17.07.2022
  356


Құтты болсын

Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын. Тезірек ер жетіп, сендердің қолқанаттарыңа айналсын. Артынан іні - қарындастарын ерте берсін! Ендеше осы кішкентай өмірдің жалғасы және оны дүниеге келтірген ата - анасы үшін!


Ұлы ғұламалар «әрбір адам дүниеге келгенде аспанда жаңа бір жұлдыз жанады» деп айтқан екен.


Міне, дәл қазір түнгі аспанға нұрын шашып тұратын жұлдыздардың саны біреуге көбейді. Жарық дүние есігін жаңа ашқан мынау періштеміз де сол жұлдыздай жарқырап ортамызға қуаныш алып келді.


Өмірге келген сәбиімізге Алла тағалам мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір берсін. Аман - есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!


Тілерім енді менің жалғызыма,


Сәлем бермей өсірген хан қызына.


Немеремді иіскеп кетсем, шіркін,


Арманым жоқ дүние базарында.





Пікір жазу