18.07.2022
  117


Автор: Дұға оқу

Жүктілік кезіндегі әйелдерге пайда беретін дұға

«Аллаһумма ләкәл хәмду уә ләкәш-шукру»
«Я, Алла, барлық мақтау-мадақ Өзің лайық, бір Өзіңе ғана алғысым шексіз»

Жүктілік кезінде мына аяттар мен дұғаларды оқуға болады: аят әл-Курси, «Ясин» сүресі, «Мәриәм» сүресі, «Мухаммад» сүресі. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың толғағы басталғанда, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған Умму Сәләм мен Зәйнәб бинт Джахшты жіберіп, оларға Аятуль-Курсиді, «А’раф» сүресінің 54-ші аятын және «Фәләқ», «Нәс» сүрелерін оқуды әмір еткен.

«Рабби хәб-ли милләдунка зуррийятан тойибәтән иннәкә сәмиғуд-дуға»
«Раббым! Маған қасыңнан игі ұрпақ бер. Шәксіз Сен тілекті естушісің!»(Зәкария пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасы, «Әли Имран» сүресі, 38).

«Раббәнә уәжғалнә муслимәйни ләкә уа мин зуррийятинә уммәтән м-муслимәтәл-ләкә уа әринә мәнәсикәнә уа туб ғаләйнә иннәкә әнтәт тәууәбур-рахим»
Раббымыз, екеумізді де Өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да Өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла гөр.





Пікір жазу