17.07.2022
  20216


Автор: Түс жору

Ет: түсінде ет көру—егер піскен болса, мал-мүліктің белгісі. Шикі ет—аурудың, қиыншылықтың белгісі. Түсінде бір адамның етін жегенін көру—сол адамды ғайбаттағанын білдіреді. Өз етін жегенін көру—тапқан табысын пайдаланатынын білдіреді. Доңыздың еті— арам малдың белгісі. Сиырдың еті—қиыншылықты білдіреді. Бураның етінің піскенін жеу—бір адамның малын жеп ауырып, кейіннен құтылып кетеді. Түсінде өз үйінде сойылған қойдың етін көрген адам— танымайтын бір адаммен кездеседі. Түсінде майлы қойдың етін көру—мирастың белгісі. Кімде-кім түсінде шикі ет жегенін көрсе—бұл түс жақсылықтың нышаны. Түсінде шикі етті көре тұра жемеу—жақсы емес. Кімдекім түсінде піскен ет жегенін көрсе—ол адамның малы артады. Егер піскен етті қария кісімен бірге отырып жесе—ол адамның беделі артады. Ет—науқастықтан жазылып, қайғы-мұңнан арылуды білдіреді. Құстың еті—сапарға шығып, табысқа кенелуді білдіреді. Кейде түсінде құстың етін жеу—жұмақты және адамды жұмаққа кіргізетін салих амалды білдіреді. Балық еті—оңай жолмен табылған рызықтың белгісі. Кейде балық еті—теңізден алатын пайданы білдіреді. Кімдекім түсінде өз етінің көбейіп артқанын көрсе—ол адамның жағдайы жақсарады. Егер ол адам ауру болса, жазылады. Егер өз етінің азайғанын көрсе—ол адамның жұмысы тұрақтайды.





Комментарии

Ербол
Ербол 07.05.2023 15:58
Түсімде адамның етін жесе не болар екен .қызық жағдай

Пікір жазу