17.07.2022
1226
Жолбарыс—залым немесе дұшпан бір кісінің белгісі. Түсінде жолбарысты өлтіргенін көру—дұшпанын жеңетіндігін, оның шарасыз қалатындығын білдіреді. Жолбарыс етін жегенін көру—молшылық, берекеге тап болады. Жолбарысқа мінгендігін көру—қызметінің, абыройының өсетіндігін білдіреді. Жолбарыстың тістегенін көру—тістеген жерінің мөлшеріндей жаманшылықтың келетіндігін білдіреді. Жолбарыс—қу, айлакер адамның белгісі. Түсінде жолбарыс көрген кісі—күнәлардан тәубе етеді.