meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  16.07.2022
  156


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

МƏЙКЕ ТУРАЛЫ

Əр іске Мəйке батыл ғой,
Атағы мұның жатыр ғой.
Ғалименен алысқан,
Жəнəбілдей батыр ғой.
Торғайдан бұлбұл тумаған,
Есектен дүлдүл тумаған.
Бақтыбаймен айтысқан
Мəйке сұлу ақын ғой.
Алып туар енеден,
Ат туады биеден,
Сұрағаның дұрыс қой,
Сынағаның мақұл ғой,
Сіз деген сөзден, Меңлібай,
Сен деген сөзім жақын ғой.
Ежелден сенің ақынға,
Құрдастығың батыл ғой.





Пікір жазу