреді. Енді, жылау-сықтауды біржола қойып ертеңгі күннен қуаныш, жақсылық күтіңіздер. Сол қуанышқа тезірек жетуді сұрап Аллаға сыйына беріңіздер. Міне, менің айтпағым осы. Оны жаратқан ием аузыма салып тұр. Алла, Алла, Алла...
Түнгі оқиға. Әнуардың демі үзілген қаралы жерге беру, одан қай- ту жолдағы мына бір мешіт молдасының әңгімесі, отырғандардың есін шығарып жібергендей ме, Алтынсары: «Иә, Алла, Әнуарды өзіме қайтып бер. Мейіріміңнің шексіз, құдіретіңнің өлшеусіз екені рас бол- са, Жанарыс екеумізге назарыңыз шын ауса ұлымызды қайтарып бері- ңіз», – деп дауыс салып ботадай боздап қоя берді.
Оның даусына Жанарыстың қорсылдап жылағаны. Әбу мен Ға- лияның әлдебір тілектерді айтып былдырақтағаны. Мұнардың «Ау, ағайындар сабырға келіңіздер. Мына түрлеріңізді жаратқан ием көріп отырса қолдай қоймас. Сабырлы, салмақты жандарды ғана қолдайды, дейді ғой. Алладан тілектерің қабыл болсын десеңдер Әнуар мен Олжаның әруағына Құран оқып шыққанымыз жаңа ғана, енді сол тілегіміздің аяғын жылау-сықтаумен емес сабырлы тілекпен ертеңгі күнге беретін жақсылығын көруге деген адал үмітпен өткізгеніміз жөн сияқты.
– Бәрекелді, айналайын, балам, жас та болсаң үлкеннің сөзін айт- тың, Алла тағаланың аузыңа салғаны шығар бұл. Рахмет, өркенің өссін. Өткен қайтып келмейді, өшкен қайтып жанбайды. Жаратқан оның ор- нына жаңа ұрпақ берумен жарылқайтын болса, соған қанағат етейік. Кәне, Алланың мейрімінде шек болмасына тағзым етелік.
«Машина Аспараның қиқы-жиқы көшесін қуалаған жолмен жүре берді. Жанарыс мең-зең болған басын қолымен ұстап әңгімеге қатыспай көзін жұмып алған. Алтынсары манағыдай емес, аздап тыныштала бастағандай. Жанарыстың інісі жаңа бір әңгіменің ұштығын шығарды.
– Иә, иә деді. Машинаның әйнегінен көзін алмаған қалпы, Олжа мен Әнуардың жанында бір қыз бала болған дегенді сен қайдан біл- дің? – деді Мұнарға. Өзің көрдің бе, бұрын кім екенін білетін де едің ендеше сол қыз баладан хабар алғандарың болды ма, бес жыл ішінде? Осыны білсеңдер айтыңдаршы?
Отырғандардың көңілін аударған Әбудің сұрағы ешбірінің ми- ына кірмеген еді. Машинаның ішіндегілер әлде бір тосын жаңалық күткендей, бір-бірінің аузын аңдасып, өзді-өзіне қарағысып қалды.
Жаңалық ешкімнен шыға қоймады.
– Мұнар балам, – деді Алтынсары. Әлгі қыз бала деп отырғандарың қайсысының танысы еді, соны білесің бе?
– Жоқ, жоқ. Мені біледі деп кімнен естідіңіз? Хабарым мүлдем жоқ.
Жанарыстың ойы тағы да Әнуарының өткен өмірін шолып кетті.
– Үлкені Манарбек Аспараға жұмысқа тұрып қасына інісін ал- ғысы келді. Бұл ағайындылардың әке-шешенің келісімінсіз екеу ара құпия сөз байласуы ма, Жанарыс пен Алтынсары ол жағын білмеген. Бірақ Әнуар институттың соңғы курсында Аспараға ағасының жа- нында тұрып оқығысы келетінін әкесіне бірде айтқаны есінде. Қызыл- қайыңдағы ата-ана тұрған әулеттің қарашаңырағының кенжесі-мұ- рагері кішкентай балғын бозбала дәрежесіндегі ұл әке-шешесінің жанынан бір күнде ұзап шықпаған еді. Ұзап кетсе ең алдымен ана- сы, ұлы аштан қалатындай, болмаса көлденең бір қырсыққа ұшырап қалатындай қатты қиналатын-ды.
Жанарыс сылыңғыр қара баласының сирағы майысып жүргеніне қарап осы неменің жілік майы толмаған-ау әлі, аяғында қуат жоғы сонан болар. Әй, қайдам, біздің қасымыздан ұзап шықса күн көруі екі талай-ау деп іштей қауіптенетіні рас. Туасы ойқы-шойқы мінезі, арсын-гүрсін қылығы жоқ, бір тоға момақан қалпын бұзбай сыпайы жүретін, әке-шешесімен ғана емес, қасына ерген дос-жарандарымен де алысып-жұлысып ойнамай, не біріне де оспадарсыз сөйлеп, қисық қабақ тантыпай ақырын ғана күлімдеп ішіндегісін сол жылы қабағымен-ақ айтпай танытатынын әрдайым көріп біліп жүрген әке «мұнысы да жақсы, Құдай берген сабырдан айрылмаса үлкен-кішіге сыйлы болары хақ. Шүкір бұл қара сирақ балам әлі-ақ тәуір жігіт болып өскелі тұр. Ләйім осы мінез-құлықтан Аллам айырмаса екен деп, іштей тілек тілейтін.
Ал үлкеннің мінезі мұндай емес. Ол кішкентайынан орыс тілін- дегі мектепке баруы себеп болған шығар. Қазақтың қанында бар тұ- йықтықтан шықпаса өзіне қиын тиер, бала ашық, қарым-қатынасы еркін болса өскенде өз ортасын тез тауып, жақсы араласатын болады. Момын, тұйық балаң қазақ тіліндегі мектепке барса ашылмай онан әрі басылып қалады» деген соң осы Алтынсарының да ақылы жөн-ау деп Жанарыс өзін қинай отырып ұлын орысшаға берді. Шынында да сыныбы жоғарылай берген сайын Манарбектің де мінезі, жүріс-тұрысы, кісімен қарым-қатынасы кілт өзгере бастағаны білінді. Ол ештеме- ден жасқанбай, тартынбай ойына келгенді ашып айтып інісінің сөзін ұнатпаса бетінен алып тастамағанмен қателігін сол мезгілде айтып, жақ ашуға мұрша бермейтін үлкендіктің, басымдықтың белгісін та- нытатын. Келе-келе екпіні қатты, сөзі өткір ағасының мінезіне қарсы келуді мүлдем тыйып, ұнатпағанын жымиып қана күлген райымен білдіруден әріге бармайтын болды, інісі. Мұны Жанарыс «бір биеден ала да, құла да туады» деген рас-ау дейтін екі баласының, екі түрлі мінез құлқын байқағанда. «Аман болсын. Мінез-құлық келе-келе өзгереді. Тек қанында бар, тегінде бар нәрсе ғана өзгермейді» дейді, үлкендер. Жанарыстың жеті атасынан бергі зәузаты дін ұстаған. Жүрген-тұрған ортасында дін оқуынан да, төтенше оқудан да хабары бар. Ойын-тойда өлең шығарып, ән айтып талантын көрсетіп қадірін арттырған сыйлы кісілер болыпты. Ендеше екі ұлдың болашағы әлі ал- дында. Алла аман сақтаса тегіне тартпай қайда барар дейсің. Ашықтық оспадарсыздыққа, әдепсіздікке, анайылыққа айналмаса болды. Ал, Әнуардың тұйықтығы іште жатқан қайғы мұңға алмасып, сонысынан кейін өзі азап шекпесе болды да. Бәрін Алла біледі. Алла бұған екі ұл берсе, олардың арлы, ұстамды, көпке қадірлі болып өсуіне де жәрдем беретін болар. Бәрі жаратқанның қолында. Жаратқан ием балаларына жар болсын деп іштей ұлдарының амандығына құдіреттен кеңшілік сұрайтын. Әнуар шынында да әке-шешесінің бауырына басқан қол баласы еді. Ол әкесі мен анасынан бөлініп басқа жерде өмір сүремін дегенді ақылына сыйғыза алмайтын. Әсіресе апасы Алтынсары десе шығарда жаны бөлек еді. Сондай жақсы көріп үйде бір сағат көзіне түспесе сағыныштан жарылып кетуге шақ қалып, бірде әкесінен, бірде ағасынан сұрағыштап қашан көзіне түскенше жалғызсырап үйге сый- май кететін. Апасы жұмыстан келген бойда – «Әну қайдасың?» – дейтін. Баласы болса анасын көптен көрмегендей жүгіріп барып бетіне бетін басып омырауына басын қойып иіскелеп тынышы кететін. Мұны ағасы ерсі көріп «осы сен қашан есейер екенсің, бесіктегі бала құсап анаңның
«мамасын» ембей тыншымайсың, қайыс қара. Қой, көршілерден ұят- ты, тоқтат енді мауқыңды бассаң. Еркетотай қыздай елжіреуіңді доғар. Ау, сені әкең үйлендіруді ойлап жүрсе жігітінің түрі мынау. Япыр-ау үйленсең келіншегіңнен де ұялмайтын сабаз боларсың өзің. Немене, апаңды сенен өзге жан сағынбайды деймісің. Жоқ, ол жалғыз сені ғана туып па?» – деп інісін әзілдей ұрысса да, «иә апам тек мені ғана туған сендердің біреуің де оны дәл мендей жақсы көрмейсіңдер,» – дейтін. Білсеңдер бәрімізді мәпелеп отырған, барымыз бен жоғымызды реттесіп жүрген жалғыз осы кісі, менің апам. Ол үйде бір күн болмаса бәріміз бетімізбен кетеміз. Береке байлықтың ең үлкені осы апамның пейілінде, жүрегінде. Мен сол үшін де ол жоқ жерде тұра алмаймын. Сол үшін жазықтымын ба? Жүрегім де жаным да сағынып іздеп тұрса амалым не?» – дейтін Әнуар. Манарбек балам, дейтін Жанарыс үлкен ұлының Әнуарға кейігенін жақтырмай.
– Құдай қаласа Әнуар да аяқтанатын жасқа келеді. Ал бірақ оны анасын, әкесін, болмаса бауырларын жақсы көргендігі үшін айыптауға болмайды ғой. Тоғыз ай көтеріп дүниеге әкелген анасынан өзге кім оған жақсы көрінеді? Отбасының береке-байлығы да сол. Соны білген ақылынан айналмайсың ба ініңді, – дейтін Жанарыс. Ана мен балаларының арасындағы жайға назар аударып, ештеме болмағандай. Әкесінің пікірі үлкені мен кішіге де Алтынсарыға да қатысты үлкендік ақыл көрініп отбасының барлығы «Әнуар апасының мамасын үйленгенде де еме беретін болады», – қиқилап әзілге басатын. Сонан бір сәтке үй ішіне көңілді шырай кіріп бәрінің жүзіне ұнамды жылылық рең, көздеріне нұр жүгіргендей болатын.
Маусымның орта тұсында Аспараға үлкен ұлы анасы мен әкесін қоныс тойына шақырды. Бұл кезде Қазақстанға Тәуелсіздік орнап Қазақстанда өзге ұлт өкілдеріне қырын қарау салқыны білініп тұрған- ды. Содан сескенген орыс, неміс және басқа кірме ұлттардың өкілдері өз отанына біртендеп қоныс аудара бастаған. Арқада сонау Хрущевтің за- манында тың игеру сылтауымен келіп алған олардың күші жеткендері Аспара қаласына қоныстана бергені тарихтан белгілі. Енді Тәуелсіздік келгенде ең алдымен өз отанына қоныс аударушылардың қозғалысы осы жерде басталды. Жақсы үйлерін, пәтерлерін арзанға сатып асығыс- үсігіс көшкен кірмелерден үйлерін арзанға сатып алу орын алып, сол алушылар ішінде Жанарыстың да ұлы болды. Жанарыстың дәулеті шағын болатын. Облыстың оңтүстігіндегі шалғай ауданда қатардағы қарапайым тіршілік жасап жүрген адамда не байлық болсын. Қазақта
«жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» деген көне нақыл бар. Жанарыс әкесінің көмегімен ұлына үй сатып әперуі соның шындыққа айналғанын көрсетті.
Шайхы малшы болған 50 жылын құр бекерге өткізбеген екен заманның ыңғайын әрі-беріден болжай білетін зерек қария Қазақстан мен Қарақалпақстанның тату көпшілігі де түбі бір бұзылатынын біл- гендей, қазіргі тыныштық уақытты пайдаланып дүние жинап алумен қатар Қарақалпақстанның зиялы бай адамдарымен жақсы қарым- қатынаста болуы, оған оның емшілік өнері де себеп болған. Шайхының жүйрік ат, түрікпен тұқымдас нар түйелер өсіруге әуестігі барын  білген Нөкістің байы Асылхан Шайхымен жақындасудың амалын алыстан ойластырып қойыпты. Бір заманда арғы атасы қазақтан қыз алып, одан туған ұл қарақалпақтың мықты дөкейі болғанын алға тар- тып, Асылхан Шайхымен түбі бір туыс құда болды да шықты. Соның бір жоралғысы деп жүйрік ақалтеке бәйге көгін сыйлады. Ат сыйла- са ақтарыла түсетін қазақтың ақкөкірек кең қолтық мінезін білетін Асылхан осылай басталған құдалықты жаңғырту саясатын онан әрі тереңдетіп, індете берудің бар амалын жасаған көрінеді. Түрікпен тұқымдас нар маяға әуестігін білетін Асылхан келесі бір сәтте нар мая сыйлап, түп құдасын бір жола қаратып алса керек. Аспарадан қоныс аударған немістің әйдік үйін сатып алуға аңсары ауған Жанарыстың қаржы жағын қиындықсыз шешілуіне енді міне әкесіне Асылханмен байланысы оңай іске асырды. Шайхы мен Асылханның арасында не келісім болғаны Жанарысқа құпия болып қалды. Бір білетіні екеуі ізі өшіп бара жатқан құдалықты қайта жаңғыртуға келіскені Асыл- хан Шайхының ұлына Аспарадағы немістің мекен жайын алып берді. Асылханның Шайхыға не бергені тағы да жұмбақ. Қарыз ба ол, жоқ мырзалық па. Жанарыстың шамалауынша жайбар мырзалық дегенге ешкім иланбайды. Олай болса қарыз алған болды ғой. Ал оны қашан, Шайхы несімен құтылады. Алла білсін. Өстіп, пысықсынам деп жүріп бала-шағасын қарақалпақтың құлдығына сатып жібермесе нетсін сормаңдай Шайхы. Сөйтіп, күллі қазаққа масқара болмасын де. Құдай тәуба. Неде болса бұл үй алуға Шайхының қатысуы күмәнді жағдай болып Жанарысты төрт-бес жылға дейін мазасын май ішкендей әбден қашырып жүрді. Тіпті қарақалпақстан деген сөз естісе жүрегі зырқ ете қалатын, сол жақтан біреу келіпті дегенді естісе онысы Асылхан жіберген кісі емес пе екен деп зәре-құшы қашып зәр иманы қалмай қорқатын болды. Аспарадан даңғарадай үйді көк тиыны жоқ малшыға мырзалықпен бере қойды дегенге кім сенсін. Көп ұзамай ақиқатқа қалай жетем деп ішкені-ірің, жегені-желім болып алақ-жұлақ күн кеш- кен Жанарыстың ойда жоқта айы оңынан туған сәт келді. Жанарыс үйдің қарызы туралы бір сәтке де естен шығармады. Әкесіне құпия қорқыныш жайын айтуды сұрап өтінгенмен ол қырсыққандай «Онда шаруаң болмасын. Үйіңді алғаныңды біл», – деген. Өзге ләм демеді. Бұдан дым шығара алмағасын машина жалдап Нөкістегі тамыр-таныс арқылы Асылхан қажыға барды. Ол мұның әкесінен де өткен қырсық шал болды. «Сенің әкең маған қарыз деп кім айтты. Қалаған үйіңді сатып алсаң енді біздің басымызды ауыртпай жайыңа жүр,» – деді. Ешкім, ешкімге қарыз емес. Міне сенің білгің келген құпияң осы болса оның ақиқаты да осы. Жүдә, ақиқат керек десең әкең Шайхыға менің әлі де берешегім бар. Ол кісі үлкен алым адам ғой. Сонау бір жылдарда ас өтпес жаман аурудан мені жылқының сүтімен ақи-тақи жазып шыққан еңбегі бар еді. Сенің үйіңнің қаржысы соның өтеуі де- сем де болады. Ал, енді түсіндің бе, миыңа бір нәрсе кірді ме. Сол қиын кеселден Алланың қолдауымен айықтырған емші Шайхыға мен ғана емес, менің ұрпақтарым да қарыздар. Ол ешқашан өтелмейтін қарыз. Ал Жанарыс осымен түсінген боларсың. Түйекеш Шайхы мен Нөкістің ақшалы байы Асылханның сыйластық бауырластығы өлім мен өмір арпалысқа түскенде сыналған. Енді мұны еш пенде бұза ал- майды, деді.
Ия, өмір деген қандай күрделі, терең ұғым. Оның сырын біліп құпиясын шешем дегенімен соған әлің жетпеуі де мүмкін. Өмірің жет- пей білем деген құпияңды ішіңде сақтап кетуің де әжеп емес. Жанарыс Аспарадағы қалаған үйін сатып алуға дәулеті шағын әкесінің көмегі тигеніне көзі жетпей қиналып, қамығып жүргенде, қазақ шалы мұны қарапайым малшы әкесі сонау қарақалпақстандағы туысы да, туғаны да емес Асылхан қажымен қатысып оны өлім аузынан алып қалып енді соның өтеуіне Шайхының Жанарысына үй сатып әперіпті деген сөз ертекпен бірдей емес пе? Кім кімге жақсылық жасамай жатыр дейсің. Бірақ біреуге жасаған қызметі бір кезде осылай болып қайтады деген әй, қайдам сенбейтін нәрсе емес пе? Сонда Шайхының емінен кеселінің жазылғанын ұмытпаған нағыз құдай деген адам болғаны ғой. Кісіден жақсылық көріп сол үшін оған қарыз екенін білгеннің өзі неге тұрады. Егер Шайхының баласы Аспарадан үй сатып алуға қаржы таппай қиналып жүргенде бұл жағдайды біліп баяғы емшінің өзіне көрсеткен жақсылығын мына баласына көмектесу арқылы қайтарса Алланың алдында өзін ақтап аларын білген Асылхандікі шын адамгершілік, ақадал мұсылмандық десек болар еді. Бәрінен де, кісіден көрген жақсылығын қайтарудың ретін келтірген Алла тағала болмағанда кім? Енді Шайхының мұнан елу жыл бұрын өзіне жасаған қызметіне қарыз болмай қайтарғаны үшін Асылхан жаратқан иесіне мың да бір рахметін жаудырып, о дүниеге мойны бос, еркін баратыны үшін бақытты. Шын қуанышы осы. Бұл кісіге қарызы жоқ екенін білгеннен артық адам өзін бақытты сезіне алар ма. Жанарыс сатып алған дағарадай үйде үлкен ұлы үш қызымен тұрып жатқандығы Алтынсары мен Жанарысты оқтын-оқтын ойландырып қоятын. Жалғыз ұлға серік болар Әнуар әке- шешесінің қолтығында жүр, егер ағасының жанына барып тұрса біріне- бірі қарайласып, сүйеу болып жүрмес пе еді. Әрі орысша оқып кез кел- ген ортада өз орнын еркін таба білетін ашық турашыл, екпіні бар үлкен ағасы әлжуаздау тұйық інісінің мінезіне, жүріс-тұрысына ықпалы тиері анық емес пе? Тұйық бала, жігіт болғанша шешесінің етегіне оралып қашанғы жүреді.
Жанарыс осы ойын білдіргенде оған Алтынсары ойланып қалды. Ерінің пікірінде ағаттық жоғын түсінгенімен Әнуарын ерекше жақсы көретін ана, оны қасынан бір елі ұзақ шығармақ емес. Егер бұл бізден бөлек түруға кетсе бір пәлеге ұрынып қалады, әлі бала ғой оң мен терісін танып үлгерген жоқ. Үйленсін, өзін өзі білсін, сосын ағасына көмекші болып бармағанда не істейді. Қой енді бірер жыл буыны қатайсын, сосын Аспараға емес-ау одан да арғы жерге барса да қой демедім деген Алтынсарының еріне айтқан ойы оншалықты ұнай қоймағаны байқалды. Мұны Жанарыс солай түсінді. Сонда бұл ұлының азамат болғанын құптамағаны ма. Әрі үлкен баласының жанында жүріп ер жетсін деген ниетімнің теріс жері қайсы? Білмедім, кейде оң тілегімді бұрысқа шығармаса да әйтеуір бір жерінен ілгешек тауып құптамайтынын сездіріп қалуға әуестігі білініп қалатыны несі. Ол ана- сы болса мен бөтені ме екен. Әнуарға өзінен өзгелердің жаны ашымай- ды деп ойлаудың не кілтипаны бар?
Сонымен ерлі-зайыптылардың келісімімен ақыры Әнуар Аспа- рада оқуын жалғастырып үлкен ағасының қасында тұратын болды. Әнуарды студент жастар, Алтынсарының, Жанарыстың сыйласта- ры, туыстары бір қауым дүрмек көпшілік Аспараға шығарып салды. Жаратылыс өз ырғағымен жүріп барады. Күн, ай, жұлдыз, жылдың төрт мезгілі, айнала тіршілік қозғалысы оның ішінде адамдар қарым- қатынасы, жақсы мен нашар, ақ пен қара, адалдық пен арамзалық қысқасын айтқанда қарама қайшылыққа толы дүние басымды бірде боққа бірде батпаққа тығып, үміт пен үрейді, қулық пен сұмдықты қаптатып қуанышыңды сарқып, қайғыңды қалыңдатып езіп-жаншып ит талауындағы өміріңді ілездем де бода-бодасын шығарып, жүндей түтеді де тастайды. Бір мезгілде Аллаға осы аман-сау жүргеніңе шүкіршілік десең қайтеді деп ақылыңды жөнге түсірген болады да ертеңгі күннің не боларына сеніміңді сарқып ештеме-ешкім керек емес, әркім өз машахатымен айналысып жүргенде сенің барың мен жоғың кімге керек еді деп дымға алаңдатпай жігеріңді құм етіп оны шоқ тигендей үпіріп ұшырып жібереді. Кімнен жақсы сөз, жарым ырыс дейтін сүйінші хабар күтесің. Бар ма сондай алданыш. Әркімнің көңілінде бір тілекшісі бар шығар. Ал, менде соның бірі түгілі жарты- сы да жоқ. Бар еді ол, болған еді ол. Бірақ соның бәрі құрдымға құлап жар астына сіңіп кеткендей, қазір одан жұрнақтай да белгі таппайсың. Аспараның қиқы-жиқы үйлерінің іргесін қуалаған жол Мұнардың машинасын алға сүйреп келеді. Әлі көңілі түнгі түстен айықпаған Жанарыстың ұлымен ұшырасқан оқиға, баласының құлағына сы- бырлай айтқан сөзі, сол қолының сұқ саусағынан екі-үш рет си- пап өткені, одан таңертең терезе сыртындағы бақшалыққа барғанда шие ағашының арасын паналаған титімдей қараторғайдың суықтан қалтырап әлсіреген кейіпте шүйкілдеген дыбысы, оған назар салғанда сұқ саусағының өзінен-өзі шаншығаны, ауыртқаны одан әлгіде ұлының апатқа ұшырап соңғы демі үзілген қаралы орынға барғанда саусағы түскір тағы да ине тыққандай болып ауырғаны осының бәрі Әнуарға қатысты бір беймәлім құпияның жоралғасындай сезіліп Жанарыстың соңғы күндері өмір туралы қамыға толғанған көңілін онан әрі қиындатып жібергендей. Жол бойы миына түрлі-түрлі жо- рамалдар келіп бойына әлде бір белгісіз нәрседен үрей кіргендей. Қайғыдан жасқана түскен қорқыныш пайда болғанын жан-жүрегімен сезіп отырған Жанарыс жүрегінің суылын тежегісі келіп омырауын оң қол алақанымен қатты басып ұстады. Мұны айтқызбай сезіп отырған Алтынсары:
– Жақа, – деді бұрылып, бір жерің ауырды ма түсің қашып кетті ғой, – деді жұмсақ жанашыр үнмен. Ойлай берсең бұл ой түбіне жеткізе ме? Балаңды түсіңде көріп, мені де іздейтін жақыным бар екен, соғанда тәуба десеңші. Аллаңа «сабыр түбі сары алтын» демекші Әнуарыңның апатқа ұшыраған жеріне барып әруағына Құран оқыттың, соған риза болар. Біздің осы ықыласымызды ескеріп бүгін түн балаңның әруағы тағы аян беретін бола ма? Әлгі аспандағы туыстарымыз бұл жолы ұлымды анасына баруға рұқсат етер. Құдіреті күшті Аллам менің де сағынышымды басуыма кеңшілік етер деп үміттенемін. Өлген балам тірі бейнесіне кіріп қолымнан ұстағанын білген бойда сені оятамын. Сен құсап ұмытып кете қоймаспын, – деді Алтынсары.
Терезе әйнегінен жылдам-жылдам ағып өтіп жатқан қарсы жүрген көліктердің шамынан бетін жең ұшымен көлегейлеп отырып.
Адам сенбес оқиғаның әсері ерлі-зайыптылардың есінен адасты- райын деген екен, деп отыр ма қайдам? Артқы орындыққа Жанарыспен қатар жайғасқан молда. Е раббым алла, – деп сұңқ етіп. Алла тағаланың құдіретіне, кереметіне шек қоюға бола ма? Әнуарларың әкесінің түсіне кірсе, енді анасының да көңілін қалдырмас. Шын ниетіңізбен соны тілесеңіз Алла тағалам тілеуіңізді орындауы анық. Не де болса сабыр керек. Үркіп, шошынбай жаратқан ием нені бұйыртса да, ықыласпен қарсы алып шүкіршілікпен қараған ләзім. Сенім, шүкіршілік ету әр мұсылманның парызы.
Рас-ау, – деді Жанарыстың ішкі сезімі. Әнуардың демі шыққан жеріне барып Құран оқыдық. Жаратқан иеміз осы ықыласымызды ескерусіз қалдырмас. Кеше түнде сұқ саусағымды сипаған ұлым бүгін анасының қолын сүйіп кетуі әбден мүмкін.
Ұлының түндегі келгені ертек емес, түс емес болған ақиқат жағдай деп сен. Сенім рас болса, бүгін түн анасының көңілін аулап кетуі де мүмкін демеске амал жоқ. Иә, раббым Алла. Алтынсарыға сабыр бере гөр. Ұлы қолын ұстаса шошып оянып үй-ішінің үрейін алмаса болды, әйтеуір. Қатты шошыну жүрегіне салмақ салмай тұрмайды. Алла сақтасын, әйтеуір. Аспараға жақсы тілекпен, үмітпен келген- де серігімнен айрылып, қарақан басым қаңғып қалмайын. Алла, өзің сақтай гөр. Өлген баласын жақсы көретін ананы басқа ұрпағы үшін аман сақтай гөр. Ұлын көрсетпесең көрсетпе, жанын аман сақта! Мейірімі күшті жаратқан ием менің өтінішім де тілегім де осы. Қабыл етіңіз пендеңіздің сұрауын!
Машина үй алдына келіп тоқтағанда ішіндегілер сыртқа шықты. Молда үйге кіруге бұрыла берген Жанарыстың қолынан ұстап аялда де- ген емеурін байқатты. Енді өзгелерден оқшауланып бірер адым бөлек шыққанда: – Алла бұйыртқан түнгі оқиғаны әйеліңізге айтпасаңыз да болатын еді. Ананың жүрегі нәзік қой. Қатты үрейленіп жүрсе жүрегіне зақым келуі мүмкін деген сақтануды ескермегенсіз. Енді өткен оқиғаны еске сала бермей басқаша себептермен көңілін сабасына түсірген артық болмас еді деген ойдамын. Осыны ескеріп ананы жұбатуды сізге Аллам нәсіп еткей, – деді молда. «Мені дұрыс түсініңіз. Ақылыңыз бар естияр кісі көрінесіз».
– Рахмет, рахмет. Сіздің кеңесіңіз артық емес. Өзім де осылай ой- лаймын. Ал, енді бірге жүріп, ниетіміздің орындалуына жәрдемдес- кен сіздей жанға Құдайым жар болсын. Сау болыңыз амандықпен жүздеселік, – деді Жанарыс молданың қолын қысып тұрып.
– Әлбетте құдай қолдаса, қосағыңның амандығына ешнәрсе жет- пейді.
Бабаларымыз «кіммен көгерсең сонымен ағар» деп өсиет еткені жайдан жай емес. Екеуіңіз де алтын асықтай ұлдан айрылып зор қасірет шектіңіздер. Ол Алла тағаланың басқа салғаны сынағы болар. Алла басқа салған қайғыны ердің ері көтереді. Мені шын сүйген адам ғана бұған шыдайды. Шыдай жүріп менен рахым етуді, қуаныш беруді шын тілейді. Сонда пендемнің тілегіне мейірімім түседі, – деген екен. Біреулер сәл ғана қиындыққа төзбей Алланың тура жолынан адасып әр түрлі имансыздық жолға түседі. Отбасына залалын тигізіп сүттей ұйып отырған өмірлік серігіне кесірін тигізеді. Оны да тура жолдан шығуға мәжбүр етіп, адалды да арамды да бағалай білмейтін үлкен қателікке ұрынады. Немесе бала-шағасының амандығын тілемей харам іске баруына мәжбүрлейді. Сөйтіп арамтамақтыққа, қатігездікке, кісі ақысын жеуге тәрбиелейді. Арамнан тапқанын күн көрісіне пайдаланып, қатарынан мансабы, байлығы асып тұруын мақтаныш санайды. Мұның бәрі мұсылмандық іс емес. Арамзалық, күнәқарлық іс. Ондайларға жаратқан иемнің жүрегі суық. Олардың тілегі қабыл болмайды.
Ұлыңды Алла құзырына алса оған да шүкіршілік ету парыз. Бәлкім ол жазаға өзіңе белгісіз бір қателігің үшін, біреуге жасаған қиянатың үшін ұшыраған боларсың. Алла пенденің іс-әрекетіндегі ғана емес ой, ниетіндегі қателігіне дейін біліп отыр емес пе. Олай болса жаратқан иемнің кеңшілігіне лайықты болам десең, тілегіңнің орындалуына сенсең көзің тіріде біле тұра емес ау- білмей қалып та қателік істеуге тиіс емессің.
Алланың құлы Алла жаратқан тіршілік иесінің бір-біріне, арам- залық, қиянат іс істемеуі керек. Әне содан барып Алланың адал құлы қатарында адал өмір сүресің, сенен өскен ұрпағың да солай өседі. Ой, ниет, сана тазалығы бәрінен жоғары тұрмаса, соны дұрыс бағаламаса әйел болсын, еркек болсын мұсылмандық Алла жолын таза, кіршіксіз ұстап жүрмін дей алмайды. Менің пайымымша сіз Жанарыс Алла жо- лына адал адам болғаныңызды о дүниелік болған балаңыздың әруағын көруіңізбен-ақ дәлелдеген сияқтысыз. Алла сол адалдығыңызға риза болғандықтан Әнуарыңызды саусағыңыздан сыйпатты. О дүниелік болған ұлыңыз да тіршілігінде ешкімге қиянат жасамаған, арам іске ой, ниеті бұзылмаған періште жүрек азамат болғандықтан оны сізге барып келуге рұқсат берген Алла. Солай.
Ендеше жаратқан иемнің сүйген құлы Алланың осы кеңшілігіне, шапағат-мейіріміне риза болуға тиістісіз. Өткен түнгі оқиғаны енді өзгелерге айтудың реті жоқ. Жаратқан иемнен жақсылық көрсеңіздер бұл соның басы деп сеніңіздер. Құдірет иесінің мұнан да басқа жоғалтқаныңыздың орнын толтырарлық жақсылық жасайтынына шүбә келтірмеңіз. Менің ақ адал ойым, сенімім осы. Молданың соңғы сөзін жандарына келіп тұрған Алтынсары да естіген. Аузыңызға май, молдеке. Алла тағаламның жердегі өкілі өзіңіз ғой. Сіз осылай боларына сенсеңіз ол әлбетте солай болады. Жаратқан иемнен біз екеуміз сол бақытты күнімізді көрсетсе екен, тезірек деп тілейміз. Құдіретті жаратқан ием Жанарыс пен Алтынсарыны зарлата бермей Әнуардың орнын басатын жақсылығыңды шектеме. Уа, жер жаһанның иесі құдіретті Алла біздің тілегімізді қабыл ете гөр!
– Кәне, Аумин, – деген тілек молданың аузынан шығып болмай-ақ Жанарыс пен Алтынсарының аузынан Аумин! Алла тілегімізді қабыл ет деген сөз қосарлана шықты.

Үйге кіреберіс алдында Жанарыс пен Алтынсары сәл аялыс жа- сады. Жерде қырбық қар болғандығы ма, ауа райы ашық, жел тынған. Ауада қардың лебі ме суық ызғар әжептеуір салқындықты білдіреді. Не болғанда да қыстың басталғаны анық. Арқаның қысы боранын артына сақтап тұр ма, әзірге оңтүстіктің жұмсақ қысын еске сала- ды. Аспандағы жұлдыздардың шетін бүркеген бұлттар жоқтың қасы. Сансыз көп жұлдыздар Алтынсарыға Әнуарын еске салды. Сол көп жұлдыздардың ішінде мұның аяулы ұлы да жүр. Әнуардың 5-6 жас шамасында екеуі қала сыртындағы саяжайға жиі баратын. Жанарыс ол кезде қалаға жақын ауданда қызмет істейтін. Жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын сабаз кейде болмаса жұмыс уақыты бітсе де үйге кеш келетін. Қызметтес серіктері кешке көңіл қошын басар отыры- сты күн сайын ұйымдастырып қашан бірін-бірі сүйемелдеп машинаға әзір мінуге жарағанша арақты сіміре беретін. Ішкен адам бауырмал ақ жүрек келетін әдеті емес пе? Түкке тұрмас әңгімені ермек ететін де үйіне баруды кешіктіре беретін. Сол жағдайда Әнуарды 3-4 шақырым қашықтықтағы саяжайға апасы ертіп барады. Әнуар шаршағанда анасы көтеріп алады, не арқасына мінгізеді. Оған жол-жөнекей көзге түскен бұта не мал болса ұлы бәрін тәптіштеп сұраудан жалықпайды. Оның тәтті тілі анасын да еліктіріп, жауап беруден қашпайтын, қайта ұлының әуестігі өзін де қызықтыратын. Күн батысымен аспанда жұлдыздар көріне бастағанда, әуесқой бала жұлдыздар туралы не бір қызық-қызық сұрақтар қойып Алтынсарының миын атала ететін-ді. Аспанда қанша жұлдыз бар, олардың атын білесің бе? Жұлдыздар неге аспанда тұрады, жерде де сондай жұлдыздар болса қайтеді? – деген сауалдарға апасы жауап бере алмай қалатын. «Сенің бұл сұрағыңа астрологтар болмаса мен сияқты білімі таяз кісі жауап бере алмайды. Өзің өскен соң аспан мен жердің құпиясын оқып білетін боласың. Қазір саяжайға тезірек жетіп әкеңе кешкі тамақ әзірлеп қоялық. Жарай ма Әну, сен енді не болса соны сұрағыштап басымды ауыртпа», – дейтін апасы. Енді бірде апасы жұлдыздар туралы атасы мен әжесінен естігенін айтқаны бар. Аспан әлеміндегі жұлдыздар әншейін жарық шашып тұратын нәрсе емес. Мың, миллион жұлдыздардың аты, сыры бар. Жердегі адам- дар Алланың әмірімен демі үзіліп, жан тапсырған сәтте кеудесіндегі жаны мұрнынан ұшып шығып сонау аспандағы жұлдыз болып жанып тұрған туыстарына барып қосылады екен. Сонда тұрып жерде қалған ата-анасының, бауырларының жүріс-тұрысын, ниет-пиғылын бақылап тұрады екен. Жаза басып қателессе әлгі жұлдыз бауыры: «Е, Алла тағала менің аяулы бауырларымның қателігін кешіре гөр. Ол әдейі емес, жаңылысып, болмаса шайтанның азғыруына түсіп қателік жіберді.

Енді ондай қателік жіберуге мүмкіндік берме. Менің туғандарымды бәле-жаладан, қауіп-қатерден сақтануға көмектесе гөр», – деп шыбын жаны шырқырап жаратқан иесіне жалбарынады екен. Жердегі адамның сондай тілеулесі көп болса Алла тағала да кешіруге пейіл білдіреді дейді. Жұлдыздар жердегі біздің тілекшіміз, жебеушіміз болады деген Алтынсары. Ертең мен өлсем де солай болады екем ғой апа, ә? – деген Әнуардың түсінігінен шошып кеткен апасы, тәйт әрі, кәлимаға тіліңді келтір. Алла тағалам саған өмір береді. Енді соны жақсы өткізу міндетің. Әлі сен денсаулығың мықты болса, ұзақ жасайсың. Алла пенденің тірісіндегі жақсы адал өміріне қарай ғұмырын да ұзартатын көрінеді. Бірақ өлмейтін пенде жоқ. Жақсы адам жер үстінде де, жұлдыз болып о дүниеге өткен кезде де ата-анасына, бауырларына, туыстарына қамқор, тілекші болады. Міне осыны ұмытпа! Бір күн, мың күн өмір сүрсең де кісіге қиянат жасамай, жақсы адамдардың ақылын алып таза жүр, адал бол. Адалдық – Алла жолы. Осыны есіңде сақтасаң ұзақ ғұмырың бо- лары анық. «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат», – демекші жақсы бала екі дүниеде де ата-анасының қамқоры, қуанышы.
– Сонда, – деген Әнуар біздің екі өміріміз болғаны ма? Бірі жер үстіндегі, екіншісі сонау аспандағы жұлдыздар арасында ма? Екі өмірі бар адамдар өлмейді ғой, ендеше иә, апа?
– Қой, Әну. Өлмейтін пенде жоқ. Өмірдің өзі өніп-өсуде, қайта жанып-өшуден тұрады дейді қариялар. Адам таза өмір сүрсе, ата-ана- сын, жақсы адамдарды сыйласа, ешкімге қиянат жасамаса, екі өмірде де қадірлі болады. Ата-анасынан, туыстарынан ешқашан айрылмай- ды екен. Алла таза, жүрегі ақ, ниеті түзу жандарды ғана екі өмірде де өлтірмейді дейді. Онда таза, жақсы өмір сүремін менде. Әне сонда сенен де, бауырларымнан да айрылмаймын.
– Аллаға шүкір де, тіл мен көзден, көлденең қырсықтан аман бол, ботам! Қайда жүрсең де сенің мені ұмытпайтыныңа сенемін, жарығым! Алла тағаладан екі дүниеде де жақсылық тілеймін, балам!
– Бүгін түн не болады? Әнуардың әруағы өткен жағдайды қайталау- ға соғар ма екен, әлде? Соғар болса кімге келеді? Тағы да Жанарыстың саусағын сыйпауды қайталай ма? Жоқ апасының жанына келер ме? Апасы күтіп отырғандай мазасызданып жүргенін білетін шығар-ау. Ендеше жақсы көретін апасына міндетті түрде келуге тиіс. Ал сонда Алтынсары тіріліп келген баласының қолын ұстап, маңдайынан сүйер ме екен? Дауысын естірме екен? Оған жауап қатып, бұрынғыдай айма- лап бауырына басуға әрекет етер ме? Солай етуге қимыл жасағанда, дауысын шығарғанда Әнуардың аруағы қалай қабылдайды? Баласы бұрынғы тірі қалпына түсіп қауышуға ерікті болмай, құр жансыз бейне көлеңке болып тұрса, не істейді? Онда бос ауаны аймалап тұрғанын білсе есінен танып, ауышып кетуі де оңай-ау. Зәресі ұшып, еліріп, есірік болып кетсе бұл не істейді? Өйтіп қауышқанша қауышпағаны мың есе артық. Бұрынғысынша балам енді келмеске кетті, жоқ ол. Әнуары аспанға о дүниелік болып жұлдыздарға айналған, марқұм туыстарының жанында жүр деген сенімінде қалғаны дұрыс қой. Өлген адам қайта тіріліп келмейді, оның рухы ғана келеді деген ал- даныштан арылмай, дені сау жүргені жақсы емес пе? Олай болса Әнуардың келмегені, аян бермегені мақұл. Жанарыстың ниетін біліп те отырған болар баласы. Апасының үрейленіп, қорқып, шошып ке- селге ұшырап кетуіне жанашыр ұлы жол бермес. Бәле-жаладан қорғап, желеп-жебеп жүретіні рас болса бұл жағдайды да ескерер. Құдіреті күшті Алла тағалам бәрін де біледі, бәрін де ескереді, еш пендесіне залал келетін іске бармайды емес пе? Ендеше Әнуарды бұл жолы ана- сына келтірмеудің жолын ескерер. Қой, Алланың құзырындағы іске бас қатырмай сабыр сақтаған дұрыс болар. Осындай сан-алуан ой- лар Жанарысты есінен тандырардай мазалады. Ол қоштасып қайтуға ыңғайланған молдаға өзінің ойындағы мазасыздықты білдіргенді жөн көрді. Бәлки бүгін түнде олармен молда да бірге болар. Ойламаған жағдайға тап келсе Құран оқитын адамның қажет болуы мүмкін ғой. Япыр-ай, Алла-ай, Әнуардың қолын сыйпап, құлағына сыбырлап кеткенін бұл әйеліне неге айта қойды. Болған жайды жария етудің не қажеті бар еді. Уа, раббым жаратқан ием, пендеңді ішкі сырын айтудан неге сақтандырмадың? Әйеліне сырын айтқан Жанарыстың қателігі неге соқтырарын білген де боларсың, Аллам. Өлген баланың көзі тірісіндей саусақтарын сыйпап, құлағына сыбырлағанын естіген ерінің құпиясын білуге әуестенбейтін жан бар ма? Жанарыс алды-ар- тын пайымдамай оқиғаны шиеленістірді. Анасының өлген ұлына де- ген аңсарын оятуы неге апарып соқтыратынын білсе, сонда не болды? Кімге пайда, кімге зиян. О, раббым Аллам. Баламды өз иелігіне әкетіп бізді қасат-қасіретке ұшыратсаң да Сіздің әрекетіңізге шүбә келтірмей
«өзі берді, өзі алды» деп, бұған да шүкіршілік еткенбіз. Алланың ісі ақ, адал деген сенімнен бір сәтке де айныған емеспіз. Әлі де солай өзіңе деген сеніммен тіршілік еткен ақуалымыз бар. Сол тіршілігіміз де сіздің арқаңызда. Солай болса да өлген ұлын анасымен кездестіруге ниетіңіз ауса, содан жалғандағы жалғыз қосағым дертке шалдыққан жағдай туа қалса менің халім не болады? Сонда мен ауырсам демеп, сүрінсем сүйеп жүрген жалғыз серігімді қайдан табамын?
– «Сізде бір мазасыздық бар. Неге екенін де сезгендеймін. Аллаға сүйеніп, қандай жағдай болмасын жаратқан иемнен сабыр, шүкіршілік тілеңіздер. Алла шын тілектес пендесін жамандықтан сақтап жүрері хақ», – деді молда.
– Иә, Алланың «сөзі де рас, өзі да рас». Оған сенбес пенде бар ма, – деді Жанарыс молданың сөзін құптап.
Баламыздың демі үзілген жерге Құран оқыдыңыз. Енді Әнуардың әруағы риза шығар. Осы ризалықпен өткенде маған аян берген түн апасының басына келе ме екен, оны әйел-ана жүрегі көтере ала ма? Мені қинап отырған осы сауал, молдеке! Бәлки сіздің тағы да көмегіңіз керек болар. Әбден қиналып өз сауалыма өзім жауап таппай, отырған халім бар, сезсеңіз. Біз не істеуіміз керек? Құран оқытып Әнуардың әруағын келтірмеудің қамын ойласамыз ба? Жаратқан иемнің билігіндегі іске қарсылық етуге бола ма? Болмайды!
– Болмайды, рас, – деді молда. Өзіне жан беріп тіршілік етуге жа- ратқан пенде өзінің иесі Алла тағаламның билігіне қарсылық етуге не- месе сондай әрекетке баруға ниеттенуінің өзі күпірлік.
– Молдеке, – деді Жанарыс молданы қолынан ұстап үй айналма- сындағы терезе әйнегіне таяу тоқтағанда.
– Айтыңызшы, сіз осы менің басымда болған оқиғаның растығына сенесіз бе? Әлде бұл түс көруден туған қияли нәрсе ме?
– Тек шыныңызды айтыңызшы? Не жағдайға тап келдім мен? Мені жын-шайтан асасымен түртіп кетпеді ме?
– Астапралла! Жаратқан иеме күпірлік жасамайық. Бәрі де сол құдірет иесінің әмірімен болатынына сене отырып, балаңыздың қолы- ңызды сыйпап, құлағыңызға сыбырлағанын ести тұрып әруақтың ке- луіне күмән келтіруіңіз қалай? Ақылыңыздан алжасқан да сыңайыңыз білінбейді. Сөйлер сөздің оябын тауып жатсыз. Ой, санада кемістік болса олай бола ма? Алла сіздің саулығыңызды құптамаса ұлыңыздың рухын әкелмес еді ғой. Сіздің ары таза, ниет-пиғылы түзу пенде болғандығыңыз үшін ұнатты, құптады. Сөйтіп балаңызға саусағыңызды ұстауға кеңшілік жасады. Сіз Алланың адал құлы болмасаңыз мұндай рахымға ие болмас едіңіз. Осы үшін жаратқан иеме мың да бір шүкіршілік жа- сап жаныңыздағы серігіңіздің денсаулығына тілекші болып отырсыз. Осының өзі адалдық қой. Ұлыңыз анасын көргісі келсе, ол да Алланың рұқсатымен болады. Жаратқан иемнің әміріне ешкім қарсы тұра алмай- ды. Алла нені қалайды, сол дұрыс. Соны құптауға тиістіміз. Өзіне сен- ген, тіршілікте күнәсі жоқ пендеге Алланың мейірімі шексіз екені рас, ендеше ештемені қауіп етпей қалыпты тіршілікті жалғастыра берген орынды. Алтынсары жеңгемізге де осылай деп кеңес бергеніңіз мақұл. Сізге балаңыздың әруағы аян бергеніне мен сенемін. Мұндай-мұндай оқиғалар мұсылман кітаптарында жазылған, ғұлама адамдардың аузынан да естігенбіз. Олай болса өзіңізге де, жеңгейге де Алла жар бол- сын деп, барлық жайға сабырмен, ақыл-оймен ұстамды қарап, Аллаға сеніміңізді жоғалтпасаңыз барлығы орнына келетініне еш күмән жоқ. Алла тағаланың жердегі өкілі молданың сөзі Жанарысты ептеп сабасы- на түсіргендей еді. Десе де көңілінде әлі де болса абыржушылық бар. Тосын жағдай болып оның қосағы көктегі Әнуардың жанына жұлдыз болып ұшып барса қайтемін деген қауіп сейілмей тұр. Алланы аузынан тастамай құдірет иесіне жәрдем сұрап тағат табудың, сабыр сақтаудың ығытын таппай есі кетті. Жатарда Алтынсарының:
– Жанарыс, бүгін есік, терезені ілмей саңылау қалдырып, ашып қойсақ қайтеді, – дегенде үрейі ұшып әйеліне жалт қарады. Сосын ұстамдылық сақтау керегі есіне түсіп:
– Балаңды бүгін күтемісің? Оның келетінін қалай білдің? Ол жаңа аспандағы орнында тұр еді ғой, деді. Екеуі есік алдында тұрғанда Әнуардың жұлдызы деген жарыққа ұзақ қараған. Оңтүстікте жүргенде Алтынсары жатар алдында мұны сыртқа шығарып, аспандағы сансыз жұлдыздардың бір шетінде шоғырланған жұлдыздар тобын көрсетіп:
– Осы менің баламның тобы. Көрдің бе, әне. Сол топтың шығыс бетіндегі жарығы өзгеден өткірлеу біреуі тұр ғой, сол менің балам, Әнуардың өзі.
– Мен аспандағы туыстарыма барғанда сізге көрінетін бір шоғыр бо- лып, өзгеден шеткерірек тұрамын, – апа деген. Сол топтың шығысында бөлек тұрып сізді бақылаймын. Мені сағынсаңыз түн жарым ауғанда аспанға қараңыз.
– Балам мен сені көруге шықтым, сен мені көріп тұрсың ба? – десеңіз сол заматта жарығымды молайтып белгі беремін деген.
– Сонан бері қаншама күндер өтті, жылдар өтті, қаншама өзгерістер болды. Бірақ Алтынсары мен Жанарыс үшін жылды-жылға қосқан уақыттың өзгерісі жоқтай сезілді. Аяулы ұлының жолдастары да бірінен кейін бірі ер жетіп, өмірді аман-сау өткізіп жатты. Олар сыртқы есіктен кіріп келсе бейне бір Әнуары солармен келгендей сезініп ал- дымен Алтынсары істеп отырған тірлігін ысырып тастап орнынан «Е, Әнуарымның достары екенсіңдер ғой, келіңдер. Сендерді көрсем бір жасап қаламын. Түнімен әр қилы түстер көріп ұйықтамай шығып едім. Мына әкесі де таңертеңнен оң қабағым тартып отыр деп, – еді. Екеумізге де Алла сендердің келетіндеріңді білдірген екен ғой. Кәне Мұқият, Айдос, Ерке бізге бір қуаныш сыйладыңдар ғой. Енді еркін отырып әңгімелесейік деп самбырлап сөйлеп, ұлы тіріліп келгендей айрықша жадырап, құрақ ұшатын. «Қалай, бармысыңдар? Әке-шешелерің аман ба? Әнуарым болмаса да орнын жоқтатпай келіп тұратындарың үшін бәріңді жақсы көремін. Айналайындар, дәу-дәу жігіт болып келесіңдер. Құдай амандық берсе кезекпен үйленесіңдер, әлі. Бала-шағалы болғанда келуге қолдарың тие ме, өзі? Бір үйдің азаматы, бір отбасының тірегі болу оңай шаруа емес. Оның бейнеті мен зейнетін қайыспай қатар көтерген адам ғана өмірден өз орнын таба білген, нағыз жақсы азамат ел- жұртқа, әке-шешесіне сүйікті ұл болары ақиқат. Сендердің қуанышты, бақытты адам болғандарыңа тілектеспіз. Әнуарды жоқтатпай осылай оқта-текте бір келсеңдер де ризамыз, – деді Жанарыс. Сол түні әдетінше ерлі-зайыптылар аспандағы Әнуардың жарық жұлдызына қарап тұрды.
«Әнуар сенің достарың келді, бізге. Сені еске алып бір жасап қалдық. Көктегі туыстарыңның қамқорлығымен өміріңді жақсы өткізіп жатқан боларсың. Қасымызда болмасаң да жұлдызыңа қарап сенің бар екеніңді сезінудің өзі біз үшін шексіз бақыт екенін сезе ме, жүрегің. Айналайын, алтыным. Жұлдызың сөнбесін ләйім. Жаратқан ием екінші өміріңнің қызықты өтуіне қолдау берсін...»
– Әне, әне, Жанарыс Әнуарым сенің тілегіңді естіді. Көрдің бе, жұлдызы бұрынғыдан өзгеше жарқырап кетті. Көрдің бе. Әне тағы да жарығын күшейтті. Беу асылым-ай қатар жүрген достарының келгеніне, біз екеуміздің соған қуанып қалғанымызды біліп тұрған болдың ғой, жан балам, менің. Е, е, уф, – деп Алтынсары демін үзіп терең күрсінді. Ері оның жылап тұрғанын білді де қолын иығына салып «қой, сабыр сақта». Әнуар бәрін көріп тұр. Сен жыласаң ол да өзін ұстай алмай кетеді. Әруағы қиналады. Қой, Алтыным. Ақылың бар адамсың ғой, өзіңді текке қинай берме, сабыр сақта. Баламызды жұлдыз бейнесінде көрсетіп жүрген Алла тағалаңа алғысыңды білдір. Осығанда шүкіршілік ет» – деді Алтынсары көпке дейін Әну, Әну Алтынқарам менің деп өз- өзіне келе алмай егіле берді. Кімге айтады бұл зарын, қалай жұбатады қосағын? Не істейді енді Жанарыс. Беу, жалған дүние-ай, біздер үшін ыстығынан суығың көп болды-ау.
Аспандағы сансыз көп жұлдыздар біртіндеп сөніп Әнуардың да жарығы көмескі тарта бастағанда, Шолпан жұлдызы туды. Енді табиғат жаратылысы көктегі жұлдыздардың орнына келер таңның арайын әкеледі. «Үйге кірелік Алтыным», – деді Жанарыс әйеліне. Екі мұңлық бірінің қолынан бірі ұстап ішке беттеді.


* * *
Жанарыстың үйі Жаңақала ауданынан қоныс аударғанда әкесі Шайқының кеңесімен салынған үй еді. Үйдің сәні мен салтанаты осындағы ақшалы адамдардың үйінен қораштау болғанымен әкесінің ықыласымен тұрғызылған соң Жанарыс оны айрықша бағалайтын. Оның бер жағында үйдің ауласы кең болатын. Сол кең жерге түрлі жеміс ағаштарын егіп, әртүрлі көкөністер, гүлдер өсіріп Алтынсары екеуі екі-үш жылда көз тойғысыз жасыл-желекке бөлеп алды. Көрген адамға үйдің сымбатынан гөрі бақшалық жердегі жүзім, алма, өрік, алмұрт ағаштары, көкөністер және әсем гүлдер қатты ұнайтын, осындай табиғаты сұлу, көк желектің арасында Әнуар ер жетті. Мектепке барды, оны ел қатарлы бітіріп, жоғарғы оқуға түсті. Анасы Айжамалдың бала- сына арнаған «Ботақаным-боздағымда» баласының қысқаша өмірбаяны оқырманын былайша толғандырады


 





Пікір жазу