16.07.2022
  163


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

ЕКЕУ ЕДІ ҚАЙЫНЫҢ

Екеу еді қайының,
Ерасыл атаң тірі еді.
Шуақбай атаң о да өтті,
Көкайыл ердің бірі еді.
Жау келгенде қаймықпай,
Қарсы алдында тұр еді.
Орақтыға сыйынып,
Дос бермей жауға жүр еді.
Асып туған ардагер,
Елінің тіккен туы еді.
Сүлейман патша о да өтті,
...Төрт түлікке малынып,
Дəулетке қанша тойса да,
Өлмейді адам жарылып,
Аспанға ұшты атпенен,
Бір бала үшін зарығып,
Құдай бермей бір бала,
Өтті өмірі тарығып.
Бір құдай ердің панасы-ай,
Жақсы аттан жығылса,
Жаманның қанар табасы-ай!
Жақсы менен жаманның
Жер мен көктей арасы-ай!
Береке тұрар бірлікте,
Ауыздың жаман аласы-ай!
Елдің бəрін жек көрер,
Жаман болса санасы-ай.
Өмірəлі құдамыз,
Мəулімбайдың баласы-ай.
Бірге жүріп, бірге өскен,
Жақын еді арасы-ай.
Күшіктен шыққан Мəулімбай,
Өлеңге дарын данасы-ай.
Ысқақтан біз де айырылдық,
Бітпейді іштің жарасы-ай.
Дүниенің білдім жалғанын,
Таусылмас ойда арманың.
Көтермеске ылаж жоқ,
Алланың өзі салғанын!





Пікір жазу