17.07.2022
  128


Автор: Түс жору

Жалаңаш жүру: түс жорушы Кирманидың айтуына қарағанда: «Түсінде бір жұмыс үшін шешінгенін көрсе және ол жұмыс дінге байланысты болса— дүниелік пайда көретінін, бірақ ақыреттен нәсібі болмайтынын білдіреді»—дейді. Базарда немесе бір топ адамның ішінде жалаңаш жүргенін және оған адамдардың қарап қалғанын көрсе—сақтап жүрген құпиясы жария болады. Мешітте шешінгенін көрсе—күнәларынан арылады. Бір риуаятта: «Түсінде өзін жалаңаш көрсе—діни жауапкершілігін орындау үшін қайрат көрсететінін білдіреді» делінеді. Жалаңаш жүріп жыныстық мүшесін бір нәрсемен жауып жүргенін көрсе—байлығынан айрылатынын, бірақ өзіне жетерліктей қалатынын білдіреді. Жалаңаш бола тұра өзіне ешкімнің мән бермегенін көрсе—ауру болса, ауруынан жазылады; қарызы болса, қарызынан құтылады деп жорылады.





Пікір жазу