17.07.2022
  100


Автор: Түс жору

Жұмақ: жұмақты көріп, бірақ ол жерге кірмеген адамның түсі—ол адам үшін жақсылықты білдіреді. Жұмаққа кіргісі келген адамды кіргізбесе—оның қалауы болмайды. Жұмақтың есіктерінің барлығы жабық болса—ата-анасына қарсы екендігін білдіреді, ал қалаған есігіне кірсе—ата-анасы одан разы болғанын білдіреді. Өзінің жұмаққа кіргенін көрген адам екі дүниеде де сенімділік пен қуанышқа бөленеді. Жұмақтың жемісін жесе—жеген жемісіндей рызыққа ие болады. Жұмақтан су, шарап, сүт ішсе—білім мен байлыққа жетеді. Жұмақтың жемісінен алып, біреуге бергенін көрсе—ол адам амал етпеген білімін біреуге үйрететінін білдіреді. Ауру адам жұмаққа кірсе— ауруынан жазылады. Жұмақтан қуылса—кедейлікке ұшырайды.





Пікір жазу