16.07.2022
126
СЕНІМ ЖОҚ БҰЛ ЗАМАННЫҢ АДАМЫНА
Мырзада Қабан өткен – Қабылиса,
Атақты ақын болған санақтағы.
Белгілі Аңдастағы Қарынбай би,
Аузына Жалайырды қаратқаны.
Күшіктен шыққан екен Жолбарыс би,
Танбаған айтқан сөзден шəрəттағы.
Өтіпті Дарабоздай бəйбіше де
Айырған талай жанды азаптағы.
Қазіргі ел жақсысы парақор боп,
Халқына аузын ашып жалақтады.
Сенім жоқ бұл заманның адамына,
Лайықтап адам туар заманына.
Қолдан келсе, ниеті бірін-бірі
Басып-жаншу талқандап табанына.