17.07.2022
  802


Шілдеханаға тілек

Құтты болсын бесігің
Артық болып несібің.
Дастарханың жайылып,
Ашық болып есігің,
Өре берсін балалар.
Дұшпандарың болмасын,
Күншілдікпен табалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан ұл тапқын.
Жарқыраған Шолпандай,
Қыз артынан қыз тапқын.
Құтты болсын бүгінгі,
Шілдехана тойларың.
Тілектерін қабыл боп,
Орындалсын ойларың.





Пікір жазу